Маңғыстау ауданының Шайыр селосына қарасты жер бөлігінен Тасмұрын елді мекенінің аумақтық шекарасын белгілеу туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облысы Маңғыстау аудандық мәслихатының 2008 жылғы 19 желтоқсандағы N 10/125 шешімі мен Маңғыстау ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 12 желтоқсандағы N 242 қаулысы. Маңғыстау облысының Әділет департаменті Маңғыстау ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 15 қаңтарда нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 11-5-66 болып енгізілді. Күші жойылды-Маңғыстау облысы Маңғыстау аудандық мәслихатының 2016 жылғы 21 қазандағы N 5/53 шешімі мен Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 21 қазандағы N 350 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Маңғыстау аудандық мәслихатының 21.10.2016 № 5/53 шешімі мен Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 21 қазандағы N 350 қаулысымен (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 108-бабына және "Қазақстан Республикасының әкімшілік - аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ және аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ:
      1. Мемлекеттік жер - ғылыми өндірістік орталығы Маңғыстау еншілес кәсіпорнының жобасына сәйкес Маңғыстау ауданының Шайыр селосына қарасты жер бөлігінен Тасмұрын елді мекенінің аумақтық шекарасы 6766,2 гектар (жайылысы - 6756,2 гектар) болып белгіленсін.
      2. Жалғанған қосымшаға сәйкес Маңғыстау ауданының Шайыр селосына қарасты жер бөлігінен Тасмұрын елді мекенінің аумақтық шекарасының сызбасы бекітілсін.
      3. Осы бірлескен шешім және қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Ж.Албытов
      Сессия төрағасы С.Қапашұлы
      Аудандық мәслихат хатшысы Ж.Жапақов

      КЕЛІСІЛДІ:
      Қалиев Есет Өтемісұлы
      Аудандық жер қатынастары
      бөлімі бастығының м.а.
      19 желтоқсан 2008 ж

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады