Астана қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Астана қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 17 мамырдағы № 107-789 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы"  1998 жылғы 24 наурыздағы, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы заңдарына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2013 жылғы 1 шілдеден бастап мынадай:
      "Республикалық бюджеттен мақсатты ағымдағы трансферттер есебінен 2010-2013 оқу жылдарына Жол картасы шеңберінде кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 12 сәуірдегі № 22-290қ қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 2010 жылғы 17 мамырда N 629 болып тіркелген, "Астана ақшамы" газетінің 2010 жылғы 22 мамырдағы N 53 (2519), "Вечерняя Астана" газетінің 2010 жылғы 10 шілдедегі № 66 (2523) жарияланған);
      "Республикалық бюджеттен мақсатты ағымдағы трансферттер есебінен 2010-2011 оқу жылына Жол картасы шеңберінде кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 12 сәуірдегі № 22-290қ қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 16 маусымдағы N 22-545қ қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 2011 жылғы 28 маусымда N 676 болып тіркелген, "Астана ақшамы" газетінің 2011 жылғы 14 шілдедегі N 78 (2688), "Вечерняя Астана" газетінің 2011 жылғы 9 шілдедегі № 81 (2691) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      2. "Астана қаласының Білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары А.Ғ. Балаеваға жүктелсін.

      Әкім                                    И.Тасмағамбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады