Суармалы жерлердегі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің ең аз мөлшерін белгілеу туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Талдықорған қалалық мәслихатының 2008 жылғы 22 ақпандағы N 40 шешімі және Талдықорған қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 18 ақпандағы N 5-206 қаулысы. Алматы облысының Әділет департаменті Талдықорған қаласының әділет басқармасында 2008 жылы 28 наурызда N 2-1-72 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Талдықорған қалалық мәслихатының 2009 жылғы 10 желтоқсандағы N 160 шешімімен және Талдықорған қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 10 желтоқсандағы N 30-956 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Талдықорған қалалық мәслихатының 2009.12.10 N 160 Шешімімен және Талдықорған қаласы әкімдігінің 2009.12.10 N 30-956 Қаулысымен

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      "Қазақстан Республикасының Жер кодексінің" 50-бабы 5-тармағына және Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармақтың13)-тармақшасына, 31-бабы 1-тармақтың 10)-тармақшасына сәйкес Талдықорған қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ және Талдықорған қаласы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
       1. Суармалы жерлердегі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің ең аз мөлшері 1, 2 гектар болып белгіленсін.
       2. Бірлескен шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың "Әлеуметтік қорғау, заңдылықты сақтау, азаматтардың құқықтарын және қоршаған ортаны қорғау мәселесі жөніндегі" тұрақты комиссиясының төрағасы С.М. Жансеңгіровке және қала әкімінің бірінші орынбасары Т.Қ. Қайнарбековке жүктелсін.
       3. Осы бірлескен шешім және қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен сон қолданысқа енгізіледі.

      Қалалық мәслихаттың
      хатшысы                                    М.Д. Бопазов

      Қала әкімі                                 С. Жылқайдаров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады