Мақтаарал ауданы Мақтарал ауылдық округі Игілік елді мекенінің шекарасын өзгерту және белгілеу туралы

Жаңа

Түркістан облысы Мақтаарал ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 24 сәуірдегі № 297 бірлескен қаулысы және Түркістан облысы Мақтаарал аудандық мәслихатының 2024 жылғы 24 сәуірдегі № 15-106-VIII шешімі. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2024 жылғы 25 сәуірде № 6524-13 болып тiркелдi

      Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 108-бабының 1, 5-тармақтарына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 12-бабының 3) тармақшасына сәйкес, Мақтаарал ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Мақтаарал аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мақтарал ауылдық округінің Игілік елді мекенінің шекарасына Мақтаарал ауданының ауыл шарушылығы мақсатындағы 50,39 гектар жерді қосу арқылы, Мақтарал ауылдық округінің Игілік елді мекенінің шекарасы өзгертіліп, жалпы ауданы 157,73 гектар болып белгіленсін.

      2. Осы бірлескен Мақтаарал ауданы әкімдігінің қаулысының және Мақтаарал аудандық мәслихаты шешімінің орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы бірлескен Мақтаарал ауданы әкімдігінің қаулысы және Мақтаарал аудандық мәслихатының шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мақтаарал ауданының әкімі Б. Асанов
      Мақтаарал аудандық мәслихатының төрағасы К. Сарсекбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады