Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің кейбір бұйрықтарының күшін жою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2012 жылғы 27 сәуірдегі № 210 бұйрығы

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының  Заңының 40-бабы 2-тармағы 4) тармақшасына сәйкеc, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес тізбе бойынша кейбір бұйрықтарының күші жойылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті (З.С. Сағынов) осы бұйрықтан туындайтын шараларды қабылдасын.
      3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Министр                                       А. Жұмағалиев

Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация
министрінің     
2012 жылғы 27 сәуірдегі
№ 210 бұйрығына қосымша

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің күштері жойылды деп танылған бұйрықтарының тізбесі

      1. «Көктемгі кезеңде Қазақстан Республикасының республикалық маңызы бар жалпы пайдалымдағы автомобиль жолдары бойынша автокөлік құралдарының қозғалысын ұйымдастыру туралы» Көлік және коммуникациялар министрінің 2004 жылғы 19 сәуірдегі № 165-1 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2857 тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетенде 2004 жылы № 29-32,961-құжат жарияланған);
      2. «Көктемгі кезеңде Қазақстан Республикасының республикалық маңызы бар жалпы пайдалымдағы автомобиль жолдары бойынша автокөлік құралдарының қозғалысын ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2004 жылғы 19 сәуірдегі № 165-1 бұйрығына толықтыру мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің 2007 жылғы 7 наурыздағы № 60 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4571 тіркелген, «Заң газеті» газетінде 2007 жылы 27 наурызда № 45(1074), Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында, 2007 жылы наурызда жарияланған);
      3. «Көктемгі кезеңде Қазақстан Республикасының республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары бойынша автокөлік құралдарының қозғалысын ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2004 жылғы 19 сәуірдегі № 165-1 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2008 жылғы 18 ақпандағы № 61 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5154 тіркелген, Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында 2008 жылы 17 шілдеде № 7 жарияланған);
      4. «Көктемгі кезеңде Қазақстан Республикасының республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары бойынша автокөлік құралдарының қозғалысын ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2004 жылғы 19 сәуірдегі № 165-1 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2010 жылғы 7 сәуірдегі № 175 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6215 тіркелген, «Заң газеті» газетінде 2010 жылы 19 мамырда № 70 (1692) жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады