"Қазақстан Республикасының кеме қатынайтын су жолдарын пайдалану құқығына рұқсат беру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2011 жылғы 18 наурыздағы № 158 бұйрығының күші жойылған деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 27 тамыздағы № 534 бұйрығы.

      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-1-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. "Қазақстан Республикасының кеме қатынайтын су жолдарын пайдалану құқығына рұқсат беру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2011 жылғы 18 наурыздағы № 158  бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 6893 нөмірмен тіркелген,/ "Егемен Қазақстан газетінде" 2011 жылғы 14 маусымда № 249(250) және "Казахстанская правда газетінде" 2011 жылғы 31 мамырда № 172 (26593) жарияланған) күші жойылған деп танылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитеті (Ә.Н. Барменқұлов) осы бұйрықтың көшірмесін бір апта мерзім ішінде Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мәлімет үшін жолдасын және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі Е.С. Дүйсенбаевқа жүктелсін.
      4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және 2012 жылғы 31 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министрінің
      міндетін атқарушы       А. Бектұров
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады