Қазақстан Республикасы азаматтарының жеке меншігінде болуы мүмкін жер телімдерінің Қарағанды облысы бойынша шекті (барынша) мөлшерлерін белгілеу туралы

Жаңа

Қарағанды облысының әкімиятының 2004 жылғы 29 қазандағы N 21/02 қаулысы және Қарағанды облыстық мәслихаттың X сессиясының 2004 жылғы 11 желтоқсандағы N 152 шешімі. Қарағанды облысының әділет Департаментінде 2005 жылғы 7 қаңтарда N 1679 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы N 442-ІІ  Жер кодексінің  50-бабының 3-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" N 148 Заңының  27-бабының  8-тармағына,  6-бабының  13-тармағына сәйкес, облыс Әкімияты және облыстық Мәслихат ШЕШТІ:

      1. Қазақстан Республикасы азаматтарының жеке меншігінде болуы мүмкін жер телімдерінің Қарағанды облысы бойынша шекті (барынша) мөлшерлері туралы қосымшаға сәйкес ұсынылған ұсыныстар бекітілсін.

      2. Осы бірлескен қаулысының және шешімінің орындалуын бақылау облыстық Мәслихаттың өнеркәсіп, құрылыс, көлік, коммуналдық шаруашылық, аграрлық мәселелер және экология жөніндегі тұрақты комиссиясына (Н.Е. Усатов) және облыс әкімінің орынбасары Ж.С. Таласпековке жүктелсін.

      Қарағанды облысы Әкімінің м.а.
 
      Сессия төрағасы
      Облыстық Мәслихаттың хатшысы

Бірлескен
облыстық Әкімиятының
2004 жылғы 29 қазандағы
N 21/02 Қаулысына және
облыстық Мәслихаттың Х сессиясының
2004 жылғы 11 желтоқсандағы
N 152 Шешіміне
Қосымша

  Қазақстан Республикасы азаматтарының жеке меншігінде болуы мүмкін жер телімдерінің Қарағанды облысы бойынша ШЕКТІ (барынша)
мөлшерлері

Аудандар мен қалалардың атаулары

Жер телімдерінің шекті (барынша) мөлшерлері (гектар өлшемімен)

Соның ішінде:

жеке қосалқы шаруашылықты жүргізу үшін

жеке тұрғын үй құрылысы үшін

бау-бақша, сондай-ақ саяжай құрылысы үшін

Абай

1.50

0.20

0.50

Ақтоғай

0.30

0.12

0.15

Бұқар жырау

0.50

0.25

0.15

Жаңаарқа

0.30

0.12

0.15

Қарқаралы

0.30

0.20

0.18

Нұра

0.35

0.15

0.20

Осакаров

1.00

0.20

0.20

Ұлытау

0.25

0.20

0.15

Шет

0.50

0.40

0.30

Балқаш қаласы

0.40

0.20

0.30

Жезқазған қаласы

0.25

0.15

0.20

Қарағанды қаласы

-

0.16

0.20

Қаражал қаласы

0.25

0.10

0.12

Приозерск қаласы

0.25

0.10

0.12

Сәтпаев қаласы

0.25

0.10

0.12

Саран қаласы

0.50

0.24

0.24

Теміртау қаласы

-

0.15

0.15

Шахтинск қаласы

0.20

0.20

0.15

 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады