Бейнеу және Сарға селоларының шекараларын өзгерту туралы

Күшін жойған

Бейнеу ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 26 қаңтардағы № 12 қаулысы және Бейнеу аудандық мәслихатының 2009 жылғы 26 қаңтардағы № 14-95 шешімі. Бейнеу ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 12 ақпанда № 11-3-71 тіркелді. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 17 мамырдағы № 93 қаулысы және Маңғыстау облысы Бейнеу аудандық мәслихатының 2017 жылғы 15 мамырдағы № 13/106 шешімімен

      Күші жойылды - Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы әкімдігінің 17.05.2017 № 93 қаулысымен және Маңғыстау облысы Бейнеу аудандық мәслихатының 15.05.2017 № 13/106 шешімімен (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Елді мекендер орналасқан жер учаскелерін тиімді пайдалану мақсатында, Бейнеу аудандық мәслихатының және Бейнеу аудандық әкімдігі 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 108 бабының 5-тармағын, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік - аумақтық құрылысы туралы" заңының 12 бабының 3) тармақшасын басшылыққа алып, аудандық мәслихат ШЕШЕДІ және аудандық әкімдік ҚАУЛЫ ЕТТІ:

      1. Сызбаға сәйкес Сарға селосының шекарасынан аумағы 4672 га жер учаскесі қысқартылып, осы жер учаскесі Бейнеу селосының шекарасына қосыла отырып өзгертілсін.

      2. "Бейнеу аудандық жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (А. Майлан) осы бірлескен қаулы және шешімнен туындайтын шаралар алу тапсырылсын.

      3. Осы бірлескен шешім мен қаулы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Б. Әзірханов
      Сессия төрағасы С. Хибасов
      Мәслихат хатшысы Р. Шалбаев

  Аудандық мәслихаттың және аудандық әкімдіктің
2009 жылғы 26 қаңтардағы Бірлескен
№ 14/95 шешіміне және № 12 қаулысына
қосымша

      Ескерту: Қосымшаны қағаз нұсқасынан қараңыз.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады