Қарасай ауданы елді-мекендерінің шекарасын (шегін) өзгерту туралы

Жаңа

Алматы облысы Қарасай аудандық мәслихатының 2012 жылғы 06 қарашадағы N 12-11 шешімі және Алматы облысы Қарасай ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 06 қарашадағы N 11-1417 қаулысы. Алматы облысының Әділет департаментінде 2012 жылы 26 қарашада N 2202 тіркелді

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағы 13) тармақшасына және 31-бабы 1-тармағы 10) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 108-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасындағы әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы" Заңының 12-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қарасай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қарасай ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қарасай ауданы елді мекендерінің шекаралары (шегі) ұсынылған схемалық карталарға сәйкес өзгертілсін:
      1) Елтай ауылдық округінің Елтай ауылының шекарасына көлемі 143,000 гектар жер телімі қосылсын.
      2) Ұмтыл ауылдық округінің Жамбыл ауылының шекарасына көлемі 67,000 гектар жер телімі қосылсын.
      2. Жер ресурстарын басқару жөніндегі аудандық бөлімі тіркеу құжаттарына өзгеріс енгізсін.
      3. Аудан әкімдігінің осы қаулысы мен аудандық мәслихаттың шешімінің орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің бірінші орынбасары Қиқымов Сәтжан Манасұлына жүктелсін.
      4. Осы аудан әкімдігінің қаулысы мен аудандық мәслихаттың шешімі алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.

      Қарасай ауданының әкімі                    Дәуренбаев А.А.

      Қарасай аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы                       Тұрысбеков Қ.Т.

      Қарасай ауданы
      мәслихатының хатшысы                       Қалиев Е.Ә

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Қарасай ауданының жер
      қатынастары бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің
      бастығы                                    Жұмабаев Жомарт Дауысқожаұлы
      06 қараша 2012 жыл

      "Қарасай аудандық сәулет
      және қала құрылысы бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің
      бастығы                                    Оразалиев Мади Жуанышбекұлы
      06 қараша 2012 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады