Қазығұрт ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 26 қыркүйектегі № 8 және Қазығұрт аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 26 қыркүйектегі № 12/87-ІV "Қызылқия ауылы округінің Айнатас ауылының және Рабат ауылдық округінің Еңбекші ауылының шекараларына өзгеріс енгізу туралы" бірлескен қаулысы мен шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Бірлескен Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт аудандық мәслихатының 2011 жылғы 24 қыркүйектегі N 46/357-IV Шешімі және Қазығұрт ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 24 қыркүйектегі N 3 Қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 4 қарашада N 14-6-148 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы «Қазақстан Республикасының Жер кодексі» Кодексінің 108-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 және 31-баптарына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 12-бабына сәйкес және Қызылқия ауыл округі әкімінің пікірін ескере отырып Қазығұрт ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қазығұрт аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. «Қызылқия ауылы округінің Айнатас ауылының және Рабат ауылдық округінің Еңбекші ауылының шекараларына өзгеріс енгізу туралы» Қазығұрт ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 26 қыркүйектегі № 8 және Қазығұрт аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 26 қыркүйектегі № 12/87-ІV (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 14-6-63 нөмірімен тіркелген, 2008 жылғы 31 қазандағы «Қазығұрт тынысы» газетінің 75-76 нөмірінде жарияланған) бірлескен қаулысы мен шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
      кіріспесінде:
      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» деген сөздер «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» деген сөздермен ауыстырылсын;
      1-тармақта:
      «Оралмандарға» деген сөз «Қазақстан Республикасының азаматтарына және оралмандарға» деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Осы бірлескен қаулы мен шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
      
      Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы     Н.Аширов
      Аудан әкімі                                Т.Алиев
      Аудандық мәслихат хатшысы                  А.Омаров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады