Түлкібас ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 14 сәуірдегі № 93 және Түлкібас аудандық мәслихатының 2017 жылғы 14 сәуірдегі № 13/5-06 "Түлкібас ауданы бойынша елді мекендердің шекараларын өзгерту туралы" бірлескен қаулысы мен шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Түркістан облысы Түлкібас ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 27 наурыздағы № 91 бірлескен қаулысы және Түркістан облысы Түлкібас аудандық мәслихатының 2020 жылғы 20 наурыздағы № 52/6-06 шешімі. Түркістан облысының Әділет департаментіне 2020 жылғы 7 сәуірде № 5550 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 108-бабының 5-тармағына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 12-бабының 3) тармақшасына сәйкес Түлкібас ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Түлкібас аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Түлкібас ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 14 сәуірдегі № 93 және Түлкібас аудандық мәслихатының 2017 жылғы 14 сәуірдегі № 13/5-06 "Түлкібас ауданы бойынша елді мекендердің шекараларын өзгерту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4102 тіркелген, 2017 жылғы 26 мамырдағы "Шамшырақ" газетінде және 2017 жылы 29 мамырда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) бірлескен қаулысы мен шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1-тармақтың 26) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "26) 9,53 гектар жер учаскесі елді мекенінің шегіне енгізіле отырып, Мичурин ауылдық округі Таусағыз елді мекенінің жалпы ауданы 79,53 гектар";

      1-тармақтың 46) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      46) 2,43 гектар жер учаскесі елді мекенінің шегіне енгізіле отырып, Шақпақ ауылдық округі Шақпақ баба елді мекенінің жалпы ауданы 517,05 гектар". 

      2. "Түлкібас ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бірлескен қаулы мен шешімнің "Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) ресми жарияланғаннан кейін осы бірлескен қаулы мен шешімді Түлкібас ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бірлескен қаулы мен шешімнің орындалуын бақылау Түлкібас ауданы әкімінің ауыл шаруашылығы мәселелері бойынша орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бірлескен қаулы мен шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Түлкібас ауданының әкімі Н. Турашбеков
      Түлкібас аудандық
      мәслихаты сессиясының төрағасы Н. Ештаев
      Түлкібас аудандық
      мәслихатының хатшысы С. Сейсенбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады