Қызылорда облысы Жалағаш ауданы Жалағаш кентінің шекарасын (шегін)өзгерту туралы

Жаңа

Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 30 шілдедегі N 270 және Қызылорда облысы Жалағаш аудандық мәслихатының 2014 жылғы 30 шілдедегі N 35-3 қаулысы мен шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 03 қыркүйекте N 4756 болып тіркелді

      “Қазақстан Республикасының Жер кодексі” Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы кодексінің 108-бабының 5-тармағына және “Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы” Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы  Заңына сәйкес Жалағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Жалағаш аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1.Осы қаулының және шешімнің қосымшасына сәйкес Қызылорда облысы Жалағаш ауданы Жалағаш кентінің шекарасы (шегі) Жалағаш кенті әкімшілік аумағынан Жалағаш кентінің шекарасына (шегіне) қосылатын жерлердің экспликациясы бойынша жалпы алаңы 606,05 гектарды қосу арқылы, жалпы алаңы 1435,69 болып өзгертілсін.
      2.Осы қаулының және шешімнің орындалуын бақылау Жалағаш ауданы әкімінің орынбасары А.Дәрібаевқа жүктелсін.
      3.Осы қаулы және шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Жалағаш ауданының әкімі                   Т.Дүйсебаев

      Жалағаш аудандық мәслихатының
      ХХХV сессиясының төрағасы                 С.Оспанова

      Жалағаш аудандық
      мәслихатының хатшысы                      К.Сүлейменов

Жалағаш ауданы әкімдігінің 2014 жылғы
30 шілдедегі № 270 қаулысына және
Жалағаш аудандық мәслихатының
2014 жылғы 30 шілдедегі № 35-3 шешіміне
қосымша

Жалағаш кентінің шекарасына (шегіне) қосылатын жерлердің экспликациясы

Жерлердің атауы

Жалпы

көлемі (гектар)

оның ішінде (гектар):

ауыл шаруашылығы алқаптары

үй іргелік жерлер
 

басқа да жерлер

жайылымдар

1

2

3

4

5

6

1
 

Жалағаш кентінің бекітілген шекарасы (шегі)

829,64

80,41
 

264

485,23

2
 
 

Жалағаш кентінің шекарасына (шегіне) қосылатын жерлердің көлемі

606,05

360,04

-

246,01

3

Жалағаш кентінің шекарасы (шегі)

1435,69

440,45

264

731,24

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады