Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің жеке меншікте болуы мүмкін ең аз мөлшерін бекіту туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Ұйғыр аудандық мәслихатының 2008 жылғы 6 ақпандағы N 6-3 шешімі және Ұйғыр ауданының әкімдігінің 2008 жылғы 6 ақпандағы N 2-5 шешімі. Алматы облысының Әділет департаменті Ұйғыр ауданының Әділет басқармасында 2008 жылдың 13 наурызында N 2-19-54 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Ұйғыр аудандық мәслихатының 2011 жылғы 21 желтоқсандағы N 55-7 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Ұйғыр аудандық мәслихатының 2011.12.21 N 55-7 Шешімімен

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 50 бабының 5 тармағына сәйкес аудан мәслихаты мен аудан әкімдігі БІРЛЕСКЕН ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
       1. Ұйғыр ауданы бойынша ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің жеке меншікте болу ең аз мөлшері ауданымыздағы бір жан басына берілу нормасына сәйкес, барлығы 5 гектар жер, оның ішінде: суармалы егістік жері 0,5 гектар, шабындық жер 0,2 гектар, жайылымдық жер 4,3 гектар болып белгіленсін.
       2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ш.Нурахуновқа жүктелсін.
       3. Осы бірлесіп қабылдаған шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы                       Х. Имиров

      Аудандық мәслихаттың
      хатшысы                                    М. Нуров

      Ұйғыр ауданының әкімі                      К. Омаров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады