Ақкөл ауданы әкімдігі қаулысының күшін жойғандығы тану туралы

Жаңа

Ақмола облысы Ақкөл ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 16 шілдедегі № А-7/232 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңына сәйкес, қолданыстағы заңнамаға сәйкестендіру мақсатында, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Аудандық коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалға алу төлемінің есептік мөлшерлемесін есептеу қағидасын бекіту туралы" Ақкөл ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 5 тамыздағы № А-8/285 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4344 тіркелген, 2014 жылғы 19 қыркүйекте аудандық "Ақкөл өмірі" және "Знамя Родины KZ" газеттерінде жарияланған) қаулысының күші жойғандығы танылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Т.Едігенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады