"Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі көрсететін білім беру лицензиялау бойынша электрондық мемлекеттік қызмет регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 201 жылғы 10 қазандағы № 467 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 19 қарашадағы № 480 бұйрығы

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 21-1-бабының 2-тармағына сәйкесБҰЙЫРАМЫН:
      1. «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі көрсететін білім беру лицензиялау бойынша электрондық мемлекеттік қызмет регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 10 қазандағы № 467 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 8082 болып тіркелген «Егемен Қазақстан» газетінің 2013 жылғы 20 ақпандағы N 71 (28010); 2013 жылғы 22 ақпандағы № 73 (28012); 2013 жылғы 1 наурыздағы № 78(28017) сандарында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім  және ғылым саласындағы бақылау комитеті (С. Нюсупов) заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жолдасын;
      2) осы бұйрықты «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауды қамтамасыз етсін;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің төрағасы С. Нюсуповқа жүктелсін.
      4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                        А. Сәрінжіпов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады