«Жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі уәкілетті және аумақтық органдардың, мемлекеттік мекемелердің, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мамандандырылған ұйымдардың лауазымды тұлғаларының арнайы құралдарды қолдану ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2004 жылғы 10 қарашадағы № 639 бұйрығының күшін жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 13 қыркүйектегі № 25-03-01/455 бұйрығы

      «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне орман шаруашылығы, жануарлар дүниесі және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 25 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2012 жылғы 20 наурыздағы № 57-ө Өкімін іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі уәкілетті және аумақтық органдардың, мемлекеттік мекемелердің, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мамандандырылған ұйымдардың лауазымды тұлғаларының арнайы құралдарды қолдану ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2004 жылғы 10 қарашадағы № 639 бұйрығының күші жойылды деп танылсын (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2004 жылғы 3 қарашада № 3222 болып тіркелді; «Юридическая газета» газетінде 07.10.2005 ж. № 185-186 (919-920) жарияланды).
      2. Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті апталық мерзімде белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне осы бұйрықтың көшірмесін жолдасын және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                        А. Мамытбеков

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасының
      Ішкі істер министрі
      ______________Қ. Қасымов
      10 шілде 2012 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады