Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының жанындағы "Мәдени мұра" мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі қоғамдық кеңестің жаңа құрамы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының 2006 жылғы 1 сәуірдегі N 1 Өкімі

      1. Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 13 қаңтардағы N 1277 "2004-2006 жылдарға арналған "Мәдени мұра" мемлекеттік бағдарламасы туралы"  Жарлығымен  бекітілген Мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асырып, қорытындылау және келесі 2007-2009 жылдарға арналған салалық бағдарламалар түзіп, ғылыми-әдістемелік сүйемелдеуді іске асыру және мемлекеттік органдардың осы бағыттағы жұмысын үйлестіріп отыру мақсатында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының жанынан "Мәдени мұра" мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі қоғамдық кеңес мынадай жаңа құрамда құрылсын:

Құл-Мұхаммед Мұхтар     - Қазақстан Республикасы Президенті
Абрарұлы                   Әкімшілігі Басшысының орынбасары -
                           Президенттің Баспасөз хатшысы, кеңес
                           төрағасы

Кәлетаев Дархан         - Қазақстан Республикасы Президенті
Аманұлы                    Әкімшілігінің Әлеуметтік-саяси
                           бөлімінің меңгерушісі, төрағаның
                           орынбасары

Асқаров Әлібек          - Қазақстан Республикасы Президенті
Асылбайұлы                 Әкімшілігі Әлеуметтік-саяси бөлімінің
                           бас инспекторы, хатшы

                   қоғамдық кеңестің мүшелері:

Абдрахманов Сауытбек    - "Егемен Қазақстан" республикалық
                           газеті" АҚ президенті, филология
                           ғылымдарының кандидаты, "Көркем әдебиет"
                           секциясының жетекшісі

Аяған Бүркітбай          - "Қазақ энциклопедиясы" АҚ президенті,
Гелманұлы                   тарих ғылымдарының докторы, профессор,
                            "Энциклопедиялық және анықтамалық
                            әдебиет" секциясының жетекшісі

Әбусейітова Меруерт     - Шығыстану институтының директоры,
Қуатқызы                   тарих ғылымдарының докторы, профессор,
                           "Шығыстану" секциясының жетекшісі

Әжіғали Серік            - Тарих және этнология институты Этнография
Ескендірұлы                және антропология бөлімінің меңгерушісі,
                           тарих ғылымдарының докторы,
                           "Антропология және этнография"
                           секциясының жетекшісі

Әйтімова Бірғаным       - Қазақстан Республикасының Білім және
Сарықызы                   ғылым министрі

Әлімбай Нұрсан          - Қазақстан Республикасы Орталық
                          мемлекеттік мұражайының директоры,
                          тарих ғылымдарының кандидаты

Әуезов Мұрат            - Қазақстан Республикасы Ұлттық
Мұхтарұлы                 кітапханасының бас директоры,
                          филология ғылымдарының кандидаты,
                          "Мәдениеттану" секциясының жетекшісі

Байпақов Карл           - А.Марғұлан атындағы Археология
Молдахметұлы              институтының директоры, тарих
                          ғылымдарының докторы, "Археология,
                          тарихи-мәдени ескерткіштер" секциясының
                          жетекшісі

Базылхан Нәпіл          - Қазақстан Республикасы Орталық
                          мемлекеттік мұражайының жетекші ғылыми
                          қызметкері, филология ғылымдарының
                          кандидаты

Биекенов Кеңес          - Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық
Үмбетжанұлы               университетінің кафедра меңгерушісі,
                          социология ғылымдарының докторы,
                          профессор, "Социология" секциясының
                          жетекшісі

Доскен Ғалым            - "Қазақстан" республикалық
Төлембекұлы               телерадиокорпорациясы" АҚ басқарма
                          төрағасы

Ертісбаев Ермұхамет     - Қазақстан Республикасының
Қабиденұлы                 Мәдениет және ақпарат министрі

Кенжеғозин Марат        - Экономика институтының директоры,
Балғожаұлы                 экономика ғылымдарының докторы,
                           профессор, "Экономика" секциясының
                           жетекшісі

Қасқабасов Сейіт        - Әдебиет және өнер институтының
Асқарұлы                   директоры, филология ғылымдарының
                           докторы, "Фольклористика, әдебиеттану
                           және өнертану" секциясының жетекшісі

Қойгелдиев Мәмбет       - тарих ғылымдарының докторы, профессор,
Құлжабайұлы                "Тарих ғылымы" секциясының жетекшісі

Нысанбаев Әбдімәлік     - Философия және саясаттану институтының
Нысанбайұлы                директоры, философия ғылымдарының
                           докторы, профессор, "Философия" және
                           "Психология" секцияларының жетекшісі

Өмірбеков Байтұрсын     - Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер
Есжанұлы                   музейінің директоры, профессор, "Бейнелеу
                           өнері" секциясының жетекшісі

Салғара Қойшығара       - Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық
                           университетінің бас ғылыми қызметкері,
                           филология ғылымдарының кандидаты

Сариева Рысты           - Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат
Халесқызы                 және мұрағаттар комитеті төрағасының
                          орынбасары, "Мұрағат және кітапхана ісі"
                          секциясының жетекшісі

Сейдімбек Ақселеу       - Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық
Сланұлы                    университетінің профессоры,
                           филология ғылымдарының докторы

Сұлтанов Қуаныш         - Сенат депутаты, Қазақстан Республикасы
Сұлтанұлы                  Парламенті Сенатының Әлеуметтік-мәдени
                           даму жөніндегі комитетінің төрағасы

Таймағамбетов Жәкен     - Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық
Қожахметұлы                университеті тарих факультетінің деканы,
                           тарих ғылымдарының докторы, профессор

Тұяқбаева Баян          - "Тарихи-мәдени мұра" ғылыми-өндірістік
Тұматайқызы                орталығының директоры, өнертану
                           ғылымының кандидаты

Хұсайынов Көбей         - Тіл білімі институтының директоры,
Шахметұлы                  филология ғылымдарының докторы,
                           профессор, "Тіл білімі" секциясының
                           жетекшісі

      2. "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының жанынан 2004-2006 жылдарға арналған "Мәдени мұра" мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі қоғамдық кеңес құру туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының 2003 жылғы 30 желтоқсандағы N 1  өкімінің  күші жойылды деп танылсын.

      3. Қоғамдық кеңестің қызметін ұйымдық және ақпараттық қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігіне міндеттелсін.

      4. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-саяси бөліміне жүктелсін.

       Қазақстан Республикасының
      Мемлекеттік хатшысы

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады