Қазақстан Республикасының Конституциясын зерделеу және насихаттау жөнiндегi iс-шаралар жоспарын бекiту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк хатшысының 1996 жылғы 13 маусымдағы N 4 Өкiмi

      1. Конституцияны зерделеу және насихаттау жөнiндегi 1996 жылға арналған iс-шаралар жоспары бекiтiлсiн.

      2. Тиiстi мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдар Жоспарда көзделген iс-шараларды уақытылы әрi тыңғылықты атқару шараларын қолданатын болсын.

       Қазақстан Республикасының
      Мемлекеттiк хатшысы

Қазақстан Республикасы   
Мемлекеттiк хатшысының   
1996 жылғы 13 маусымдағы  
N 4 өкiмiмен      
Бекiтiлген       

  Қазақстан Республикасының Конституциясын зерделеу
мен насихаттау жөнiндегi iс-шаралар
Жоспары

  I. Конституцияның бiрiншi жылдығына арналған iс-шаралар

      1. Қазақстан Республикасының астанасы мен республикалық облыс орталықтарында Қазақстан Республикасы Конституциясының Күнiне арналған салтанатты шаралар өткiзiлсiн (атқарушылар: облыстар мен Алматы қаласының әкiмдерi, Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнiң ұйымдастыру-бақылау бөлiмi, мерзiмi - 1996 жылғы тамыз). 

      2. Бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттiң ресми лауазымды адамдары мен жетекшi заңгерлердiң Конституция қабылданғаннан кейiнгi бiр жылда елде қандай оңды өзгерiстер болғанына және оны орындау үшiн заң тұрғысынан не iстегенiне арналған сөздерiн жариялау ұйымдастырылсын (атқарушылар: Қазақстан Респубикасы Президентi Әкiмшiлiгi, Үкiмет Аппараты, Әдiлет министрлiгi, Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясы, мерзiмi - 1996 жығы шiлде-тамыз). 

  II. Мемлекеттiк бұқаралық ақпарат құралдарындағы
iс-шаралар

      1. Мемлекеттiк органдар мен ұйымдарда Қазақстан Республикасының Конституциясы мен мемлекеттiк нышандарын (Туы, елтаңбасы, Гимнi) зерделеу жөнiнде нұсқаулық-әдiстемелiк ұсыныстар әзiрленiп, шығарылсын (атқарушылар: Әдiлет министрлiгi, Баспасөз және бұқаралық ақпарат iстерi жөнiндегi ұлттық агенттiк, мерзiмi - 1996 жылдың аяғына дейiн). 

      2. Мынадай: 
      1) жаңа Конституция аясында елде құқықтық мемлекет орнату мен демократиялық процестердi дамыту мәселелерi жөнiнде (атқарушы: Әдiлет министрлiгi, мерзiмi - 1996 жылғы тамыз); 
      2) Конституцияға сәйкес азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қамтамасыз ету мәселелерi жөнiнде құқық қорғау органдары мен соттардың қатысуымен (атқарушылар: Бас прокуратура, Жоғарғы Сот, Мемлекеттiк тергеу комитетi, Iшкi iстер министрлiгi, мерзiмi - 1996 жылғы тамыз) республикалық ғылыми-практикалық конференциялар ұйымдастырылсын. 

      3. Мемлекеттiк ақпарат құралдарында Қазақстан Республикасының Конституциясын түсiндiруге және iске асыруға арналған рубрикалар, материалдар циклдерi ұйымдастырылсын (атқарушы: Баспасөз және бұқаралық ақпарат iстерi жөнiндегi ұлттық агенттiк, мерзiмi - 1996 жыл бойы). 
      Қазақ ақпараттық телеграф агенттiгi республикалық, облыстық және аудандық газеттерде Конституцияны зерделеуге және насихаттауға бағытталған нысаналы топтама матриалдар әзiрлеп, тарататын болсын (атқарушы: ҚазТАГ, мерзiмi - жыл бойы). 

      4. Мемлекеттiк теледидар мен радиода: 
      1) "Конституцияны зерделеймiз" рубрикасымен ғалымдармен әңгiмелер циклдарын әзiрлеп, шығаратын болсын (мерзiмi - 1996-1997 жылдар бойы). 
      2) Конституцияны әзiрлеушiлердiң, көрнектi мемлекет және қоғам қайраткерлерiнiң қатысуымен "Дөңгелек үстел" отырысы өткiзiлсiн (атқарушы: Республикалық телерадиокорпорациясы, мерзiмi - 1996-1997 жылдар бойы). 

      5. Қазақстан Республикасының Конституциясын көп таралыммен шығару жалғастырылсын, мемлекеттiк баспалардың 1996-1997 жылдарға арналған жоспарлары көкейкестi тақырыптық басылымдармен толықтырылсын, балалар мен жасөспiрiмдер үшiн Қазақстан Конституциясы мен мемлекеттiк нышандарын насихаттауға арналған кiтаптар шығару ұйымдастырылсын (атқарушы: баспасөз және бұқаралық ақпарат iстерi жөнiндегi ұлттық агенттiк, мерзiмi - 1996-1997 жылдар бойы). 

      6. Конституция бойынша көшелердi, алаңдарды, үй-жайларды безендiруге арнап, плакаттар, көрнектi құралдар шығару ұйымдастырылсын (атқарушы: Баспасөз және бұқаралық ақпарат iстерi жөнiндегi ұлттық агенттiк, облыстар мен Алматы қаласының әкiмдерi, мерзiмi - 1996 жылдың аяғына дейiн). 

      7. Баспасөз және бұқаралық ақпарат iстерi жөнiндегi ұлттық агенттiкпен келiсе отырып, Қазақстан Республикасы Конституциясының негiзгi қағидаларын түсiндiру жөнiнде Президент Әкiмшiлiгi, Үкiмет Аппараты, Әдiлет министрлiгi, Бас прокуратура, өзге де мүдделi мемлекеттiк органдар өкiлдерi сөздерiнiң циклдерi өткiзiлсiн (атқарушылар: Президент Әкiмшiлiгi, Үкiмет Аппараты, Әдiлет министрлiгi, Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясы, мерзiмi - 1996 жылғы шiлде-тамыз). 

  III. Бiлiм жүйесiндегi iс-шаралар

      1. Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес оқу орындарында құқықтық бiлiм негiздерiн оқыту курстары қайта қаралсын (атқарушылар: Бiлiм министрлiгi, Әдiлет министрлiгi, мерзiмi - 1996 жылдың аяғына дейiн). 

      2. Қазақстан Республикасының Конституциясы негiзiнде құқық жөнiндегi терминологиялық сөздiк, орысша-қазақша заң сөздiгi, орта мектептерге арналған "Қазақстан Республикасының мемлекетi мен құқығы негiздерi" бағдарламасы және оқулығы баспаға әзiрленетiн болсын (атқарушылар: Бiлiм министрлiгi, Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясы, Әдiлет министрлiгi, мерзiмi - 1996-1997 жылдар бойы). 

      3. Барлық жоғары оқу орындары мен колледждерде "Құқық негiздерi" базалық пәнiнiң шеңберiнде мiндеттi арнайы курс нысанында Қазақстан Конституциясын оқып-үйрену ұйымдастырылсын (атқарушы: Бiлiм министрлiгi, мерзiмi - 1996 жылдың соңына дейiн). 

      4. Конституцияның негiзiн қалаушы принциптерiн түсiндiру жөнiндегi қазақ және орыс тiлдерiндегi үздiк оқулыққа, оқу-әдiстемелiк құралға өткiзiлетiн конкурс туралы ереже әзiрленсiн (атқарушылар: Бiлiм министрлiгi, Қаржы министрлiгi, мерзiмi - 1996 жылдың соңына дейiн). 

      5. Жоғары оқу орындары және басқа бiлiм беру мекемелерiнде елдiң жетекшi заңгерлерiнiң қатысуымен мемлекеттiк құрылыс, мемлекеттiң құқықтық саясаты жөнiнде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша орта мектептердiң, жоғары оқу орындарының, арнаулы орта оқу орындарының оқыту бағдарламаларына оқу-әдiстемелiк әзiрлемелердi енгiзу мәселелерi жөнiнде ғылыми-практикалық конференциялар сериясы ұйымдасытырылсын (атқарушылар: Бiлiм министрлiгi, Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясы, Әдiлет министрлiгi, мерзiмi - 1996 жыл бойы). 

      6. Конституцияның жекелеген қағидалары бойынша құқық саласындағы жетекшi мамандардың қатсуымен студенттiк конференциялар мен семинарлар өткiзiлсiн (атқарушы: Бiлiм министрлiгi, мерзiмi - 1996 жыл бойы). 

      7. Студенттiң үздiк ғылыми жұмысына арналған жыл сайын өткiзiлетiн Республикалық конкурсқа Қазақстан Республикасының Конституциясына арналған тақырыптама енгiзiлсiн (атқарушы: Бiлiм министрлiгi, мерзiмi - 1996 жылдың соңына дейiн). 

  IV. Аймақтардағы насихаттық қызмет

      1. Тиiстi облыстық (қалалық, аудандық) әкiмдердiң аппараттары жанынан халықтың қалың топтары арасында, еңбек ұжымдарында, тұрғылықты жерлерiнде Конституцияның негiзiн қалаушы нормалары мен принциптерiн түсiндiру жөнiнде ақпараттық-насихаттық топтар ұйымдастырылсын (атқарушылар: облыстар мен Алматы қаласының әкiмдерi, мерзiмi - 1996 жылғы шiлде-тамыз). 

      2. Қазақстанның барлық аймақтары Конституция мәтiндерiмен және арнаулы насихаттық әдебиеттермен қажеттi көлемде қамтамасыз етiлсiн (атқарушылар: Баспасөз және бұқаралық ақпарат iстерi жөнiндегi ұлттық агенттiк, облыстар мен Алматы қаласының әкiмдерi, мерзiмi - 1996 жылғы тамыздың соңына дейiн). 

      3. Жергiлiктi бұқаралық ақпарат құралдарында Конституцияның негiзгi қағидаларын насихаттау жөнiнде кең науқан ұйымдастырылсын (атқарушылар: облыстар мен Алматы қаласының әкiмдерi, мерзiмi - 1996 жыл бойы). 

      4. Облыстық (қалалық) бұқаралық ақпарат құралдарында конституцияны насихаттау жөнiнде арнаулы рубрикалар, ел Конституциясына деген халық пiкiрлерiнiң топтамасы ұйымдастырылсын (атқарушылар: облыстар мен Алматы қаласының әкiмдерi, мерзiмi - 1996 жыл бойы). 

      5. Республикалық бұқаралық ақпарат құралдарындағы конституциялық құрылыс мәселелерiне арналған материалдарды жергiлiктi бұқаралық ақпарат құралдарында көшiрiп басу ұйымдастырылсын (атқарушылар: облыстар мен Алматы қаласының әкiмдерi, мерзiмi - 1996 жыл бойы). 

  V. Қазақстан Республикасының шетелдегi мекемелерiнiң
Қазақстан Республикасының Конституциясын
насихаттау жөнiндегi iс-шаралары

      1. Қазақстан Республикасының елшiлiктерi тұрған елдерiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын насихаттау жөнiндегi жұмысты жалғастырсын. Тұрған елдерiндегi саяси және iскер топтармен, дипломатиялық корпуспен Қазақстанның iшкi және сыртқы саясатының түрлi мәселелерi жөнiндегi кездесулер мен әңгiмелердiң барысында Қазақстан Республикасы Конституциясының жекелеген қағидаларына сiлтемелер жасасын. Нақ осы мақсатта тұрған елдердiң жетекшi бұқаралық ақпарат құралдарының, оның iшiнде теледидардың мүмкiндiгiн пайдаланатын болсын (атқарушы: Сыртқы iстер министрлiгi, мерзiмi - үнемi). 

      2. Шетелдерде тарату мүмкiндiгiн кеңейту мақсатында Қазақстан Республикасы Конституциясының шет тiлдердегi таралымы ұлғайтылсын (атқарушылар: Баспасөз және бұқаралық ақпарат iстерi жөнiндегi ұлттық агенттiк, Сыртқы iстер министрлiгi, мерзiмi - 1996 жылдың соңына дейiн).

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады