Шектеу іс-шараларын алу туралы

Ақтөбе облысы Темір ауданы Темір қаласының әкімінің 2015 жылғы 11 қарашадағы № 38 шешімі

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 8 тармағына сәйкес және Темір аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық – санитариялық инспекторының 2015 жылғы 11 қарашадағы № 14-01/212 ұсынысы негізінде Темір қаласының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Темір қаласына қарасты Жамбыл ауылы аумағында мүйізді ірі қара малдарының арасында бруцеллез ауыруының ошақтарын жою бойынша кешенді ветеринариялық – санитарлы іс – шараларды жүргізумен байланысты белгіленген шектеу іс – шаралары алынсын.
      2. Темір қаласы әкімінің 2014 жылғы 13 тамыздағы № 25 "Шектеу іс – шараларын белгілеу туралы" (номативтік құқықтық актілерді мемлекеттіктіркеу тізілімінде № 4021 тіркелген, 2014 жылғы 19 қыркүйек "Темір" газетінде жарияланған, "Әділет" ақпараттық – құқықтық жүйесінде 2014 жылдың 15 қыркүйек айында ресм жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Темір қаласы әкімінің аппаратының бас маманы Р. Абдрахмановаға жүктелсін.
      Темір қаласы әкімі М.С.Әкімов

О снятии ограничительных мероприятий

Решение акима города Темир Темирского района Актюбинской области от 11 ноября 2015 года № 38

      В соответствии со статьей 35 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года"О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", подпункта 8 статьей 10-1 Закона Республики Казахстан от 10 июля 2002 года "О ветеринарии" и на основании представления главного государственного ветринарного – санитарного инспектора Темирской районной территориальной инспекции от 11 ноября 2015 года № 14-01/212 аким города Темира РЕШИЛ:
      1. В связи с проведением комплекса ветеринарно – санитарных мероприятий по ликвидации очагов болезни бруцеллеза среди крупного рогатого скота снять ограничительные мероприятия, установленные на территории села Жамбул, города Темира.
      2. Признать утратившим силу решение акима города Темира № 25 от 13 августа 2014 года "Об установлении ограничительных мероприятий" (зарегистрированное в реестре госуарственной регистрации нормативно – правовых актов № 4021, опубликованное 19 сентября 2014 года в газете "Темір", информационно – правовой системе "Әділет" 15 сентября 2014 года).
      3. Контроль за исполнением данного решения возложить на главного специалиста аппарата акима города Темира Р. Абдрахмановой.
      Аким города Темира М.С.Акимов