Қарасай ауданының елді мекендерінің шекараларын (шектерін) өзгерту туралы

Жаңа

Алматы облысы Қарасай аудандық мәслихатының 2017 жылғы 17 тамыздағы № 18-5 шешімі және Алматы облысы Қарасай ауданы әкімдігінің 2017 жылғы17 тамыздағы № 652 қаулысы. Алматы облысы Әділет департаментінде 2017 жылы 14 қыркүйекте № 4330 болып тіркелді

      2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 108-бабының 5-тармағына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 3) тармақшасына сәйкес, Қарасай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ және Қарасай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қарасай ауданының елді мекендерінің шекаралары (шектері) қоса беріліп отырған схемалық карталарға сәйкес өзгертілсін:

      1) Үшқоңыр ауылдық округіндегі Үшқоңыр ауылының шекарасы (шегі) 21,9852 гектарға өзгертіліп, Үшқоңыр ауылының жаңа шекарасының жалпы көлемі 903,37 гектар болып белгіленсін;

      2) Жандосов ауылдық округіндегі Шалқар ауылының шекарасы (шегі) 6,15 гектарға өзгертіліп, Шалқар ауылының жаңа шекарасының жалпы көлемі 206,15 гектар болып белгіленсін;

      3) Әйтей ауылдық округі бойынша:

      Әйтей ауылының шекарасы (шегі) 200,678 гектарға өзгертіліп, Әйтей ауылының жаңа шекарасының жалпы көлемі 692,532 гектар болып белгіленсін;

      Құмарал ауылының шекарасы (шегі) 22,146 гектарға өзгертіліп, Құмарал ауылының жаңа шекарасының жалпы көлемі 47,601 гектар болып белгіленсін;

      4) Райымбек ауылдық округі бойынша:

      Бұлақты ауылының шекарасы (шегі) 4,00 гектарға өзгертіліп, Бұлақты ауылының жаңа шекарасының жалпы көлемі 124,0 гектар болып белгіленсін;

      Қырғауылды ауылының шекарасы (шегі) 19,81 гектарға өзгертіліп, Қырғауылды ауылының жаңа шекарасының жалпы көлемі 386,8 гектар болып белгіленсін;

      5) Елтай ауылдық округі бойынша:

      Көкөзек ауылының шекарасы (шегі) 9,0 гектарға өзгертіліп, Көкөзек ауылының жаңа шекарасының жалпы көлемі 274,8 гектар болып белгіленсін;

      Исаев ауылының шекарасы (шегі) 193 гектарға өзгертіліп, Исаев ауылының жаңа шекарасының жалпы көлемі 632,5 гектар болып белгіленсін.

      2. Осы бірлескен Қарасай аудандық мәслихатының шешімі мен Қарасай ауданы әкімдігінің қаулысының орындалуын бақылауды Қарасай аудандық мәслихатының "Ауылшаруашылығы, көгалдандыру, сауда, қоршаған ортаны қорғау, экология, жерді және табиғи ресурстарды тиімді пайдалану жөніндегі" тұрақты комиссиясына және Қарасай ауданы әкімінің орынбасары Джапаров Мақсұт Рамазанұлына жүктелсін.

      3. Осы бірлескен Қарасай аудандық мәслихатының шешімі мен Қарасай ауданы әкімдігінің қаулысы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қарасай аудандық
      мәслихатының хатшысы А. Көшкімбаев
      Қарасай аудандық мәслихаты
      сессиясының төрағасы Қ. Баяманов
      Қарасай ауданының әкімі М. Бигельдиев

     


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады