Қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Талас ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 12 сәуірдегі № 96 қаулысы. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 16 сәуірде № 4941 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 17 бабының 5-1) тармақшасына және 69 бабының 4 тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 1 тармағы 10) тармақшасы және 37 бабына сәйкес, Талас ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, "Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Талас ауданы шаруашылық субъектілерінің жерлерінен Бөлтірік шешен, Көшек батыр, Үшарал, Арал және Қайыр елді мекендеріне газ құбырын жүргізу үшін жер учаскелерін жер иелері мен жер пайдаланушыларынан алып қоймастан жалпы көлемі 91,6025 гектар жер учаскелеріне 49 (қырық тоғыз) жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. "Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жер пайдаланушылар мен жер иеленушілермен келісім шарт негізінде қауымдық сервитут белгілеуден келтірілген шығынды толық көлемде өтеуді қамтамасыз ету және бүлінген жерлерді қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу міндеттелсін.

      3. "Жамбыл облысы Талас ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулының мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны бұқаралық ақпарат құралдарына ресми жариялауға жіберілуін;

      3) осы қаулының Жамбыл облысы Талас ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      4) осы қаулыдан туындайтын басқа да шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Торехан Сарикбаевич Койлыбаевқа жүктелсін.

      5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Талас ауданы әкімінің
      міндетін атқарушы К. Серимов

  Талас ауданы әкімдігінің
2021 жылғы 12 сәуірдегі
№ 96 қаулысына қосымша

Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Талас ауданы шаруашылық субъектілерінің жерлерінен Бөлтірік шешен, Көшек батыр, Үшарал, Арал және Қайыр елді мекендеріне газ құбырын жүргізу үшін шектеулі нысаналы пайдалану (қауымдық сервитут) құқығын беретін жер учаскелерінің ЭКСПЛИКАЦИЯСЫ

Ауылдық округтің атауы

Барлығы, гектар

Оның ішінде

егістігі, гектар

шабындығы, гектар

жайылымы, гектар

бөгде жерлер, гектар

1

Үшарал

29,5503

-

2,427

26,9201

0,2032

2

Кеңес

25,5758

-

-

24,8678

0,708

3

Ойық

29,3374

-

-

28,3024

1,035

4

С.Шәкіров

7,139

-

-

6,839

0,3

Барлығы

91,6025

-

2,427

86,9293

2,2462

      Ескертпе: жер учаскесінің нысаналы мақсаты "Бөлтірік шешен, Көшек батыр, Үшарал, Арал және Қайыр елді мекендеріне газ құбырын жүргізу үшін".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады