Зеренді ауданында шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа шығарылатын жер учаскелерінің ең жоғары мөлшерін айқындау туралы

Жаңа

Ақмола облысы Зеренді ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № А-12/725 қаулысы және Ақмола облысы Зеренді аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 13-92 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 9 қантарда № 8683-03 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 43-1-бабының 2-1 тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 13) тармақшасына және 31, 37-баптарына сәйкес, Зеренді ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Зеренді аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы бірлескен қаулының және шешімнің қосымшасына сәйкес Зеренді ауданында шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа шығарылатын жер учаскелерінің ең жоғары мөлшері айқындалсын.

      2. Осы бірлескен қаулы және шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Зеренді ауданының әкімі А.Жаксылыков
      Зеренді аудандық мәслихатының төрағасы Р.Габдуллина

 
  Бірлескен
Зеренді ауданы әкімдігінің
2023 жылғы 26 желтоқсандағы
№ А-12/725 қаулысына және
Зеренді аудандық мәслихатының
2023 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 13-92 шешіміне
қосымша

Зеренді ауданында шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа шығарылатын жер учаскелерінің ең жоғары мөлшері

Ауыл шаруашылығы алқаптарының ауданы, гектар

Оның ішінде

егістік

шабындықтар

жайылымдар

Шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін

3600

2850

-

750

Ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін

24000

19000

-

5000


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады