Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2008 жылғы 15 ақпандағы № 61 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2010 жылғы 2 қыркүйектегі № 577 Бұйрығы

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Мемлекеттік қызмет көрсету стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2008 жылғы 15 ақпандағы № 61 бұйрығының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2008 жылғы 27 ақпандағы № 5152 болып тіркелген және Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында 2008 жылғы 17 шілдедегі № 7 болып жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Әкімшілік департаментінің бастығы бір апта мерзімде белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың көшірмелерін және бұрын бұйрық жарияланған ресми баспа басылымын Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жолдасын.
      3. Бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.

Ә. Жаксыбеков


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады