Жетібай және Мұнайшы ауылдары бойынша жер учаскелері құнының базалық мөлшерлемелеріне түзету коэффициенттері бағалық аймақтарға бөлу жобасы (схемасы) туралы

Жаңартылған

Қарақия аудандық мәслихатының 2009 жылғы 6 ақпандағы N 13/110 шешімі. Қарақия ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 27 ақпанда N 11-4-73 тіркелді

      Ескерту. Тақырыпта және бүкіл мәтін бойынша «ставкаларына», «ставкасына» деген сөздер «мөлшерлемелеріне», «мөлшерлемесіне» деген сөздермен ауыстырылды - Маңғыстау облысы Қарақия аудандық мәслихатының 28.10.2015 № 29/298 шешімімен(жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).


       Ескерту. Тақырыптағы және бүкіл мәтін бойынша:
      "кентін", "кенті", "кенттері" деген сөздер "ауылын", "ауылы", "ауылдары" деген сөздермен ауыстырылды - Маңғыстау облысы Қарақия аудандық мәслихатының 26.08.2009 № 12/129 шешімімен

      Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 811-баптарына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Жетібай (1, 2 қосымшалар және Мұнайшы (3, 4 қосымшалар) ауылдары бойынша жер учаскелері құнының базалық мөлшерлемелеріне түзету коэффициенттері және бағалық аймақтарға бөлу жобалары (схемалары) бекітілсін.
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.



      Сессия төрағасы                    Аудандық мәслихаттың хатшысы
      С. Өтемұратов                      А. Мееров
 
 

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Аудандық жер қатыныстары
      бөлімінің бастығы
      Ж. Құтышев
      06 ақпан 2009 жыл

Аудандық мәслихаттың 06.02.2009 жылғы
N 13/110 шешіміне 1–қосымша

Жетібай ауылы бойынша жер учаскелері құнының базалық мөлшерлемесіне түзету коэффициенттері және бағалық аймақтарға бөлу шекаралары

Аймақтар N

Аймаққа кіретін әкімшілік құрылымдар

Коэффициент

1

Өндірістік аймақ

2,0

2

Резервтегі аймақ

1,4

3

Қоғамдық-іскерлік және тұрғын аймақ, жобадағы құрылыс

1,0

Аймақтардың сипаты

1-ші аймақ - өндірістік жерлер, өнеркәсіп жерлері («Жетібай» кен орны, әктас-ұлутас өндіру бойынша карьерлер, екі жағынан ені 200 метрден темір жол және автокөлік жолдарын бойлай белдеулер).
2-ші аймақ – резервтегі аймақ..
3-ші аймақ – селитебтік, жеке тұрғын құрылыстары кіреді. Бұл аймақта негізгі әкімшілік ғимараттары, орта білім беретін мектептер, спорт мектебі, мәдениет үйі, байланыс үйі, кітапхана, емхана, аурухана қалашығы, мешіт, базар, қонақ үй, дүкендер, кафе, мейрамханалар орналасқан, жаңадан игеріліп жатқан жеке тұрғын құрылыс аймақтары.

Аудандық мәслихаттың 06.02.2009 жылғы
N 13/110 шешіміне 2–қосымша

Ескерту: 2 қосымша қағаз нұсқада берілген.

Аудандық мәслихаттың 06.02.2009 жылғы
N 13/ 110 шешіміне 3-қосымша

Мұнайшы ауылы бойынша жер учаскелері құнының базалық мөлшерлемесіне түзету коэффициенттері және бағалық аймақтарға бөлу шекаралары

Аймақтар N

Аймаққа кіретін әкімшілік құрылымдар

Коэффициент

1

Өндірістік аймақ

2,0

2

Резервтегі аймақ

1,6

3
 

Қоғамдық-іскерлік және тұрғын аймақ (соның ішінде «Жетібай» станциясы)

1,0

Аймақтардың сипаты

1-ші аймақ өндірістік жерлер, өнеркәсіп жерлері («Оңтүстік Жетібай», «Придорожное» кен орны, әктас-ұлутас өндіру бойынша карьерлер, сол жағынан ені 1000 метр темір жолды бойлай белдеулер).
2-ші аймақ резервтегі аймақ.
3-ші аймақ селитебтік, жеке тұрғын құрылыстары кіреді, соның ішінде «Жетібай» станциясы. Бұл аймақта негізгі әкімшілік ғимараттары, орта білім беретін мектептер, мәдениет үйі, байланыс үйі, емхана, базар, дүкендер, кафе, мейрамханалар орналасқан. Тұрғын массивтері кіретін, жер учаскелері жаңадан игеріліп жатқан жеке тұрғын құрылыс аймағы (оң жағынан ені 200 метр автокөлік жолын бойлай белдеулер).

Аудандық мәслихаттың 06.02.2009 жылғы
N 13/110 шешіміне 4-қосымша

Ескерту: 4 қосымша қағаз нұсқада берілген.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады