Жібек жолы ауылдық округінің Дихан баба, Қожахан, Құркелес ауылдық округінің Береке, Қызыл Қазақстан, Ақ үй, Дархан, Жаңа талап, Еңкес, Алпамыс батыр ауылдық округінің Қауыншы ауылдарының шектеріне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Бірлескен Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш аудандық мәслихатының 2008 жылғы 30 маусымдағы N 9-8-68 шешімі және Сарыағаш ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 30 маусымдағы N 603 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданының Әділет басқармасында 2008 жылғы 11 шілдеде N 14-11-87 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6, 31 баптарына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 12 бабының 3 тармағына, Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 107, 108 баптарына сәйкес Жібек жолы, Құркелес, Алпамыс батыр ауылдық округтері әкімдерінің ұсыныстары негізінде аудандық мәслихаты ШЕШТІ және Сарыағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ:
      1. Жібек жолы ауылдық округіндегі ауданның арнайы жер қорынан 5,30 га жер учаскесі Дихан баба ауылының шегіне, 3,0 га жер учаскесі Қожахан ауылының шегіне енгізіліп, аталған ауылдардың шектері өзгертілсін.
      2. Құркелес ауылдық округіндегі ауданның арнайы жер қорынан 28,0 га жер учаскесі Береке ауылының шегіне, 20,0 га жер учаскесі Қызыл Қазақстан ауылының шегіне, 27 га жер учаскесі Ақ үй ауылының шегіне, 3,0 га жер учаскесі Дархан ауылының шегіне, 3,0 га жер учаскесі Жаңа талап ауылының шегіне, 7,0 га жер учаскесі Еңкес ауылының шегіне енгізіліп, аталған ауылдардың шектері өзгертілсін.
      3. Алпамыс батыр ауылдық округіндегі ауданның арнайы жер қорынан 11,8 га жер учаскесі Қауыншы ауылының шегіне енгізіліп, аталған ауылдың шегі өзгертілсін.
      4. Осы бірлескен шешім және қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы     А. Жүзенов
      Аудан әкімі                                Ұ. Сәдібеков
      Аудандық мәслихат хатшысы                  Б. Қаипов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады