Қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Балқаш қаласының әкімдігінің 2020 жылғы 11 маусымдағы № 27/03 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 16 маусымда № 5876 болып тіркелді

      2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер Кодексіне, 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес, 2020 жылғы 06 наурыздағы № 594-EL пайдалы қатты қазбаларды барлауға арналған лицензия негізінде, Балқаш қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "QAZIRON" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу (пайдалы қатты қазбаларды барлау) үшін, Балқаш қаласының аумағында орналасқан, ауданы 707.5884 га жер учаскесіне жер пайдаланушылардан жер учаскелерді алып қоймай 6 (алты) жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. "QAZIRON" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жұмыстар аяқталғаннан кейін, мақсаты бойынша пайдалану үшiн бүлiнген жерлерді қалпына келтiрсін.

      3. "Балқаш қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Балқаш қаласы әкімінің орынбасары Айрат Мухаммедгумарович Карамурзинге жүктелсін.

      5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Балқаш қаласының әкімі О. Таурбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады