Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2012 жылғы 12 қаңтардағы № 15 бұйрығы.

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңының 21-1-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті(Д.Е. Ерғожин) осы бұйрық күшіне енгізілген күнінен бастап бір апта мерзімде бұйрықтың көшірмесін белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жіберсін және кейіннен оның бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                    Б. Жәмішев

Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2012 жылғы 12 қаңтардағы
№ 15 бұйрығына  
қосымша     

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің күші жойылған
кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. «Қосылған құн салығын төлем мерзімін өзгерту жөніндегі өтініш нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 632 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5456 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында жарияланған, № 1, 2009 жыл);
      2. «Салық есептілігі нысандарын және оларды жасау Ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 20 желтоқсандағы № 644 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6709 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» 2011 жылғы 1 қаңтардағы № 1 (26403) газетінде жарияланған);
      3. «Салық есептілігі нысандарын және оларды жасау Ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 20 желтоқсандағы № 644 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 14 сәуірдегі № 188 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6927 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» 2011 жылғы 8 маусымдағы № 240-243 (26641) газетінде жарияланған);
      4. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитеті төрағасының бұйрығына және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 4 мамырдағы № 237 бұйрығының 7) тармақшасы (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6981 болып тіркелген, «Заң газеті» 2011 жылғы 23 маусымдағы № 88 (1904) газетінде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады