Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 30 қарашадағы № 310 "Салық салу объектілерінің Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының елді мекендерінде орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерін (К айм.) бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 19 желтоқсандағы № 280 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 19 желтоқсанда № 5743 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексінің 529-бабы 6-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 2-тармағына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Салық салу объектілерінің Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының елді мекендерінде орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерін (К айм.) бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 30 қарашадағы № 310 қаулысына (2018 жылғы 11 желтоқсанында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5026 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

      аталған қаулының қосымшасында 31, 34, 58 жолдары алынып тасталсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Есіл ауданының әкімі А. Абдуллаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Қазақстан Республикасы Қаржы

      министрлігі мемлекеттік кіріс комитетінің

      Солтүстік Қазақстан облысы бойынша

      Мемлекеттік кіріс департаментінің

      Есіл ауданы бойынша мемлекеттік

      кіріс басқармасы" Республикалық

      мемлекеттік мекемесінің басшысы

      ________________Ж.Батырғожинов

      2019 жылғы "13" желтоқсан

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады