Үзінді

Жаңа

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2007 жылғы 24 шілдедегі N 174-ө Бұйрығы

      Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2007 жылғы 24 шілдедегі N 174-ө Бұйрығынан үзінді.

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 333-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Мемлекеттік еңбек инспекторлары актілерінің қоса беріліп отырған мынадай нысандары:
      1) ұйғарым:
      Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасы талаптарын бұзушылықтарды жою туралы (1-қосымша);
      жарақаттану қаупі бар және апатты жағдайлар туындауының алдын алу үшін өндірістік нысандар мен жабдықтарда, сондай-ақ өндірістік процестерде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөнінде алдын алу жұмыстарын жүргізу туралы (2-қосымша);
      жекелеген өндірістердің, цехтардың, учаскелердің, жұмыс орындарының пайдаланылуына және тұтастай ұйымның қызметіне тыйым салу (тоқтата тұру) туралы (3-қосымша);
      2) әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама (4-қосымша);
      3) әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулы (5-қосымша);
      4) әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша өндірісті тоқтату туралы қаулы (6-қосымша) нысандары бекітілсін.
      2. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі аумақтық органдарының басшылары (департамент директорлары, бас мемлекеттік еңбек инспекторлары) қоса беріліп отырған құжаттармен әрбір еңбек инспекторын дербес таныстырсын және олардың сөзсіз орындалуы жөнінде қажетті шараларды қабылдасын.
      3. "Еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік еңбек инспекторларының актілерін жасау және беру ережесін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3308 тіркелген) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2004 жылғы 19 қарашадағы N 266-ө бұйрығының күші жойылған деп танылсын.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр А. М. Құрмановқа жүктелсін.
      5. Осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                     Г. Қарақұсова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады