Сайрам ауданының ауылдарының шегін өзгерту туралы

Күшін жойған

Бірлескен Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам аудандық мәслихат сессиясының 2012 жылғы 5 қарашадағы № 10-66/V шешімі және Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 5 қарашадағы № 2 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 14 қарашада № 2137 тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам аудандық мәслихатының 2014 жылғы 15 мамырдағы № 31-199/V шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам аудандық мәслихатының 15.05.2014 № 31-199/V шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 108 бабының 5 тармағына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 12 бабының 3) тармақшасына сәйкес, Сайрам ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ және аудандық мәслихат ШЕШТІ:
      1. Жұлдыз ауыл округіне қарасты Қарабастау және Жұлдыз ауылдарының әкімшілік шекарасына ауданның арнайы жер қорынан жалпы көлемі 93,0 гектар, оның ішінде: Қарабастау ауылы 42,0 гектар, Жұлдыз ауылы 51,0 гектар жер қосылып, Қарабастау және Жұлдыз ауылдарының шегі өзгертілсін.
      2. Көлкент ауыл округіне қарасты Көлкент ауылының әкімшілік шекарасына ауданның арнайы жер қорынан жалпы көлемі 25,36 гектар жер қосылып, Көлкент ауылының шегі өзгертілсін.
      3. Осы бірлескен қаулы және шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сайрам ауданының әкімі                     У.Қайназаров

      Сессия төрағасы                            А.Исаков

      Сайрам аудандық мәслихатының хатшысы       К.Орашов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады