Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің кейбір бұйрықтарының күшін жою туралы

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2010 жылғы 30 маусымдағы № 299 Бұйрығы

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 43-1-бабының 1-тармағын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Тізбеге сәйкес Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Заң департаменті (Б. Қазбеков) осы бұйрықтың көшірмесін белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне және бұрын бұйрықтар жарияланған ресми баспа басылымдарына бір апталық мерзімде жіберсін.
      3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Министр                                     Ә. Құсайынов

Қазақстан Республикасы      
Көлік және коммуникация министрінің
2010 жылғы 30 маусымдағы      
№ 299 бұйрығына қосымша      

Күші жойылды деп танылған Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі бұйрықтарының тізбесі

      1) «Қазақстан Республикасы азаматтық авиациясының авиациялық электрбайланыс туралы ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігі Азаматтық авиация комитеті төрағасының 2003 жылғы 14 мамырдағы № 218 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2363-нөмірмен тіркелген);
      2) «Қазақстан Республикасының аса жеңіл авиация әуеайлақтарының жарамдылығын анықтау Ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігі Азаматтық авиация комитеті төрағасының 2003 жылғы 22 қыркүйектегі № 436 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2527-нөмірмен тіркелген);
      3) «Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласындағы сертификаттау үшін ақылы қызмет көрсету жөніндегі нұсқауын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және комуникациялар министрлігі Азаматтық авиация комитеті төрағасының 2003 жылғы 13 желтоқсандағы № 586 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2661-нөмірмен тіркелген);
      4) «Темір жол және су көлігінде қызметті лицензиялауды ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі Көліктік бақылау комитеті төрағасының 2004 жылғы 3 ақпандағы № 7-1-П бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2720-нөмірмен тіркелген);
      5) «Әуе кемесінің ұшу жарамдылығын қолдау жүйесіне тәуелсіз аудит жүргізу ережесін бекіту туралы» Көлік және коммуникациялар министрлігі Азаматтық авиация комитеті төрағасының 2004 жылғы 29 қарашадағы № 235 бұйрығы» (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 3275-нөмірмен тіркелген);
      6) «Әуеайлаққа техникалық қызмет көрсету, күтіп ұстау және жөндеу жөніндегі қызметтерді сертификаттау, сертификатқа өзгерістер мен қосымшалар енгізу немесе телнұсқа алу кезіндегі ұсынысқа қосымша берілген құжаттар тізілімі мен Әуеайлаққа техникалық қызмет көрсету, күтіп ұстау және жөндеу жөніндегі қызметтерді сертификаттық тексеру бағдарламасы» Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі Азаматтық авиация комитеті төрағасының 2005 жылғы 19 сәуірдегі № 79 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 3640-нөмірмен тіркелген).

О признании утратившими силу некоторых приказов Министерства транспорта и коммуникаций Республики Казахстан

Приказ Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 30 июня 2010 года № 299

      В целях реализации пункта 1 статьи 43-1 Закона Республики Казахстан "О нормативных правовых актах", ПРИКАЗЫВАЮ:
      1. Признать утратившими силу приказы Министерства транспорта и коммуникаций Республики Казахстан согласно прилагаемому Перечню.
      2. Юридическому департаменту Министерства транспорта и коммуникаций Республики Казахстан (Б. Казбеков) в недельный срок направить в установленном порядке копии настоящего приказа в Министерство юстиции Республики Казахстан и официальные печатные издания, где ранее были опубликованы приказы.
      3. Настоящий приказ вступает в силу со дня его подписания.

      Министр                                    А. Кусаинов

Приложение к приказу       
Министра транспорта и коммуникаций
Республики Казахстан       
от 30 июня 2010 года № 299    

Перечень приказов Министерства транспорта и коммуникаций
Республики Казахстан, признаваемых утратившими силу

      1) приказ Председателя Комитета гражданской авиации Министерства транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 14 мая 2003 года № 218 "Об утверждении Правил по авиационной электросвязи гражданской авиации Республики Казахстан" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 2363);
      2) приказ Председателя Комитета гражданской авиации Министерства транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 22 сентября 2003 года № 436 "Об утверждении Правил определения годности аэродромов сверхлегкой авиации Республики Казахстан" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 2527);
      3) приказ Председателя Комитета гражданской авиации Министерства транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 13 декабря 2003 года № 586 "Об утверждении Инструкции по оказанию платных услуг за сертификацию в сфере гражданской авиации Республики Казахстан" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 2661);
      4) приказ Председателя Комитета транспортного контроля Министерства транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 3 февраля 2004 года № 7-1-П "О некоторых вопросах организации лицензирования деятельности на железнодорожном и водном транспорте" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 2720);
      5) приказ Председателя Комитета гражданской авиации Министерства транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 29 ноября 2004 года № 235 "Об утверждении Правил проведения независимого аудита систем поддержания летной годности воздушных судов" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 3275);
      6) приказ Председателя Комитета гражданской авиации Министерства транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 19 апреля 2005 года № 79 "Об утверждении Перечня документов, прилагаемых к заявке при сертификации услуг по техническому обслуживанию, содержанию и ремонту аэродрома, на внесение изменений и (или) дополнений в сертификат или получения дубликата и Программы сертификационного обследования услуг по техническому обслуживанию, содержанию и ремонту аэродрома" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 3640).