Қызылқия ауылы округінің Айнатас, Қызылсеңгір елді мекендерінің шекараларына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Бірлескен Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы мәслихатының 2009 жылғы 22 желтоқсандағы N 26/203-IV шешімі және Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 22 желтоқсандағы N 4 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 13 қаңтарда N 14-6-88 тіркелді

      Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 108 бабының 5 тармағына, және Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 12-бабының 3) тармақшасына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШТІ және аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қызылқия ауылы округі әкімінің міндетін атқарушысының ұсынысын ескере отырып, Қызылқия ауылы округі, Айнатас елді мекенінің 286,0 гектар жеріне қосымша барлығы – 44,5 гектар жайылым жерлері қосылып, жалпы аумағы – 330,5 гектар жерлерге және Қызылсеңгір елді мекенінің 88,0 гектар жеріне қосымша барлығы – 30,0 гектар жайылым жерлері қосылып, жалпы аумағы – 118,0 гектар жерлерге ұлғайтылып елді мекеннің шекарасына өзгеріс енгізілсін.
      2. Осы бірлескен шешім және қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
      Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы Н.С. Аширов
      Аудан әкімінің міндетін атқарушы М.М. Момынов
      Аудандық мәслихат хатшысы А.Ж. Омаров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады