Сайрам ауданы Жұлдыз ауыл округі Қарабастау ауылының шегін өзгерту туралы

Күшін жойған

Бірлескен Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам аудандық мәслихат сессиясының 2011 жылғы 23 маусымдағы N 49-399/IV шешімі және Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 23 маусымдағы N 2 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 21 шілдеде N 14-10-167 тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам аудандық мәслихатының 2014 жылғы 15 мамырдағы N 31-199/V шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам аудандық мәслихатының 15.05.2014 № 31-199/V шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 108–бабының 5-тармағына сәйкес, Сайрам аудандық мәслихаты ШЕШТІ және аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ:
      1. Қарабастау ауылының шегіне жалпы алаңы 76 гектар "Ақ-сай" өндірістік кооперативінің жерін қоса отырып, Қарабастау ауылының шегі өзгертілсін.
      2. Осы бірлескен шешім және қаулының орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың ауыл аумақтарды дамыту жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасына жүктелсін (А.Турсиметов).
      3. Осы бірлескен шешім және қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сайрам ауданының әкімі                     У.Қайназаров
      
      Сессия төрағасы                            Ф.Аликулов

      Сайрам аудандық мәслихатының хатшысы       Т.Төлендиев


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады