Ұлан ауданы Қасым Қайсенов кентінің және Мамай батыр ауылының бағалау аймақтарының шекараларын және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерiн бекіту туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы мәслихатының 2017 жылғы 30 наурыздағы № 91 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 3 мамырда № 4999 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексінің 11 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 – бабының 1-тармағының 13) тармақшасына сәйкес, Ұлан аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Ұлан ауданы Қасым Қайсенов кентінде және Мамай батыр ауылында бағалау аймақтарының шекаралары және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерi осы шешімнің 1, 2 қосымшаларына сәйкес бекітілсін.
      2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      
      Сессия төрағасы А. Бережной
      Аудандық
      мәслихаттың хатшысы О. Сыдыков

  Ұлан аудандық мәслихатының
2017 жылғы 30 наурыздағы
№ 91 шешіміне 1 қосымша

Қасым Қайсенов кентінде бағалау аймақтарының шекаралары және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерi

№ аймақ
Жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерi
Шекара аймағы

I

1,4

Қаланың орталық бөлігі

II

1,3

Қасым Қайсенов кентінің орталық бөлігінен солтүстіктен-батысқа қарай орналасқан 2-ші кезектегі құрылыс территориясы

III

1,2

Оңтүстік-шығыс бөлігі

IV

0,8

Оңтүстік-батыс өндірістік бөлігі

V

1,1

4- ші кезектегі құрылыс территориясы

IV

1,0

4- ші кезектегі құрылыс территориясы

  Ұлан аудандық мәслихатының
2017 жылғы 30 наурыздағы
№ 91 шешіміне 2 қосымша

Мамай батыр ауылында бағалау аймақтарыны шекараларын және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерi

№ аймақ
Жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерi
Шекара аймағы

1

2

3

I

1,2

Мамай батыр ауылының орталық бөлігі, яғни Горная көшесінің оңтүстік бөлігі мен Панфилова көшесінің солтүстік бөлігі және Ленин көшесінің шығыс бөлігінен Юбилейный көшесінің батыс бөлігі.

II

1,0

Мамай батыр ауылының екі аумағы кірді олар: Юбилейный көшесінің батыс және Ленин көшесінің шығыс бөлігінен Аблакетка өзені жағалауының шеткі құрылысына дейін.

III

0,9

Мамай батыр ауылының төрт аумағын қамтиды: олар Панфилов көшесінің солтүстік-шығыс бөлігі, Королева көшесі, Селезневка көшесі, ауылдың оңтүстік бөлігі: Горная көшесі, Заимка көшесі және Аблакетка өзенінің оң жақ және сол жақ қоныстық аумағы.

IV

0,8

Мамай батыр ауылының өндірістік обьектілері орналасқан жер аумағын құрайды.

VIII

0,5

Мамай батыр ауылының солтүстігінен оңтүстігіне дейін орналасқан басты құрылыстар, ауыл шаруашылық мақсатында пайдалануға берілген жерлер; пайлануға берілмеген жер қоры, қала құрылысының қызметі үшін және де тағы басқа жерлер.

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады