Қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 509 қаулысы. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 29 қазанда № 4776 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңы, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 17, 69, 71-1 баптарына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "RESOURSE QAZAQ INVEST" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне пайдалы қатты қазбаларды барлау жұмыстарын жүргізу үшін қосымшаға сәйкес жалпы алаңы 253,0 гектар, оның ішінде Қарасаз ауылдық округі аумағынан 193,9 гектар, Нұрлыкент ауылдық округі аумағынан 6,0 гектар, Көкбастау ауылдық округі аумағынан 53,1 гектар жер учаскелерін жер пайдаланушылардан алып қоймай 11 (он бір) ай мерзіміне қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. "RESOURSE QAZAQ INVEST" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жер пайдаланушыларға шектеулі нысаналы пайдалану белгілеуден келтірілген шығындарды толық көлемде өтеуді қамтамасыз етсін және пайдалы қазбаларды барлау жұмыстары аяқталғаннан кейін бүлінген жерлерді қалпына келтіру жұмыстарын жүргізсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Абдекерим Култаевич Уркумбаевқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жуалы ауданының әкімі Н. Ергебеков

  Жуалы ауданы әкімдігінің
2020 жылғы 23 қазандағы
№ 509 қаулысына қосымша

"RESOURSE QAZAQ INVEST" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне пайдалы қатты қазбаларды барлау жұмыстарын жүргізу үшін қауымдық сервитут белгіленетін жер учаскелерінің ЭКСПЛИКАЦИЯСЫ

Жер пайдаланушылар

Барлығы, гектар

Егістігі, гектар

Шабын- дығы, гектар

Жайылым, гектар

Бөгде жер, гектар

1

2

3

4

5

6

7

1

Сейдалиев Жанадил Абдикадырович

20,6312



20,6312


2

Ахметов Абылнур Жандаралиевич

14,0430



14,0430


3

"Гамбург" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

3,2403



3,2403


4

Қарасаз ауылдық округі жері

159,2258



159,2258


5

Нұрлыкент ауылдық округі жері

6,0



6,0


6

Көкбастау ауылдық округі жері

49,8597



49,8597



Барлығы

253,0



253,0



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады