Елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру және атауын қайта өзгерту, жер учаскелеріне, ғимараттарға және құрылыстарға реттік нөмірлерін беру ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы әкімдігінің 2009 жылғы 25 қыркүйектегі № 304 қаулысы. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2009 жылғы 06 қарашада Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 1730 болып енгізілді. Күші жойылды - Жамбыл облысы әкімдігінің 2014 жылғы 30 қаңтардағы № 2 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы әкімдігінің 30.01.2014 № 2 қаулысымен.

       «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27 бабының 21-3) тармақшасына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған елдi мекендердiң құрамдас бөлiктерiне атау беру және атауын қайта өзгерту, жер учаскелерiне, ғимараттарға және құрылыстарға реттiк нөмiрлерiн беру ережесі бекiтілсін.
      2. «Елді мекеннің құрамдас бөліктеріне атау беру және атауын қайта өзгерту тәртібін жүргізу жөніндегі ережелерді, жер учаскелеріне, ғимараттарға және құрылыстарға реттік нөмірлерін беру талаптарын бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімиятының 2007 жылғы 30 мамырдағы № 123 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1662 болып тіркелген, 2007 жылдың 4 тамызында № 127 «Ақ жол» және 2007 жылдың 4 тамызында № 88 «Знамя труда» облыстық газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Ермек Өмірбайұлы Үсенбаевқа жүктелсін.
      
      Облыс әкімі                                Б. Жексембин

Жамбыл облысы әкімдігінің
2009 жылғы 25 қыркүйектегі
№ 304 қаулысымен бекітілген

Елдi мекендердiң құрамдас бөлiктерiне атау беру және атауын қайта өзгерту, жер учаскелерiне, ғимараттарға және құрылыстарға реттiк нөмiрлерiн беру ережесі

      Осы Елдi мекендердiң құрамдас бөлiктерiне атау беру және атауын қайта өзгерту, жер учаскелерiне, ғимараттарға және құрылыстарға реттiк нөмiрлерiн беру ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27 бабының 21-3) тармақшасына сәйкес әзірленген және елдi мекендердiң құрамдас бөлiктерiне атау беру және атауын қайта өзгерту, жер учаскелерiне, ғимараттарға және үйлерге (құрылыстарға) реттiк нөмiрлерiн беру тәртiбiн белгiлейдi.

1-бөлім. Осы Ережеде пайдаланылатын түсініктер

      1. Осы Ережеде мынадай түсініктер пайдаланылады:
      ғимарат - табиғи немесе жасанды кеңiстiк шекаралары бар және өндiрiстiк процестердi орындауға, материалдық құндылықтарды орналастыруға және сақтауға немесе адамдарды, жүктердi уақытша орналастыруға (орын ауыстыруға), сондай-ақ жабдықтарды немесе коммуникацияларды орналастыруға (төсеуге, жүргiзуге) арналған жасанды жасалған ауқымды, тегiстiктi немесе желiлiк объект (жер үстi, су бетi және (немесе) жер асты, су асты). Ғимарат көркемдiк-эстетикалық, әшекей-қолданбалы не мемориалдық мақсатта да болуы мүмкiн;
      жер учаскесі - «Қазақстан Республикасының Жер кодексі» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Кодексінде белгіленген тәртіппен жер қатынастары субъектілеріне бекітіліп берілетін, тұйық шекара ішінде бөлінген жер бөлігі;
      қала (басқа елдi мекеннiң) бөлiгi – қаладағы (басқа елдi мекендегі) аудандар, алаңдар, даңғылдар, бульварлар, көшелер, орамдар, парктер, скверлер, көпiрлер және қаланың (басқа елдi мекеннiң) басқа да құрамдас бөлiктерi;
      объектінің реттік нөмірі - әріп және (немесе) бөлшек арқылы қосымша тұтас цифрлар қосылуы мүмкін дәйекті цифрлар тізбегінен тұратын объект мекен-жайының құрылымдық элементі;
      үй - адамдардың тұруына немесе iшiнде болуына, өндiрiстiк процестердi орындауға, сондай-ақ материалдық құндылықтарды орналастыруға және сақтауға пайдаланылатын функционалдық мақсатына қарай, мiндеттi түрде жер бетiне салынып, тұйық көлемдi құрайтын, тiреу және қоршау конструкцияларынан тұратын жасанды құрылғы. Yйдiң жер асты бөлiгi болуы мүмкiн.

2-бөлім. Елдi мекендердiң құрамдас бөлiктерiне атау беру және атауын қайта өзгерту тәртібі

      2. Елдi мекендердiң құрамдас бөліктерінің атаулары оларды бөліп көрсетуге және кеңістікте тануды қамтамасыз ету үшін беріледі.
      3. Елдi мекендердiң құрамдас бөлiктерiне атау беру және атауын қайта өзгерту мәселелері «Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңына және Қазақстан Республикасының қолданыстағы басқа да заңнамасына сәйкес шешіледi.
      4. Даңғылдардың (көшелердің, қысқа көшелердің, өту жолдардың) отыз градустан артық бұрылған жағдайларды қоспағанда, елді мекендердің бір бөлігіне бірнеше атау беруге жол берілмейді. Мұндай жағдайларда елді мекендердің бөлігіне бұрылыс орынынан бастап жеке атау беруге жол беріледі.
      5. Қала құрылысы элементі (даңғыл, көше) табиғи бөгеулермен (өзендер, жырақтар) қиылысқан жағдайда қалыптасқан учаскеге жеке атау беруге жол беріледі.

3-бөлім. Елдi мекеннiң жер учаскелерiне, ғимараттарына және үйлеріне (құрылыстарға) реттiк нөмiрлерiн беру талаптары

      6. Елдi мекеннiң жер учаскелерiне, ғимараттарына және үйлеріне (құрылыстарына) реттiк нөмiрлер елдi мекендердiң аумақтарындағы жер учаскелердiң, ғимараттардың, үйлердің (құрылыстардың) және басқа да объектілердің орналасуын (орналасқан жерін) анықтаудың бірыңғай жүйесін қалыптастыру үшін беріледі.
      7. Елдi мекендердiң аумағында орналасқан әрбір жер учаскелерінің, ғимараттар мен үйлердің (құрылыстардың) өздерінің бірегей мекен-жайы болады.
      8. Осы Ережеге сәйкес реттік нөмір берілетін жылжымайтын мүлік объектілері:
      жер учаскелері (игерілген және құрылыс салынған);
      ғимараттар;
      үйлер (құрылыстар) болып табылады.
      9. Жер учаскелерінің, ғимараттардың, үйлердің (құрылыстардың) реттік нөмірлері қандай да бір құрылымдық бөлшекке (көшеге, шағын ауданға және тағы басқаға) тиістілігі белгісінің негізінде беріледі, және әріп және (немесе) бөлшек арқылы қосымша тұтас цифрлар қосылуы мүмкін дәйекті цифрлардан тұрады.
      10. Егер бір жер учаскесінде екі және одан да көп бірдей сәулеттік үйлесімі бар немесе бір сәулеттік-құрылыстық кешеннің бөлігі болып табылатын ғимараттар, үйлер (құрылыстар) орналасқан болса ғимараттардың, үйлердің (құрылыстардың) реттік нөмірлеріне әріптер қосылады.
      11. Егер ғимарат, үй (құрылыс) орамның ішінде орналасып, ғимараттың, үйдің (құрылыстың) бірде бір қасбеті қалалық магистральға шықпаса, онда ғимараттың, үйдің (құрылыстың) реттік нөміріне бөлшек белгісі арқылы қосымша тұтас цифрлар қосылады. Бұл жағдайда негізгі реттік нөмір болып нөмірлеуге жататын ғимаратқа, үйге (құрылысқа) жақын ғимараттың, үйдің (құрылыстың) реттік нөмірі алынады.
      12. Жер учаскесінің, ғимараттың, үйдің (құрылыстың) реттік нөмірі алдын ала келісу бойынша жобалауға, не болмаса құрылыс салуға жер учаскесін бөлу туралы рұқсат беру құжаттамасын әзірлеу сатысында белгіленеді.
      13. Жер учаскесінің, ғимараттың, үйдің (құрылыстың) реттік нөмірі жекелеген объектілерді бұзу нәтижесінде елді мекеннің бір бөлігі объектілерінің нөмірленуі оннан артық бірлікке бөлінген (жоғалған) жағдайда өзгертілуі мүмкін.
      14. Оңтүстіктен солтүстікке қарай құрылыстың үздіксіз үрдісін құрайтын және магистральдарда орналасқан ғимараттарға, үйлерге (құрылыстарға) реттік нөмір беру және нөмірлеу көшенің сол жағы бойынша тақ сандармен және оң жағы бойынша жұп сандармен оңтүстіктен солтүстікке қарай жүргізіледі.
      15. Батыстан шығысқа қарай құрылыстың үздіксіз үрдісін құрайтын және магистральдарда орналасқан ғимараттарға, үйлерге (құрылыстарға) реттік нөмір беру және нөмірлеу көшенің сол жағы бойынша тақ сандармен және оң жағы бойынша жұп сандармен батыстан шығысқа қарай жүргізіледі.
      16. Әртүрлі санаттағы көшелердің қиылысында орналасқан ғимараттарға, үйлерге (құрылыстарға) магистральды көшелердің сыныптамасына сәйкес жоғары санаттағы көше бойынша реттік нөмір беріледі.
      17. Санаттары тең көшелердің қиылысында орналасқан ғимараттарға, үйлерге (құрылыстарға) ғимараттың, үйдің (құрылыстың) бас қасбеті шығатын көше бойынша реттік нөмір беріледі. Егер бұрышқа бір ғимараттың, үйдің (құрылыстың) екі қасбеті шығатын болса реттік нөмір елді мекеннің орталығына бағытталған көше бойынша беріледі.
      18. Осы Ереженің 14, 15-тармақтарын орындау мүмкін болмайтындай елді мекендердің аумақтарында жаңа құрылыс салу табиғи қалыптасқан жағдайда, осы аумақтарда ғимараттарға, үйлерге (құрылыстарға) реттік нөмірлерді беру керісінше тәртіпте, яғни, солтүстіктен оңтүстікке не болмаса шығыстан батысқа қарай, көшенің оң жағы бойынша тақ және сол жағы бойынша жұп цифрлармен нөмірлеуге жол беріледі.
      19. Жер учаскесінің аумағында ғимараттар, үйлер (құрылыстар) осы аумақта орналасқан, нөмірленуі соған қарасты жүзеге асырылатын негізгі ғимарат, үй (құрылыс) анықталады. Негізгі ғимараттың, үйдің (құрылыстың) реттік нөмірі көшелердің белгіленген сыныптамасын ескере отырып анықталады.
      20. Жер учаскесінің аумағында орналасқан өзге де ғимараттарға, үйлерге (құрылыстарға) негізгі үйдің нөмірі беріледі.
      21. Ғимараттарды, үйлерді (құрылыстарды) нөмірлеу бас ғимараттың, үйдің (құрылыстың) орналасуын ескеріп, жер учаскесінің аумағына бас кіреберісінен басталады.
      22. Тізбектегі нөмірмен нөмірленген екі ғимараттың, үйдің (құрылыстың) арасында орналасқан ғимараттарды, үйлерді (құрылыстарды) нөмірлеу осы Ережеге сәйкес оған әріп немесе бөлшек қосып тиісті объектінің кіші нөмірін қолдана отырып жүргізіледі.
      23. Дербес объектілердің (ғимараттар, үйлер) белгілері бар жапсаржай және қосып салынған объектілерге ғимараттың, үйдің (құрылыстың) негізгі нөміріне қосымша бөлшек арқылы тұтас сан қосып дербес реттік нөмір беріледі.
      24. Игерілген, бірақ нөмірленбеген жер учаскелеріне аталған жер учаскесінің шегінде салынған ғимараттың, үйдің (құрылыстың) нөмірі беріледі.
      25. Бір жер учаскесінің аумағы шегінде бірнеше ғимараттар, үйлер (құрылыстар) басқа да объектілер орналасқан жағдайда жер учаскесіне негізгі ғимараттың, үйдің (құрылыстың) нөмірі беріледі.
      26. Игерілмеген жер учаскесіне осы Ережеге сәйкес жай реттік нөмірі беріледі, бұл жағдайда мына талаптарды сақтау қажет: әрбір жер учаскесінің өзінің бірегей реттік нөмірі болуы кажет және жер учаскелеріне реттік нөмір жер учаскелерінің осы немесе басқа қала құрылысы бірлігіне (көше, даңғыл, алаңдар және тағы да басқалар) тиістілігі (іргелес) белгісінің негізінде беріледі.
      27. Нөмірленген игерілмеген жер учаскесінің аумағында жаңа ғимарат, үй (құрылыс) салған кезде тұрғызылатын объектіге нөмірлеудің жалпы тәртібі сақталған жағдайда аталған жер учаскесінің шартты реттік нөмірі беріледі, не болмаса осы Ереженің талаптарын сақтай отырып, жеке жаңа нөмір беріледі.
      28. Мемлекеттік қажеттіліктер үшін жер учаскелерінің алынуына байланысты жүргізілетін қарқынды бұзу аумақтарында жобаланып жатқан ғимараттар мен үйлер (құрылыстар) үшін реттік нөмірлерді резервте сақтауға жол беріледі.

4-бөлім. Қорытынды ережелер

      29. Осы Ережеде қамтылмаған қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады