Қазығұрт ауданы, Шарапхана ауыл округі, Жіңішке елді мекенінің шекарасын өзгерту туралы

Жаңа

Бiрлескен Оңтүстiк Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы әкiмдiгiнiң 2017 жылғы 24 сәуірдегі № 3 қаулысы және Оңтүстiк Қазақстан облысы Қазығұрт аудандық мәслихатының 2017 жылғы 24 сәуірдегі № 15/95-VI шешiмi. Оңтүстiк Қазақстан облысының Әдiлет департаментiнде 2017 жылғы 10 мамырда № 4097 болып тiркелдi

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексінің 108 бабының 5 тармағына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 12 бабының 3) тармақшасына сәйкес, ауданның ауылшаруашылығы және жер қатынастары мен құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімдерінің бірлескен ұсынысы негізінде Қазығұрт ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қазығұрт аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қазығұрт ауданы, Шарапхана ауыл округі, Жіңішке елді мекенінің барлығы 137,8 гектар жеріне 5,0 гектар жайылым жер қосылып, Жіңішке елді мекенінің аумағы 142,8 гектарға ұлғайтылып, шекарасы өзгертілсін.

      2. Осы бірлескен қаулы және шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Т. Телғараев
      Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы А. Уисимбаев
      Аудандық мәслихат
      хатшысы У. Копеев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады