Бесқарағай аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық мәслихатының 2012 жылғы 21 желтоқсандағы № 10/8-V шешімі

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 40-бабына сәйкес Бесқарағай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1.Аудандық мәслихаттың кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын (қосымша).
      2. Осы шешім 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
      Сессия төрағасы В. ХАРЧЕНКО
      Бесқарағай аудандық
      мәслихатының хатшысы: Қ. САДЫҚОВ

  Бесқарағай аудандық мәслихат
сессиясының 2012 жылғы
21 желтоқсандағы
№10/8 -V шешіміне қосымша

      1) "2012-2014 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы" 2011 жылғы 21 желтоқсандағы № 38/1-IV (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5-7-107 тіркелген, 2012 жылғы 14 қаңтардағы "Бесқарағай тынысы" газетінің № 4,5 сандарында жарияланған) шешімі;
      2) "2012-2014 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы" 2011 жылғы 21 желтоқсандағы № 38/1-IV шешімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2012 жылғы 12 сәуірдегі № 3/1-V (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5-7-115 тіркелген, 2012 жылғы 25 сәуірде № 34, 2012 жылғы 2 мамырда № 36 сандарында "Бесқарағай тынысы" газетінде жарияланған) шешімі;
      3) "2012-2014 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы" 2011 жылғы 21 желтоқсандағы № 38/1-IV шешімге өзгерістер енгізу туралы" 2012 жылғы 18 маусымда № 5/1-V (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5-7-118 тіркелген, 2012 жылғы 4 шілдеде "Бесқарағай тынысы" газетінің № 53 санында жарияланған) шешімі;
      4) "2012-2014 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы" 2011 жылғы 21 желтоқсандағы № 38/1-IV шешімге өзгерістер енгізу туралы" 2012 жылғы 11 шілдеде № 6/5-V (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2588 тіркелген, 2012 жылғы 4 тамызда "Бесқарағай тынысы" газетінің № 62 санында жарияланған) шешімі;
      5) "2012-2014 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы" 2011 жылғы 21 желтоқсандағы № 38/1-IV шешімге өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" 2012 жылғы 17 қыркүйекте № 7/1-V (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2658 тіркелген, 2012 жылғы 3 қазанда "Бесқарағай тынысы" газетінің № 79 санында жарияланған) шешімі;
      6) "2012-2014 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы" 2011 жылғы 21 желтоқсандағы № 38/1-IV шешімге өзгерістер енгізу туралы" 2012 жылғы 22 қарашадағы № 8/4-V (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2744 тіркелген, 2012 жылғы 8 желтоқсанда "Бесқарағай тынысы" газетінің № 98 санында жарияланған) шешімі;
      7) "2012-2014 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы" 2011 жылғы 21 желтоқсандағы № 38/1-IV шешімге өзгерістер енгізу туралы" 2012 жылғы 6 желтоқсандағы № 9/1-V (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2769 тіркелген, 2012 жылғы 22 желтоқсан "Бесқарағай тынысы" газетінің № 103 санында жарияланған) шешімі;
      8) "Жеке тұлғалардың кәсіпкерлік қызметінің жеке түрлерінің бір жолғы жинақтарының мөлшерлері туралы" 2006 жылғы 11 шілдедегі № 21-7 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5-7-25 тіркелген, 2006 жылғы 5 тамызда "Бесқарағай тынысы" газетінің № 30 санында жарияланған) шешімі;
      9) "Жеке тұлғалардың кәсіпкерлік қызметінің салалары бойынша бір жолғы алымдарының болжамдық есептемесін бекіту туралы" 2007 жылғы 20 шілдедегі № 27-9 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5-7-40 тіркелген, 2007 жылғы 8 қыркүйекте "Бесқарағай тынысы" газетінің № 34 санында жарияланған) шешімі;
      10) "Тіркелген салық ставкаларының мөлшерін бекіту туралы" 2009 жылғы 22 қазандағы № 18/7-ІV (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5-7-71 тіркелген, 2009 жылғы 14 қарашада "Бесқарағай тынысы" газетінің № 42 санында жарияланған) шешімі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады