Егіндікөл ауылы және Егіндікөл ауданының ауылдық елді мекендердегі бағалау аймақтарының шекаралары және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін бекіту туралы

Жаңа

Ақмола облысы Егіндікөл аудандық мәслихатының 2018 жылғы 18 мамырдағы № 6С26-4 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 11 маусымда № 6658 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 11 бабының 1 тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабы 1 тармағының 13) тармақшасына сәйкес, Егіндікөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Егіндікөл ауылы және Егіндікөл ауданының ауылдық елді мекендердегі бағалау аймақтарының шекаралары және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері 1, 2 қосымшаларға сәйкес бекітілсін.

      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы
О.Глашев
      Аудандық мәслихаттың
хатшысы
Б.Абилов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Егіндікөл ауданының
әкімі
Е.Исабеков

      2018 жылғы 18 мамыр

  Егіндікөл аудандық мәслихатының
2018 жылғы 18 мамырдағы
№ 6С26-4 шешіміне
1 қосымша

Егіндікөл ауылының бағалау аймақтарының шекаралары және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері

Аймақ

Жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері

Аймақтардың шекаралары

1


2

I

1,3

Егіндікөл ауылының орталық бөлігінде орналасқан. Солтүстік жағында аймақтың шекарасы Медиков және Гагарина көшелері бойымен өтеді, шығыс жағынан - Пушкина көшесі бойымен, оңтүстік жағынан - Индыкөл көлімен шектеледі. Батысында - Стадионная көшесі бойымен Казахская көшесіне дейін өтеді және шығыс бағытында орталық аудандық аурухананың аумағын қоса ала өтеді, әрі қарай Зеленая көшесі бойымен оңтүстік бағытында Индыкөл көліне дейін жетеді.

II

1,2

Егіндікөл ауылының батыс бөлігінде орналасқан. Батыста аймақ Новочеркасск - Жантеке автожолымен шектеседі, солтүстігінде өндірістік аймақпен шектеседі және солтүстік шекарасымен шығыс бағытында Медиков көшесі бойымен Стадионная көшесінің бұрылысына дейін өтеді. Шығысында Стадионная көшесі бойымен оңтүстік бағыттағы Казахская көшесіне дейін, шығыс бағытында Казахская көшесі бойымен орталық аудандық ауруханаға дейін, орталық аудандық аурухана аумағының батыс және оңтүстік шекара арқылы өтеді, оңтүстік бағытта Зеленая көшесі бойымен өндірістік аймаққа дейін өтеді. Оңтүстік шекарасы Зеленая және Линейная көшелері арқылы өтеді.

III

1,2

Егіндікөл ауылының шығыс бөлігінде орналасқан. Батыс жағынан шекара Пушкина көшесі бойымен өтеді. Солтүстігінде - өндірістік аймақпен, шығысында - ауылдың селитебтік тыс аумақпен, оңтүстігінде - Индыкөл көлімен шектеседі.

IV

1,1

Егіндікөл ауылының солтүстік бөлігінде орналасқан. Солтүстігінде - селитебтік тыс аумақпен шекараласады. Шығысында I тұрғын аймақпен шекараласып, Пушкина көшесінің бойымен Гагарина көшесіне дейін өтеді. Оңтүстігінде Гагарина және Медиков көшелерінің бойымен өтеді. Оңтүстік - батысында ІІ тұрғын аймақпен шекараласады және Новочеркасск - Жантеке автожолына өтеді. Батыс шекарасы Новочеркасск - Жантеке авто жолы арқылы өтеді.

V

1,1

Егіндікөл ауылының оңтүстік бөлігінде орналасқан. Солтүстігінде Линейная көшесі және Зеленая көшесі бойымен өтеді, шығысында Зеленая көшесінің жалғасы оңтүстік - шығыс бағытында автожол бойымен өндірістік аймаққа Индыкөл көліне дейін. Батысы мен оңтүстік - батысында Новочеркасск - Жантеке автожолымен шектеседі, оңтүстігінде селитебтік тыс аумақпен шектеседі және Новочеркасск - Жантеке автожолынан Индыкөл көліне дейін өтеді.

VI

0,9

Осы аймаққа Егіндікөл ауылы елді мекенінің сызығымен шектелген барлық селитебтік тыс аумақ кіреді.

  Егіндікөл аудандық мәслихатының
2018 жылғы 18 мамырдағы
№ 6С26-4 шешіміне
2 қосымша

Егіндікөл ауданының ауылдық елді мекендердегі бағалау аймақтарының шекаралары және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері

Аймақ №

Жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері

Аймаққа кіретін елді мекеннің атауы (ауылдық округтер бойынша)

1

2

3

І

1,6

Полтавское ауылы, Алакөл ауылдық округі

Спиридоновка ауылы

1,5

Бауман ауылы

Ұзынкөл ауылы, Ұзынкөл ауылдық округі

1,55

аймақ бойынша орташа мәні

ІІ

1,4

Буревестник ауылы

Қоржынкөл ауылы

1,3

Тоғанас ауылы, Ұзынкөл ауылдық округі

1,2

Көркем ауылы, Алакөл ауылдық округі

1,3

аймақ бойынша орташа мәні

III

1,1

Абай ауылы

0,9

Жалманқұлақ ауылы, Жалманқұлақ ауылдық округі

0,8

Жұлдыз ауылы, Жалманқұлақ ауылдық округі

0,93

аймақ бойынша орташа мәні

IV

0,6

Қоңыртүбек ауылы, Жалманқұлақ ауылдық округі

0,6

аймақ бойынша орташа мәні


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады