"Азаматтық пиротехникалық заттарды және олардың қолданылуымен жасалған бұйымдарды сақтау, есепке алу, пайдалану, тасымалдау, жою, әкелу, әкету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің міндетін атқарушының 2005 жылғы 23 сәуірдегі № 242 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 22 қазандағы № 559 бұйрығы

      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 15 шілдедегі Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2011 жылғы 30 қыркүйектегі № 131-ө өкімінің 76-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. "Азаматтық пиротехникалық заттарды және олардың қолданылуымен жасалған бұйымдарды сақтау, есепке алу, пайдалану, тасымалдау, жою, әкелу, әкету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы ішкі істер министрі міндетін атқарушының 2005 жылғы 23 сәуірдегі № 242 бұйрығының (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімінде 2005 жылғы 17 маусымда № 3680 болып тіркелген, "Ресми газета" газетінің 2005 жылы 13 тамыздағы № 33 санында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      2. Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті осы бұйрықты Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінен алу үшін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жіберсін және мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Ішкі істер министрінің орынбасары полиция полковнигі Қ.С. Тыныбековке және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитетіне (И.В. Лепеха) жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғаш қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Министр
      милиция генерал-майоры                         Қ. Қасымов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады