Ветеринария туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі N 339 Заңы

МАЗМҰНЫ

      Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша:
      "ветеринариялық қадағалау", "ветеринариялық қадағалауды", "ветеринариялық қадағалаудың", "ветеринариялық қадағалауға" деген сөздер тиісінше "ветеринариялық-санитариялық бақылау", "ветеринариялық-санитариялық бақылауды", "ветеринариялық-санитариялық бақылаудың", "ветеринариялық-санитариялық бақылауға" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "ветеринариялық инспекторлар", "ветеринариялық инспекторлары", "ветеринариялық инспекторларының", "ветеринариялық инспекторларымен", "ветеринариялық инспекторларын", "ветеринария инспекторларын", "ветеринариялық инспекторларды", "Ветеринариялық инспекторлардың", "ветеринариялық инспекторлардың", "ветеринариялық инспектор", "ветеринариялық инспектордың", "ветеринариялық инспекторының", "ветеринариялық инспекторда", "ветеринариялық инспекторы", "ветеринариялық инспекторын", "ветеринариялық инспекторларға" деген сөздер тиісінше "ветеринариялық-санитариялық инспекторлар", "ветеринариялық-санитариялық инспекторлары", "ветеринариялық-санитариялық инспекторларының", "ветеринариялық-санитариялық инспекторларымен", "ветеринариялық-санитариялық инспекторларын", "ветеринариялық-санитариялық инспекторларды", "ветеринариялық-санитариялық инспекторларды", "Ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың", "ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың", "ветеринариялық-санитариялық инспектор", "ветеринариялық-санитариялық инспектордың", "ветеринариялық-санитариялық инспекторының", "ветеринариялық-санитариялық инспекторда", "ветеринариялық-санитариялық инспекторы", "ветеринариялық-санитариялық инспекторын", "ветеринариялық-санитариялық инспекторларға" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "базарларда", "базарлардағы", "Базарларда", "Базарлардағы", "базардағы", "нарықтардағы", "нарыққа" деген сөздер тиісінше "ішкі сауда объектілерінде", "ішкі сауда объектілеріндегі", "Ішкі сауда объектілерінде", "Ішкі сауда объектілеріндегі", "ішкі сауда объектілеріндегі", "ішкі сауда объектісіне" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "өнімдерге" деген сөз "өнімдер мен шикізатқа" сөздермен ауыстырылсын;
      "мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктердің", "мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктерді", "мемлекеттік ветеринариялық қадағалау орындары бақылайтын жүктерді", "мемлекеттік ветеринариялық қадағалауға жататын жүктерді", "мемлекеттік ветеринариялық қадағалаудың бақылауындағы ветеринариялық-санитариялық қолайлы аумақтарда, сондай-ақ қолайсыз пункттерде жануарлардың және адамның денсаулығына қауіп төндіретін жүктер", "басқа мемлекеттерден ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктердің", "Мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктердің", "Мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктерді", "базарларды, ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктерді", "мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктер", "Мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктер", "мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүк" деген сөздер тиісінше "орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің", "орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді", "орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді", "ветеринариялық-санитариялық қолайлы аумақтарда, сондай-ақ қолайсыз пункттерде жануарлардың және адамның денсаулығына қауіп төндіретін орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілер", "басқа мемлекеттерден орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің", "Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің", "Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді", "ішкі сауда объектілерін, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді", "орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілер", "Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілер", "орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объекті" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "ветеринариялық бақылау", "ветеринариялық бақылауды", "ветеринариялық бақылауға" деген сөздер тиісінше "ветеринариялық-санитариялық бақылау", "ветеринариялық-санитариялық бақылауды", "ветеринариялық-санитариялық бақылауға" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган", "ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның", "Ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган", "ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен", "Ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның" деген сөздер тиісінше "уәкілетті орган", "уәкілетті органның", "Уәкілетті орган", "уәкілетті органмен", "Уәкілетті органның" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР 2009.07.24 № 190-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы» деген сөздердің алдынан тиісінше «кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін», «Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін» деген сөздермен толықтырылды - ҚР 2010.06.30 № 297-IV (2011.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      «ветеринариялық-санитариялық бақылау», «ветеринариялық-санитариялық бақылауды», «ветеринариялық-санитариялық бақыланатын», «ветеринариялық-санитариялық бақылаудың», «ветеринариялық-санитариялық бақылау жүргізу», «ветеринариялық-санитариялық бақылауға», «ветеринариялық-санитариялық бақылауды» деген сөздер тиісінше «ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау», «ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды», «ветеринариялық-санитариялық бақыланатын және қадағаланатын», «ветеринариялық-санитариялық бақылаудың және қадағалаудың», «ветеринариялық-санитариялық бақылау жүргізу мен қадағалау», «ветеринариялық-санитариялық бақылауға және қадағалауға» деген сөздермен ауыстырылды - ҚР 2011.01.06 № 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      «ауылдың (селоның), ауылдық (селолық)», «ауылдық (селолық)», «ауыл (село), ауылдық (селолық)» деген сөздер тиісінше «ауылдың, ауылдық», «ауылдық», «ауыл, ауылдық» деген сөздермен ауыстырылды - ҚР 03.07.2013 № 121-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен.

      Осы Заң ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асырудың құқықтық, ұйымдастырушылық және экономикалық негіздерін айқындайды және ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған.
       Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР 2009.07.24. № 190-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

      1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

      Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) автомобиль өткізу пункттеріндегі уәкілетті орган – зертханалық бақылауды қоспағанда, Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік кіріс органдары;
      1-1) аймақ – жануарлардың жұқпалы аурулары бойынша эпизоотия жағдайымен сипатталатын, әкімшілік-аумақтық бөлінісіне қарамастан шартты түрде шектелген аумақ;
      2) ауру бойынша қолайсыз пункт (қолайсыз пункт) - эпизоотия ошағы белгіленген аумақ;
      3) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқор – диагностикалық зерттеулер нәтижелерін қоса алғанда, жануардың жеке нөмірі туралы, оны ветеринариялық дауалау туралы деректерді, сондай-ақ жануардың иесі туралы деректерді тіркеудің бірыңғай, көпдеңгейлі жүйесін көздейтін, жергілікті атқарушы органдар құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар жүзеге асыратын және уәкілетті орган пайдаланатын ветеринариялық есепке алудың бір бөлігі;
      3-1) ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiру – ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорға ауыл шаруашылығы жануары туралы мәлiметтердi енгiзе отырып және ветеринариялық паспортты бере отырып, бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдарды (құралдарды) пайдалану, таңбалау арқылы жануарларға жеке нөмiр берудi қамтитын, жануарларды есепке алу рәсiмi;
      3-2) ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөмірлерінің эмиссиясы (бұдан әрі – жеке нөмірлер эмиссиясы) – ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөмірлерінің жүйелі нөмірленуін айқындау жөніндегі іс-шаралардың жиынтығы және оларды республиканың әкімшілік-аумақтық бірлігі бойынша бөлу;
      3-3) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқордан үзінді көшірме – жергілікті атқарушы органдар құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдардың ветеринария саласындағы мамандары ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқордан уәкілетті орган бекіткен тәртіппен және нысанда жануарлар иелерінің талап етуі бойынша алатын, диагностикалық зерттеулер нәтижелерін қоса алғанда, жүргізілген ветеринариялық іс-шаралардың мерзімдері мен сипаты туралы мәліметтер;
      3-4) ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiруді жүргізуге арналған бұйымдар (құралдар) – ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiруді жүргізу үшiн пайдаланылатын сырғалар (iлiнетiн, радиожиiлiк таңбасы бар), болюстер, чиптер және басқа да бұйымдар (құралдар);
      3-5) ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiруді жүргізуге арналған атрибуттар – ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiруді жүргізу үшін пайдаланылатын құрал-саймандар мен аспаптар;
      3-6) ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiруді жүргізуге арналған бұйымдарды (құралдарды) белгiлеу жөнiндегi лазерлiк станция (бұдан әрi – лазерлiк станция) – ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiруді жүргізуге арналған бұйымдарға (құралдарға) жеке нөмiр түсіруді жүзеге асыратын ұйым;
      4) бақылау аймағы - буферлік аймақ пен қолайлы аймақ арасында белгіленген аймақ;
      4-1) биологиялық қалдықтар – жануарлардың өлімі, тірі организмдермен және биологиялық тіндермен (материалдармен) ветеринариялық практикалық және ғылыми қызмет пен эксперименттер нәтижесінде түзілген, сондай-ақ жануарларды өсіруді, дайындауды (союды), жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты сақтауды, қайта өңдеу мен өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінің, ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдардың қызметі процесінде пайда болатын материалдар, заттар, малдан, өсімдіктерден және минералдардан қалған қалдықтар (жануарлардың өлекселері, абортталған және өлі туған төлдер, ветеринариялық конфискаттар, жемшөп қалдықтары);
      5) буферлік аймақ - инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында жануарларға жүйелі түрде егу жасалатын және басқа да ветеринариялық іс-шаралар жүргізілетін қолайсыз аймақ пен бақылау аймағының арасында белгіленген аумақ;
      6) ветеринария (ветеринария саласы) - жануарлардың аурулары мен азықтан улануын (зақымдануын) зерделеуге, олардың профилактикасына, диагностикасына, оларды емдеуге және жоюға, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілерінің Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес келуін қамтамасыз етуге, сондай-ақ халықты жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғауға бағытталған арнаулы ғылыми білімдер мен практикалық қызмет саласы;
      7) ветеринариялық бақылау бекеті – уәкілетті орган ведомствосының шекара және кеден пункттері (автомобиль өткізу пункттерін қоспағанда, Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттері) аумағында орналасқан, қажетті жабдықтармен және аспаптармен жарақтандырылған, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерге мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын бөлімшесі;
      8) ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидалар - мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау объектілеріне қойылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық, зоогигиеналық) талаптарды белгілейтін, сондай-ақ ветеринариялық нормативтердің негізінде ветеринариялық іс-шараларды жүргізу тәртібін айқындайтын, жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті болып табылатын нормативтік құқықтық акт;
      9) ветеринариялық құжаттар – уәкілетті орган бекіткен тәртіппен мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлары беретін ветеринариялық сертификат; мемлекеттік ветеринариялық дәрігерлер беретін ветеринариялық-санитариялық қорытынды; тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағындағы эпизоотиялық ахуал туралы, жануарға, жануарлардан алынатын өнімге және шикізатқа жергілікті атқарушы органдар құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдардың ветеринария саласындағы маманы, сондай-ақ жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімнің және шикізаттың ветеринариялық нормативтерге сәйкестігін айқындау жөнінде өндірістік бақылау бөлімшесінің аттестатталған ветеринариялық дәрігері беретін ветеринариялық анықтама;
      10) ветеринариялық паспорт – уәкілетті орган белгілеген нысандағы құжат, онда: жануарларды есепке алу мақсатында жануарлардың иесі, түрі, жынысы, түсі, жасы көрсетіледі;
      11) ветеринариялық препараттар мыналар:
      жануарлар ауруларының профилактикасына, диагностикасына және оларды емдеуге арналған, қаннан, қан плазмасынан, сондай-ақ жануарлардың ағзаларынан, өсімдіктерден, минералдардан синтез әдістерімен немесе биологиялық технологиялар қолданыла отырып алынған заттар;
      фармакологиялық белсенділігі бар, өсiмдiктерден, жануарлардан алынатын немесе синтетикалық заттар;
      жануарларға арналған парфюмерия немесе косметика құралдары ретінде пайдаланылатын заттар;
      жануарлардың өнімділігін арттыруға, дезинфекциялауға, дезинсекциялауға және дератизациялауға арналған заттар.
      Осы тармақшаның ережелері ветеринария саласында пайдаланылатын (қолданылатын) дәрілік заттарға қолданылады;
      12) ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының айналысы – ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндiру, сақтау, тасымалдау, байқаудан өткiзу және тiркеу сынақтары (ветеринариялық препараттар, жемшөп пен жемшөп қоспалары), сәйкестiгiн растау, қауiпсiздiгi мен сапасын бақылау, жарнамалау, өткiзу немесе қолдану;
      13) ветеринариялық препараттарды, жемшөп қоспаларын мемлекеттiк тiркеу – уәкiлеттi органның ветеринариялық препараттарды, жемшөп қоспаларын олардың сараптамасының, байқаудан өткiзудiң және тiркеу сынақтарын жүргізудің нәтижелерi бойынша ветеринариялық препараттардың, жемшөп қоспаларының мемлекеттік тізбелеріне енгізуі және оларға белгiленген нысандағы тiркеу куәлiктерiн беруi;
      14) ветеринариялық препараттардың, жемшөп қоспаларының мемлекеттік тізілімі – уәкілетті орган шығаратын мемлекеттік тіркеуден өткен және Қазақстан Республикасында өндіруге, импорттауға және қолдануға рұқсат етілген ветеринариялық препараттар, жемшөп қоспалары туралы мәліметтері бар тізбе;
      15) ветеринариялық препараттарды, жемшөп қоспаларын тiркеу сынақтары – ветеринариялық препараттардың, жемшөп қоспаларының қауіпсіздік және сапа көрсеткіштеріне сәйкестігін айқындау;
      16) ветеринариялық препаратты, жемшөп қоспаларын байқаудан өткізу – ветеринариялық препаратты, жемшөп қоспаларын ветеринариялық практикада пайдалану мүмкіндігін анықтау үшін, олардың иммундық-биологиялық қасиеттері мен эпизоотологиялық тиімділігін, олардың жануар организміне тигізетін әсерінің салдарлары жоқтығын, сондай-ақ экологиялық қауіпсіздігін айқындау мақсатында, оларды шектеулі зертханалық және (немесе) өндірістік жағдайларда сынақтан өткізу;
      16-1) ветеринариялық пункт – ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыру үшін ауданның жергілікті атқарушы органдары құрған, аудандық маңызы бар қалада, кентте, ауылдық округте орналасқан мемлекеттік ветеринариялық ұйымның оқшау бөлімшесі;
      17) ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздік - жануарлардың саулығы, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың тағамдық қауіпсіздігі, аумақтың ветеринариялық-санитариялық салауаттылығы, халықты жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғау, сондай-ақ мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілерінің Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкестігі қамтамасыз етілетін мемлекеттік  ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілерінің жай-күйі;
      18) ветеринариялық-санитариялық сараптама – жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының
ветеринариялық нормативтерге сәйкестігін органолептикалық, биохимиялық, микробиологиялық, паразитологиялық, уыттық және радиологиялық зерттеулер кешенi арқылы айқындау;
      19) ветеринариялық-санитариялық сараптама зертханасы - ішкі сауда объектілерінде және (немесе) басқа орындарда өткізілетін жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатқа, жемшөп пен жемшөп қоспаларына ветеринариялық-санитариялық сараптаманы жүзеге асыратын заңды тұлға немесе заңды тұлғаның мамандандырылған бөлімшесі;
      19-1) ветеринария саласындағы маман – ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар бөлiмшелерiнің, мемлекеттiк ветеринариялық ұйымдардың ветеринария мамандықтары бойынша жоғары, орта білімнен кейiнгi немесе техникалық және кәсiптiк бiлiмi бар қызметкерi;
      20) ветеринариялық іс-шаралар - жануарлар ауруларының профилактикасын, оларды емдеуді немесе диагностикасын қоса алғанда, олардың пайда болуын, таралуын болғызбауға немесе оларды жоюға; жануарлар мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін аса қауіпті аурулар жұқтырған жануарларды залалсыздандыруға (зарарсыздандыруға), алып қоюға және жоюға; жануарлардың өнімділігін арттыруға; жануарлар мен адамның денсаулығын жұқпалы, оның ішінде жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғау мақсатында, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді қоса алғанда, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың, жемшөп және жемшөп қоспаларының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған эпизоотияға қарсы, ветеринариялық-санитариялық рәсімдер кешені;
      21) ветеринария саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - ветеринария саласындағы басшылықты, сондай-ақ өз өкілеттігі шегінде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
      22) есептік нөмір - өндіріс объектісінің қызмет түрі мен нөмірін қамтитын код;
      23) ет өңдейтін кәсіпорын - жануарларды сою және сойылған өнімдерді өңдеу жүзеге асырылатын, мал базасы, өндірістік цехы, өндірістік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау бөлімі және ветеринариялық-санитариялық нормалар мен талаптарға сай келетін басқа да қосалқы объектілері бар өндірістік кешен;
      24) жануарды ветеринариялық қарап-тексеру – жануар саулығының жалпы жай-күйін айқындау мақсатында ветеринариялық дәрігер, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор, сондай-ақ автомобиль өткізу пункттеріндегі уәкілетті органның лауазымды адамы оған жүргізетін клиникалық қарап-тексеру;
      25) жануарлар ауруларын қоздырушылар - вирустар, бактериялар, риккетсиялар, хламидиялар, микоплазмалар, приондар, қарапайым жәндіктер, саңырауқұлақтар, гельминттер, кенелер, жәндіктер;
      26) жануарлар ауруларының диагностикасы жөніндегі референттік функция - жануарлардың аса қауіпті, баяу және экзотикалық ауруларының қоздырушыларын типтендіруді жүзеге асыру (белгілі бір түр ішіндегі типтік айырмашылықтарды айқындау), сондай-ақ күмәнді немесе даулы жағдайларда түпкілікті диагноз қою;
      27) жануарлардан алынатын өнімдер - ет және ет өнімдері, сүт және сүт өнімдері, балық және балық өнімдері, жұмыртқа және жұмыртқа өнімдері, сондай-ақ балара шаруашылығының өнімдері;
      28) жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты ветеринариялық қарап-тексеру – қауіпсіздікті алдын ала айқындау мақсатында мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор, ветеринариялық дәрігер, сондай-ақ автомобиль өткізу пункттеріндегі уәкілетті органның лауазымды адамы жүзеге асыратын, жануарлардың ұшасы мен ағзаларына, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатқа оларда көзге көрінетін өзгерістерді, аурулардың пайда болуының патологиялық белгілерін анықтау үшін қарап-тексеруді жүргізу;
      29) жануарлардан алынатын шикізат - жануарлардан алынатын, жануарларды азықтандыруға арналған және (немесе) өнеркәсіпте пайдаланылатын тері, жүн, түк, қыл, бағалы аң терісі, мамық, қауырсын, эндокриндік бездер, ішек-қарын, қан, сүйек, мүйіз, тұяқ, басқа да өнім;
      29-1) жануарларды карантиндеу – диагностикалық зерттеулер мен ветеринариялық дауалау жүргізу мақсатында жаңадан келіп түскен, әкелінген, сатып алынған, әкетілетін, орны ауыстырылатын жануарларды оқшаулап ұстау;
      30) жануарлардың аса қауіпті аурулары - уәкілетті орган айқындайтын, жануарлар мен адамға ортақ ауруларды қоса алғанда, тез немесе кең таралатын, жануарлардың ауруға шалдыққыштығына немесе өлуіне, үлкен әлеуметтік-экономикалық залалға әкеп соғатын жануарлар аурулары;
      31) жануарлардың жұқпалы аурулары - жануардың организміне инфекцияның өзіндік ерекшелігі бар қоздырғышын (инвазия) енгізу салдарынан пайда болатын және жануардан жануарға және адамға жұғатын жануарлар аурулары;
      32) жануарлардың жұқпалы емес аурулары - жануарларды азықтандыру, ұстау, күтім жасау және шаруашылық мақсатқа пайдалану ережелерін бұзу салдарынан пайда болатын және жануардан жануарға және адамға жұқпайтын жануарлар аурулары;
      33) жануарлардың энзоотиялық аурулары – облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары айқындайтын, белгілі бір жерде тұрақты немесе жиі қайталанатын көрінісімен, әлеуметтік-экономикалық залалымен сипатталатын жануарлар аурулары;
      34) жемшөп - жануарларды азықтандыру үшін пайдаланылатын, құрамында сіңірілетін түрдегі қоректендіргіш заттар бар және жануарлардың саулығына зиянды әсерін тигізбейтін өсімдіктен, жануардан алынатын, минералдық, микробиологиялық, химиялық текті өнім;
      35) жемшөп қоспалары - жануарлардың рационында жетіспейтін қоректендіргіш және минералдық заттар мен дәрумендердің көздері ретінде пайдаланылатын органикалық, минералдық және (немесе) синтетикалық текті заттар;
      36) карантин - эпизоотия ошағын жою және аурудың таралуына жол бермеу мақсатында эпизоотия ошағы, қолайсыз пункт пен ветеринариялық-санитариялық тұрғыдан қолайлы аумақ арасындағы шаруашылық байланыстарды шектеуге немесе тоқтатуға және орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдауды (орнын ауыстыруды) тоқтата тұруға бағытталған ветеринариялық және әкімшілік-шаруашылық іс-шаралар жүйесін көздейтін құқықтық режим;
      37) қолайлы аймақ - жануарлардың жұқпалы ауруларынан ада аймақ;
      38) қолайсыз аймақ - жануарлардың жұқпалы аурулары анықталған аймақ;
      38-1) құжаттамалық мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау – бақылауға жататын тауарлардың қауіпсіздігін, әкелуге (әкетуге) немесе олардың транзитіне рұқсаттардың бар-жоғын, сондай-ақ берілген құжаттар мазмұнының Кеден одағының Бірыңғай ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды тексеру;
      39) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақыланатын және қадағаланатын орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілер (бұдан әрі - орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілер) - жануарлар, жануарлардың жыныстық және соматикалық жасушалары, жануарлар аурулары қоздырушыларының штаммдары, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізат, ветеринариялық препараттар, жемшөп пен жемшөп қоспалары, патологиялық материал немесе олардан алынатын сынамалар, судың, ауаның, топырақ қабатының, өсімдіктердің сынамалары, ветеринариялық және зоогигиеналық мақсаттағы бұйымдар мен атрибуттар, сондай-ақ оларды буып-түю және тасымалдау үшін пайдаланылатын ыдыстың барлық түрлері және осындай орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдайтын көлік құралдары;
      39-1) мониторинг – уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүзеге асырылатын, оларды талдауды, бағалауды және болжауды қамтитын мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілерінің жай-күйін байқаудың мемлекеттік жүйесі;
      39-2) өндірістік бақылау бөлімшелерінің ветеринариялық дәрігерлерін аттестаттау – өндірістік бақылау бөлімшелері ветеринариялық дәрігерлерінің уәкілетті орган белгілеген талаптарға сәйкестігін айқындау үшін уәкілетті орган кезеңділікпен жүргізетін рәсім;
      39-3) процессингтік орталық – функцияларын осы Заңға сәйкес жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының Үкіметі құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымның құрылымдық бөлімшесі;
      40) сараптама актісі (сынақ хаттамасы) – орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілер диагностикасының немесе ветеринариялық-санитариялық сараптамасының нәтижелері бойынша ветеринариялық зертханалар беретін құжат;
      41) сою алаңы (ауыл шаруашылығы жануарларын сою алаңы) - ет өңдейтін кәсіпорын немесе сою пункттері жоқ кезеңде, ветеринариялық-санитариялық ережелер сақталып және жануар мен оның сойылған өнімдеріне ветеринариялық тексеру жүргізе отырып, мал сою үшін белгіленетін бейімделген үй-жай (орын);
      42) сою пункті - ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізіле отырып, жануарларды соятын және жануарлардың сойылған өнімдерін бастапқы өңдейтін жабдықтармен жарақтандырылған, ветеринариялық-санитариялық нормалар мен талаптарға сай келетін мамандандырылған үй-жай;
      42-1) тіркеу – ауыл шаруашылығы жануарларын және оларды өндірушілер туралы дара нөмірлері бойынша деректер қорында бірдейлендіруді жүргізу үшін лазерлік станциялар, заттар (құралдар) мен нысандар туралы ақпаратты енгізу рәсімі;
      42-2) физикалық мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау – мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақыланатын және қадағаланатын орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді жете тексеру және жануарларды, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты ветеринариялық қарап-тексеру, ұсынылған ветеринариялық ілеспе құжаттарда көрсетілген деректерге сәйкестікті тексеру, оларда көрсетілмеген объектілердің бар болуын, сондай-ақ үйлеспейтін объектілердің бірге орны ауыстырылуын (тасымалдануын) болғызбау, көлік құралының орын ауыстыру (тасымалдау) шарттары мен режиміне, орамның және таңбалаудың белгіленген ветеринариялық-санитариялық талаптарға сәйкестігін бақылау;
      43) ішкі сауда объектілері – жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты, ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жем қоспаларын өткізуді жүзеге асыратын сауда объектілері, сондай-ақ қоғамдық тамақтандыру объектілері;
      44) шектеу іс-шаралары - жануарлар ауруларының таралуына жол бермеу және ветеринариялық-санитариялық қолайлы жағдайға қол жеткізу мақсатында эпизоотия ошағы мен қолайсыз пунктте шаруашылық байланыстарды ішінара шектеуге және орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдауды (орнын ауыстыруды) тоқтата тұруға бағытталған ветеринариялық, әкімшілік-шаруашылық іс-шаралар жүйесін көздейтін құқықтық режим;
      45) эпизоотия - тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында жануарлардың аса қауіпті және басқа да жұқпалы ауруларының жаппай таралуы;
      45-1) эпизоотологиялық зерттеп-қарау актісі – эпизоотологиялық ошақтардың туындау себептерін зерделеу және жануарлар ауруларының таралуына ықпал ететін немесе кедергі болатын жағдайларды анықтау нәтижелері бойынша, сондай-ақ жануарларды карантиндеу кезінде мемлекеттік ветеринариялық дәрігер беретін құжат;
      46) эпизоотия мониторингі - эпизоотологиялық зерттеуді және жануарлардың нақты ауруларының өршу заңдылықтары, олар мекендеген (ұсталған, өсірілген) аумақтардың табиғи-географиялық және экономикалық (шаруашылық) жағдайлары, жүргізілетін ветеринариялық іс-шаралар туралы ақпаратты қоса алғанда, жануарлар ауруларының таралуы туралы сандық деректерді жинау жүйесі және оларды кейіннен ветеринариялық іс-шаралардың тиімділігін талдау және эпизоотиялардың немесе панзоотиялардың пайда болуын, өршуін және жойылуын болжау үшін статистикалық өңдеу;
      47) эпизоотия ошағы - инфекцияны қоздырушы көздер, тарататын факторлар және ауруға бейім жануарлар тұрған шектеулі аумақ немесе қора-жай.
      Ескерту. 1-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.07.24 № 190-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.01.10 № 383-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.01.12 № 540-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 17.01.2014 № 165-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 10.11.2014 № 249-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен күнтізбелік тоқсан күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      2-бап. Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы
              заңдары

      1. Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
      2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, халықаралық шарттардың ережелерi қолданылады.

      3-бап. Ветеринария саласындағы негiзгi мiндеттер

      Ветеринария саласындағы негiзгi мiндеттер мыналар:
      1) жануарларды аурулардан қорғау және емдеу;
      2) халықтың денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғау;
      3) ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
      4) Қазақстан Республикасының аумағын басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелiнуi мен таралуынан қорғау;
      5) ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының қауiпсiздiгi мен сапасын бақылау;
      6) жануарлар аурулары диагностикасының, оларға қарсы күрестің және ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің құралдары мен әдістерін әзірлеу және пайдалану;
      7) жеке және заңды тұлғалар ветеринария саласындағы қызметтi жүзеге асыруы кезiнде қоршаған ортаны ластаудың алдын алу және оны жою;
      8) ветеринария ғылымын дамыту, ветеринария саласындағы мамандарды, ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру.
      Ескерту. 3-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2006.12.06 № 209, 2009.07.24 № 190-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 17.01.2014 № 165-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

2-тарау. ВЕТЕРИНАРИЯ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТIК РЕТТЕУ

      4-бап. Ветеринария саласындағы мемлекеттiк саясат

      Ветеринария саласындағы мемлекеттiк саясат:
      1) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді өндiру, сақтау және өткiзу кезiнде мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыруға;
      2) алып тасталды - ҚР 2012.07.10 № 34-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      3) Қазақстан Республикасының аумағын басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелiнуi мен таралуынан қорғауға;
      4) мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылаудың және қадағалаудың тәуелсiздiгiн қамтамасыз етуге;
      5) iндет жағдайын объективтi түрде бағалауды және ветеринария саласындағы халықаралық нормаларды ескере отырып, ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) ережелерді, нормаларды және ветеринариялық нормативтердi ғылыми негiзде әзiрлеуге;
      6) ғылыми негiздемесi болған жағдайда, ветеринариялық iс-шаралар өткiзудiң халықаралық ұсыныстарда көзделгеннен анағұрлым жоғары деңгейiне жетуге;
      7) ветеринариялық-санитариялық қолайлы жағдайды қамтамасыз ету мақсатында ветеринариялық iс-шараларды жүзеге асыру кезiнде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді өткiзуде негiзсiз шектеулерге жол бермеуге;
      7-1) ветеринариялық іс-шаралар өткізу кезінде мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылын қамтамасыз етуге;
      8) мыналардың:
      жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауiп төндiретiн, алып қойылатын және жойылатын ауру жануарлардың, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттың;
      жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қоймай залалсыздандырылған (зарарсыздандырылған) және қайта өңделген жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын өтеуге бағытталған.
       Ескерту. 4-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.07.24 № 190-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2012.07.10 № 34-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 17.01.2014 № 165-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      5-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң ветеринария
              саласындағы құзыретi

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің ветеринария саласындағы құзыретіне:
      1) ветеринария саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеу;
      2) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
      3) - 7) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
      8) шетел мемлекеттерімен және халықаралық ұйымдармен ветеринария саласындағы ынтымақтастық;
      9) - 16) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
      17) алып тасталды - ҚР 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      18) - 18-18) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
      19) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындау кіреді.
       Ескерту. 5-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.07.24 № 190-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен, өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.01.12 № 540-IV(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.07.15 № 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгізіледі), 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 17.01.2014 № 165-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      6-бап. Қазақстан Республикасының ветеринария жүйесi

      Қазақстан Республикасының ветеринария жүйесiне:
      1) Қазақстан Республикасының Үкіметі;
      1-1) уәкілетті орган;
      2) мемлекеттiк органдардың ветеринария саласындағы қызметтi жүзеге асыратын бөлiмшелерi;
      3) мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар желісінің мемлекеттік нормативіне сәйкес құрылатын мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар;
      4) ветеринария саласында кәсiпкерлiк қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар кiредi.
       Ескерту. 6-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.07.24 № 190-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 17.01.2014 № 165-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      7-бап. Ветеринария саласындағы мемлекеттік басқару
              органдары

      1. Ветеринария саласындағы мемлекеттік басқару органдарына аумақтық бөлімшелері, оның ішінде ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау бекеттері бар, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын оның ведомствосын қоса алғанда, уәкілетті орган жатады.
      2. Уәкілетті органның басшысы ведомствоның басшысына "Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы" деген арнайы атау беруге құқылы.
      Ведомствоның басшысы "Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының орынбасары" деген арнайы атаулар беруге, ал аумақтық ведомство бөлімшелерінің мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің тиісті лауазымдарына "бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор" және "бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектордың орынбасары" деген арнайы атаулар беруге құқылы.
      Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды тікелей жүзеге асыратын ведомствоның өзге де лауазымды адамдары мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлар болып табылады.
       Ескерту. 7-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.07.24 № 190-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      8-бап. Уәкілетті органның құзыреті

      Уәкілетті органның құзыретіне:
      1) ветеринария саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүргізу;
      1-1) ветеринария саласында жергілікті атқарушы органдарды үйлестіруді және оларға әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асыру;
      2) жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын сақтауына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
      2-1) жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын сақтауына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
      3) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
      4) профилактикасы, диагностикасы мен жойылуы бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын жануарлардың аса қауіпті ауруларының тiзбесiн әзірлеу және бекіту;
      5) алып тасталды - ҚР 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      6) жануарлардың аса қауіпті ауруларының профилактикасы, диагностикасы және оларды жою жөніндегі ветеринариялық іс-шараларды бекіту, ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
      7) Қазақстан Республикасының аумағын басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелінуі мен таралуынан қорғауды ұйымдастыру;
      8) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ветеринариялық препараттарды және оларды сақтау, тасымалдау (жеткізу) және пайдалану жөніндегі қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру;
      9) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ветеринария саласындағы ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларды және басқа да нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және бекіту;
      10) ветеринария саласындағы қызметке қойылатын біліктілік талаптарын әзірлеу және бекіту;
      11) ветеринариялық ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және ветеринария саласындағы мамандарды, ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды қайта даярлау;
      12) эпизоотиялық мониторинг жүргізу;
      13) ветеринариялық препараттарды, жемшөп қоспаларын, аспаптарды, құрал-саймандарды байқаудан өткiзудi, бақылауды, оларды тiркеу сынақтарын жүзеге асыру, сондай-ақ ветеринариялық препараттардың, жемшөп қоспаларының мемлекеттiк тiзiлiмiн жүргiзу;
      14) жаңа ветеринариялық препараттарға, жемшөп пен жемшөп қоспаларына қорытындылар беру;
      15) алып тасталды - ҚР 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      16) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ветеринария саласындағы халықаралық ұйымдарда Қазақстан Республикасының атынан өкілдік ету, сондай-ақ олармен ынтымақтастықты ұйымдастыру;
      17) басқа елдердің ветеринариялық-санитариялық шараларының, егер бұл шаралар Қазақстан Республикасының аумағындағы салауаттылықтың тиісті деңгейін қамтамасыз ететін болса, баламалылығын тану;
      18) экспорттаушы елдің ғылыми негіздемесі жеткіліксіз болған жағдайда, халықаралық ұйымдардан алынған ақпаратты қоса алғанда, қолда бар тиісті ақпараттың негізінде уақытша ветеринариялық-санитариялық шараларды енгізу;
      19) ауру таралмаған немесе ауру аз таралған аумақты немесе оның бөліктерін айқындау, осы аумақтардан экспортталатын орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерге мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру, импортталатын елге растауды беру және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда көзделген жағдайларда, оның өкілдерінің осы аумақтарда инспекция жүргізуге қол жеткізуін қамтамасыз ету;
      20) жеткілікті ғылыми негіздемеге негізделген және жануарлар мен адам өміріне және денсаулығына тигізетін салдарлары ескерілген, сондай-ақ халықаралық талаптарға сай келетін ветеринариялық нормативтерді бекіту;
      РҚАО-ның ескертпесі!
      21) тармақшаны алып тастау көзделген - ҚР 29.03.2016 № 479-V Заңымен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).
      21) ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды аттестаттау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
      22) ветеринария саласындағы техникалық регламенттерді әзірлеу және бекіту;
      23) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен техникалық регламенттерде белгіленген талаптардың орындалуын мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау;
      24) аумақты аймақтарға бөлу тәртібін айқындау;
      25) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар жоспарын келісу;
      26) ветеринариялық препараттардың республикалық қорын қалыптастыру, пайдалану және оларды есептен шығару тәртібі мен нормативін бекіту;
      27) ветеринариялық препараттардың республикалық қорын мемлекеттік сатып алуды, сақтауды, пайдалануды және оларды есептен шығаруды ұйымдастыру;
      28) ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын пайдалану кезінде оларды есептен шығару, сондай-ақ оларды сақтау мерзімдері өткеннен кейін жою немесе зертханалық зерттеу нәтижелері бойынша мақсатына қарай пайдалануға жарамсыз деп тану тәртібі мен нормативін бекіту;
      29) Қазақстан Республикасының аумағында орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдауды жүзеге асыру тәртібін әзірлеу және бекіту;
      30) тиісті аумақтағы эпизоотиялық жағдайды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына, импортына және транзитіне рұқсат беру тәртібін әзірлеу және бекіту;
      31) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау жүргізу туралы және орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің импортына рұқсат беретін ұйымдарды айқындау туралы шешім шығару;
      32) жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға есептік нөмірлер беру тәртібін әзірлеу және бекіту;
      33) ұйымдарда ветеринария саласында пайдаланылатын жануарлар ауруларын қоздырушылары штаммдарының пайдаланылуына, тасымалдануына (жеткізілуіне), сақталуына және жойылуына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
      34) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлердiң және биологиялық материалдың сынамаларын алу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
      35) ветеринариялық іс-шараларды жүзеге асыру жөніндегі ұсынымдар мен әдістемелік нұсқауларды бекіту;
      36) алып тасталды - ҚР 17.01.2014 № 165-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
      37) жергілікті атқарушы органдардың ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын бөлімшелері туралы үлгі ережені әзірлеу және бекіту;
      38) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру тәртібін әзірлеу және бекіту;
      38-1) процессингтік орталықтың жұмыс істеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
      38-2) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін лазерлік станцияларды, бұйымдарды (құралдарды) және атрибуттарды және оларды өндірушілерді тіркеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
      39) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі деректер базасын қалыптастыру, жүргізу және одан үзінді көшірмелер беру ережелерін бекіту;
      40) жануарлар мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қойылатын және жойылатын ауру жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын иелеріне өтеу;
      41) жеке және заңды тұлғаларға экспорттау, импорттау және транзиттеу еліндегі эпизоотиялық жағдай туралы ақпарат беру;
      42) кейіннен өткізуге арналған ауыл шаруашылығы жануарларын союды ұйымдастыру тәртібін әзірлеу және бекіту;
      43) алып тасталды - ҚР 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
      44) ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) нормаларды, ветеринариялық есепке алу мен есептілік нысандарын әзірлеу және бекіту;
      45) ветеринариялық есепке алу мен есептілікті жүргізу, ұсыну тәртібін әзірлеу және бекіту;
      46) алып тасталды - ҚР 16.05.2014 № 203-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі);
      46-1) жануарларды өсіруді, өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне қойылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарды әзірлеу және бекіту;
      46-2) жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты дайындауды (жануарларды сою), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне қойылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарды әзірлеу және бекіту;
      46-3) ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға қойылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарды әзірлеу және бекіту;
      46-4) ветеринариялық құжаттарды беру тәртібін және олардың бланкілеріне қойылатын талаптарды әзірлеу және бекіту;
      46-5) жануарлардың аса қауiптi ауруларына қарсы ветеринариялық iс-шараларды жоспарлау және өткізу қағидаларын бекiту;
      46-6) жаңа, жетілдірілген ветеринариялық препараттарға, жемшөп қоспаларына нормативтік-техникалық құжаттаманы келісу тәртібін бекіту;
      46-7) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
      46-8) өндірістік бақылау бөлімшелерінің ветеринариялық дәрігерлерін аттестаттау тәртібін әзірлеу және бекіту;
      46-9) Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес ветеринариялық мақсаттағы препараттар өндіруді лицензиялау;
      46-10) мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар желісінің мемлекеттік нормативін әзірлеу және бекіту;
      46-11) биологиялық қалдықтарды кәдеге жарату, жою тәртібін әзірлеу және бекіту;
      46-12) тамақ қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік мониторингтің жоспарын бекіту;
      46-13) сараптама актісін (сынақ хаттамасын) беру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
      46-14) ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
      46-15) ветеринариялық препараттарды, жемшөп қоспаларын мемлекеттік тіркеуді жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
      46-16) жануарларды өткізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
      46-17) жануарларды карантиндеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
      46-18) дезинфекция, дезинсекция, дератизация жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
      46-19) эпизоотиялық мониторинг жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
      46-20) ветеринариялық препарат пен жемшөп қоспаларын байқаудан өткізу қағидаларын бекіту;
      46-21) жануарларға қарау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
      46-22) шектеу іс-шараларын және карантинді белгілеу немесе алып тастау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
      46-23) мемлекеттік органдардың ветеринариялық іс-шаралар өткізу кезінде өзара іс-қимыл жасау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
      46-24) диагностикалық зерттеулер жүргізу қағидаларын бекіту;
      47) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру кіреді.
      Ескерту. 8-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.07.24 № 190-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен, өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.01.12 № 540-IV(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.07.15 № 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 17.01.2014 № 165-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 16.05.2014 № 203-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      9-бап. Ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын
              мемлекеттік органдардың бөлімшелері

      1. Мыналар:
      1) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, жергілікті атқарушы органдарының ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын бөлімшелері;
      2) жануарларды ұстайтын және пайдаланатын мемлекеттік органдардың бөлімшелері ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың бөлімшелері болып табылады.
      2. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының бөлімшелері ветеринария саласындағы қызметті осы Заңға сәйкес жүзеге асырады және дербес бөлімшелер нысанында құрылады.
      2-1. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдарының ветеринария саласындағы қызметтi жүзеге асыратын бөлiмшесiнiң басшысы бас мемлекеттiк ветеринариялық дәрiгер болып табылады, ал өзге лауазымды адамдары мемлекеттiк ветеринариялық дәрiгерлер болып табылады.
      3. Жануарларды ұстайтын және пайдаланатын мемлекеттік органдар ветеринария саласындағы мынадай қызметті:
      1) тиісті мемлекеттік органдарға тиесілі жануарлар ауруларының профилактикасы мен диагностикасын, оларды емдеуді;
      2) тиісті мемлекеттік органдарға тиесілі мемлекеттік  ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бөлімшелер құра алады.
      4. Мемлекеттік органдардың осы баптың 3-тармағында көрсетілген бөлімшелері Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын басшылыққа алады.
      5. Ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың бөлімшелері ветеринариялық есеп пен есептілікті жүргізеді және оларды Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен табыс етеді.
       Ескерту. 9-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.07.24 № 190-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен, өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.01.12 № 540-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 17.01.2014 № 165-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      10-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың,
               астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар
               қалалардың жергілікті атқарушы органдарының
               құзыреті

      Ескерту. Тақырыпқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.01.12 № 540-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      1. Облыстардың жергілікті атқарушы органдарының құзыретіне:
      1) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен бірлесе отырып, халық денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғауды ұйымдастыру және өзара ақпарат алмасуды жүзеге асыру;
      1-1) ветеринария саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
      2) облыстың аумағында орналасқан екі және одан көп ауданда жануарлардың жұқпалы аурулары пайда болған жағдайда, тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынуы бойынша карантинді немесе шектеу iс-шараларын белгілеу туралы шешімдер қабылдау;
      3) осы облыстың аумағында орналасқан екі және одан көп ауданда пайда болған жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою жөнінде ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілгеннен кейін тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынуы бойынша шектеу іс-шараларын немесе карантинді тоқтату туралы шешімдер қабылдау;
      4) Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес жануарлардан алынатын өнім мен шикізатқа ветеринариялық-санитариялық сараптаманы лицензиялау;
      5) уәкілетті орган белгілеген тәртіппен аумақты аймақтарға бөлу туралы шешім шығару;
      6) уәкілетті органмен келісім бойынша тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар жоспарын бекіту;
      7) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар өткізуді ұйымдастыру;
      8) ветеринариялық препараттардың республикалық қорын қоспағанда, жануарлардың аса қауіпті ауруларының профилактикасына арналған ветеринариялық препараттарды сақтауды, оларды аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарына тасымалдауды (жеткізуді) ұйымдастыру;
      9) алып тасталды - ҚР 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      10) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдарды (құралдарды) және атрибуттарды тасымалдау (жеткізу), ветеринариялық паспортты дайындау жөнінде көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру;
      10-1) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдарға (құралдарға) және атрибуттарға қажеттілікті айқындау және процессингтік орталыққа ақпарат беру;
      10-2) алып тасталды - ҚР 17.01.2014 № 165-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі);
      11) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқордың жүргізілуін ұйымдастыру;
      11-1) жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға есептік нөмірлер беру;
      11-2) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын сақтауына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
      11-3) эпизоотия ошақтары пайда болған жағдайда оларды зерттеп-қарауды жүргізу;
      11-4) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен техникалық регламенттерде белгіленген талаптардың орындалуын мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
      11-5) эпизоотологиялық зерттеп-қарау актісін беру;
      11-6) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының сақталуы тұрғысынан мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды:
      ішкі сауда объектілерінде;
      жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінде, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарда (импортпен және экспортпен байланыстыларды қоспағанда);
      ветеринариялық препараттар өндіруді қоспағанда, ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларда;
      экспортын (импортын) және транзитін қоспағанда, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдау (орнын ауыстыру), тиеу, түсіру кезінде;
      экспортты (импортты) және транзитті қоспағанда, жануарлар ауруларының қоздырушыларын тарататын факторлар болуы мүмкін көлік құралдарының барлық түрлерінде, ыдыстың, буып-түю материалдарының барлық түрлері бойынша;
      тасымалдау (орнын ауыстыру) маршруттары өтетін, мал айдалатын жолдарда, маршруттарда, мал жайылымдары мен суаттардың аумақтарында;
      экспортты (импортты) және транзитті қоспағанда, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді өсіретін, сақтайтын, қайта өңдейтін, өткізетін немесе пайдаланатын жеке және заңды тұлғалардың аумақтарында, өндірістік үй-жайларында және қызметіне жүзеге асыру;
      11-7) мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді күтіп-ұстауға, өсіруге, пайдалануға, өндіруге, дайындауға (союға), сақтауға, қайта өңдеу мен өткізуге байланысты мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілерін орналастыру, салу, реконструкциялау және пайдалануға беру кезінде, сондай-ақ оларды тасымалдау (орнын ауыстыру) кезінде зоогигиеналық және ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптардың сақталуына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
      11-8) жеке және заңды тұлғаларға қатысты мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау актісін жасау;
      12) ветеринариялық есепке алу мен есептілікті жинақтау, талдау және оларды уәкілетті органға ұсыну;
      13) алып тасталды - ҚР 17.01.2014 № 165-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
      14) жануарлардың энзоотиялық ауруларының профилактикасы мен диагностикасына арналған ветеринариялық препараттарды, олардың профилактикасы мен диагностикасы жөніндегі қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру, оларды сақтауды және аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарына тасымалдауды (жеткізуді) ұйымдастыру;
      15) уәкілетті орган бекіткен тізбе бойынша жануарлардың аса қауіпті ауруларының, сондай-ақ жануарлардың энзоотиялық және басқа да ауруларының профилактикасы, биологиялық материал сынамаларын алу және оларды диагностикалау үшін жеткізу бойынша ветеринариялық іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз ету;
      16) алып тасталды - ҚР 2012.01.12 № 540-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
      17) ветеринария мәселелері бойынша халықтың арасында ағарту жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу;
      17-1) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөнiндегі іс-шаралар жүргізуді ұйымдастыру;
      17-2) жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерін, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарды пайдалануға қабылдайтын мемлекеттік комиссияларға қатысу;
      17-3) профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесін бекіту;
      18) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру кіреді.
      1-1. Республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының құзыретіне:
      1) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен бірлесіп, халық денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғауды ұйымдастыру және өзара ақпарат алмасуды жүзеге асыру;
      1-1) ветеринария саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
      2) республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында жануарлардың жұқпалы аурулары пайда болған жағдайда, бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектордың ұсынуы бойынша карантинді немесе шектеу iс-шараларын белгілеу туралы шешімдер қабылдау;
      3) республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында пайда болған жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілгеннен кейін бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектордың ұсынуы бойынша шектеу іс-шараларын немесе карантинді алып тастау туралы шешімдер қабылдау;
      4) Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес жануарлардан алынатын өнім мен шикізатқа ветеринариялық-санитариялық сараптаманы лицензиялау;
      4-1) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жеке және заңды тұлғалардан ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламалар қабылдау, сондай-ақ рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізу;
      5) уәкілетті орган белгілеген тәртіппен аумақты аймақтарға бөлу туралы шешім шығару;
      6) уәкілетті органмен келісім бойынша тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар жоспарын бекіту;
      7) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар жүргізуді ұйымдастыру;
      8) ветеринариялық препараттардың республикалық қорын қоспағанда, жануарлардың аса қауіпті ауруларының профилактикасы бойынша ветеринариялық препараттарды сақтауды, тасымалдауды (жеткізуді) ұйымдастыру;
      9) алып тасталды - ҚР 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      10) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдарды (құралдарды) және атрибуттарды тасымалдау (жеткізу), ветеринариялық паспортты дайындау жөнінде көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру;
      11) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқордың жүргізілуін ұйымдастыру;
      11-1) жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға есептік нөмірлер беру;
      11-2) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беруге құқығы бар мемлекеттік ветеринариялық дәрігерлер тізімін бекіту;
      11-3) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын сақтауын мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
      11-4) эпизоотия ошақтары пайда болған жағдайда оларды зерттеп-қарауды жүргізу;
      11-5) тиісті әкімшілік-аумақтың бірлік шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен техникалық регламенттерде белгіленген талаптардың орындалуын мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
      11-6) эпизоотологиялық зерттеп-қарау актісін беру;
      11-7) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуы тұрғысынан мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды:
      ішкі сауда объектілерінде;
      жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінде, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарда (импортпен және экспортпен байланыстыларды қоспағанда);
      ветеринариялық препараттар өндіруді қоспағанда, ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларда;
      экспортын (импортын) және транзитін қоспағанда, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдау (орнын ауыстыру), тиеу, түсіру кезінде;
      экспортты (импортты) және транзитті қоспағанда, жануарлар ауруларының қоздырушыларын тарататын факторлар болуы мүмкін көлік құралдарының барлық түрлерінде, ыдыстың, буып-түю материалдарының барлық түрлері бойынша;
      тасымалдау (орнын ауыстыру) маршруттары өтетін, мал айдалатын жолдарда, маршруттарда, мал жайылымдары мен суаттардың аумақтарында;
      экспортты (импортты) және транзитті қоспағанда, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді өсіретін, сақтайтын, қайта өңдейтін, өткізетін немесе пайдаланатын жеке және заңды тұлғалардың аумақтарында, өндірістік үй-жайларында және қызметіне жүзеге асыру;
      11-8) мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді күтіп-ұстауға, өсіруге, пайдалануға, өндіруге, дайындауға (союға), сақтауға, қайта өңдеу мен өткізуге байланысты мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілерін орналастыру, салу, реконструкциялау және пайдалануға беру кезінде, сондай-ақ оларды тасымалдау (орнын ауыстыру) кезінде зоогигиеналық және ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптардың сақталуына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
      11-9) жеке және заңды тұлғаларға қатысты орындалуы міндетті мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау актісін жасау;
      12) ветеринариялық есепке алу мен есептiлiктi жинақтау, талдау және оларды уәкiлеттi органға ұсыну;
      13) алып тасталды - ҚР 17.01.2014 № 165-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
      14) жануарлардың энзоотиялық ауруларының профилактикасы және диагностикасы бойынша ветеринариялық препараттарды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру;
      15) ветеринариялық препараттарды сақтауды және тасымалдауды (жеткізуді) жүзеге асыру, жануарлардың энзоотиялық ауруларының профилактикасы мен диагностикасы жөнінде ветеринариялық іс-шаралар жүргізу;
      16) уәкілетті орган бекіткен тізбе бойынша жануарлардың аса қауіпті ауруларының, сондай-ақ жануарлардың энзоотиялық және басқа да ауруларының профилактикасы, биологиялық материал сынамаларын алу және оларды диагностикалау үшін жеткізу бойынша ветеринариялық іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз ету;
      17) алып тасталды - ҚР 17.01.2014 № 165-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
      18) алып тасталды - ҚР 17.01.2014 № 165-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
      19) ветеринария мәселелері бойынша халық арасында ағарту жұмысын ұйымдастыру және жүргізу;
      20) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдарға (құралдарға) және атрибуттарға қажеттілікті айқындау және процессингтік орталыққа ақпарат беру;
      21) алып тасталды - ҚР 17.01.2014 № 165-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі);
      22) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі іс-шаралар жүргізуді ұйымдастыру;
      23) қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды ұйымдастыру;
      24) ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарға сәйкес мал қорымын (биотермиялық шұңқырларды) салуды ұйымдастыру және оларды күтіп-ұстауды қамтамасыз ету;
      25) алып тасталды - ҚР 17.01.2014 № 165-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
      26) алып тасталды - ҚР 17.01.2014 № 165-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
      27) республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті өкілді органына бекіту үшін жануарларды асырау қағидаларын, иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидаларын, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларын, жануарларды асыраудың санитариялық аймақтарының шекараларын белгілеу жөнінде ұсыныстар енгізу;
      28) мүдделі тұлғаларға өткізіліп жатқан ветеринариялық іс-шаралар туралы ақпарат беруді ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
      29) жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (малды союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерін, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарды пайдалануға қабылдау жөніндегі мемлекеттік комиссияларды ұйымдастыру;
      30) жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты алып қоймай залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және қайта өңдеу;
      31) жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қоймай залалсыздандырылған (зарарсыздандырылған) және қайта өңделген жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын иелеріне өтеу;
      32) алып тасталды - ҚР 17.01.2014 № 165-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
      32-1) жануарлар өсiрудi, жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеудi және өткiзудi жүзеге асыратын өндiрiс объектiлерiн, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндiру, сақтау және өткiзу жөнiндегi ұйымдарды пайдалануға қабылдайтын мемлекеттiк комиссияларға қатысу;
      32-2) профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тiзбесiн бекiту;
      32-3) ауру малдарды санитариялық союды ұйымдастыру;
      33) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру кіреді.
      2. Ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының құзыретіне:
      1) облыстың жергiлiктi өкiлдi органына бекiту үшін жануарларды асырау қағидаларын, иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидаларын, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларын, жануарларды асыраудың санитариялық аймақтарының шекараларын белгiлеу жөнiнде ұсыныстар енгізу;
      2) қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды ұйымдастыру;
      3) ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарға сәйкес мал қорымын (биотермиялық шұңқырларды) салуды ұйымдастыру және оларды күтіп-ұстауды қамтамасыз ету;
      4) мүдделі тұлғаларға өткізіліп жатқан ветеринариялық іс-шаралар туралы ақпарат беруді ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
      5) ветеринария мәселелері бойынша халықтың арасында ағарту жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу;
      6) жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерін, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарды пайдалануға қабылдайтын мемлекеттік комиссияларды ұйымдастыру;
      7) жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты алып қоймай залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және қайта өңдеу;
      8) жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қоймай залалсыздандырылған (зарарсыздандырылған) және қайта өңделген жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын иелеріне өтеу;
      9) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) аумағында жануарлардың жұқпалы аурулары пайда болған жағдайда, тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынуы бойынша карантинді немесе шектеу iс-шараларын белгілеу туралы шешімдер қабылдау;
      10) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) аумағында жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілгеннен кейін тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынуы бойынша шектеу іс-шараларын немесе карантинді тоқтату туралы шешімдер қабылдау;
      11) алып тасталды - ҚР 17.01.2014 № 165-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
      11-1) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беруге құқығы бар мемлекеттік ветеринариялық дәрігерлер тізімін бекіту;
      11-2) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын сақтауын мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
      11-3) эпизоотия ошақтары пайда болған жағдайда оларды зерттеп-қарауды жүргізу;
      11-4) эпизоотологиялық зерттеп-қарау актісін беру;
      11-5) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуы тұрғысынан мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды:
      ішкі сауда объектілерінде;
      жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінде, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарда (импортпен және экспортпен байланыстыларды қоспағанда);
      ветеринариялық препараттар өндіруді қоспағанда, ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын адамдарда;
      экспортын (импортын) және транзитін қоспағанда, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдау (орнын ауыстыру), тиеу, түсіру кезінде;
      экспортты (импортты) және транзитті қоспағанда, жануарлар ауруларының қоздырушыларын тарататын факторлар болуы мүмкін көлік құралдарының барлық түрлерінде, ыдыстың, буып-түю материалдарының барлық түрлері бойынша;
      тасымалдау (орнын ауыстыру) маршруттары өтетін, мал айдалатын жолдарда, маршруттарда, мал жайылымдары мен суаттардың аумақтарында;
      экспортты (импортты) және транзитті қоспағанда, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді өсіретін, сақтайтын, өңдейтін, өткізетін немесе пайдаланатын жеке және заңды тұлғалардың аумақтарында, өндірістік үй-жайларында және қызметіне жүзеге асыру;
      11-6) мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді күтіп-ұстауға, өсіруге, пайдалануға, өндіруге, дайындауға (союға), сақтауға, қайта өңдеу мен өткізуге байланысты мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілерін орналастыру, салу, реконструкциялау және пайдалануға беру кезінде, сондай-ақ оларды тасымалдау (орнын ауыстыру) кезінде зоогигиеналық және ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптардың сақталуына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
      11-7) жеке және заңды тұлғаларға қатысты мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау актісін жасау;
      12) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында жануарлардың энзоотиялық аурулары бойынша ветеринариялық іс-шаралар өткізуді ұйымдастыру;
      13) уәкілетті орган бекітетін тізбе бойынша жануарлардың аса қауіпті ауруларының, сондай-ақ жануарлардың басқа да ауруларының профилактикасы, биологиялық материал сынамаларын алу және оларды диагностикалау үшін жеткізу бойынша ветеринариялық іс-шаралардың жүргізілуін ұйымдастыру;
      14) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорды жүргізу бойынша іс-шаралар өткізуді ұйымдастыру;
      14-1) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін бұйымдарға (құралдарға) және атрибуттарға қажеттілікті айқындау және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органына ақпарат беру;
      15) ветеринариялық есепке алу мен есептілікті жинақтау, талдау және оларды облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органына ұсыну;
      16) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органына жануарлардың жұқпалы және жұқпалы емес ауруларының профилактикасы бойынша ветеринариялық іс-шаралар жөнінде ұсыныстар енгізу;
      17) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органына профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесі жөнінде ұсыныстар енгізу;
      18) алып тасталды - ҚР 17.01.2014 № 165-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
      19) ветеринариялық препараттардың республикалық қорын қоспағанда, бюджет қаражаты есебінен сатып алынған ветеринариялық препараттарды сақтауды ұйымдастыру;
      20) алып тасталды - ҚР 17.01.2014 № 165-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
      20-1) алып тасталды - ҚР 17.01.2014 № 165-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
      20-2) алып тасталды - ҚР 17.01.2014 № 165-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
      20-3) облыстың жергілікті атқарушы органына тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар туралы ұсыныстар енгізу;
      20-4) алып тасталды - ҚР 17.01.2014 № 165-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
      20-5) алып тасталды - ҚР 17.01.2014 № 165-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
      20-6) ауру жануарларды санитариялық союды ұйымдастыру;
      20-7) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жеке және заңды тұлғалардан ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламалар қабылдау, сондай-ақ рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізу;
      21) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру кіреді.
      Ескерту. 10-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.07.24 № 190-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.03.24 № 420-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.01.12 № 540-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.04.27 № 15-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 17.01.2014 № 165-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 16.05.2014 № 203-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      10-1-бап. Аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық
                 округ әкімінің құзыреті

      Аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің құзыретіне мыналар кіреді:
      1) елді мекен жерлерінде мал жаятын орындарды айқындау;
      2) елді мекендер аумақтарын санитариялық тазалауды ұйымдастыру;
      3) - 6) алып тасталды - ҚР 17.01.2014 № 165-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
      7) тиісті аумақта жануарлардың жұқпалы аурулары пайда болған жағдайда, бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектордың ұсынуы бойынша карантинді немесе шектеу iс-шараларын белгілеу туралы шешімдер қабылдау;
      8) тиісті аумақта жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілгеннен кейін бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектордың ұсынуы бойынша шектеу іс-шараларын немесе карантинді тоқтату туралы шешімдер қабылдау;
      9) - 14) алып тасталды - ҚР 17.01.2014 № 165-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
      15) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ветеринариялық пункттерді қызметтік үй-жайлармен қамтамасыз ету;
      16) - 17) алып тасталды - ҚР 17.01.2014 № 165-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
      Ескерту. 10-1-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.07.24 № 190-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), өзгерістер енгізілді - 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.01.12 № 540-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.07.15 № 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгізіледі); 17.01.2014 № 165-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      11-бап. Мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар

      1. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
      1) мынадай функцияларды:
      уәкілетті орган бекітетін тізбеге енгізілген жануарлардың аса қауіпті ауруларының ошақтарын жоюды;
      ветеринариялық бақылау бекеттерінде көлік құралдарын дезинфекциялауды;
      ветеринариялық препараттардың республикалық қорын сақтауды;
      аса қауіпті аурулармен ауыратын жануарларды мемлекеттік органдардың шешімі бойынша алып қоюды және жоюды;
      осы Заңның 32-бабының 1-1-тармағына сәйкес процессингтік орталықтың функцияларын жүзеге асыру мақсатында мемлекеттік мекеме;
      2) мемлекеттiк монополияға жатқызылған мынадай функцияларды:
      уәкілетті орган бекітетін тізбеге енгізілген жануарлардың аса қауіпті ауруларының диагностикасын;
      облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органы бекiтетiн тiзбеге енгiзiлген жануарлардың энзоотиялық ауруларының диагностикасын жүзеге асыру мақсатында республикалық мемлекеттiк кәсiпорын нысанында мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар құрады.
      Уәкілетті орган бекітетін тізбеге енгізілген жануарлардың аса қауіпті ауруларының диагностикасына және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы бекітетін тізбеге енгізілген жануарлардың энзоотикалық ауруларының диагностикасына технологиялық байланысты қызметке:
      зертханалық зерттеулер мен ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізу;
      өлшем құралдарын салыстырып тексеру және сынақ жабдығын аттестаттау;
      дезинфекцияның сапасын бактериологиялық зерттеу;
      биологиялық қалдықтарды кәдеге жарату мен жою жатады;
      3) мынадай функцияларды:
      жануарлар ауруларының диагностикасы жөніндегі референттік функцияны;
      эпизоотиялық мониторингті;
      сақтаулы микроорганизмдер штаммдарының Ұлттық коллекциясын жүргізуді;
      ветеринариялық препараттарды, жемшөп қоспаларын тіркеу сынақтарын, байқаудан өткізуді, сондай-ақ препараттарға шағым түскен кезде олардың серияларын (партияларын) бақылауды;
      тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік мониторингті, референцияны;
      ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының қауіпсіздік мониторингін жүзеге асыру мақсатында республикалық мемлекеттік кәсіпорын нысанында мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар құрады.
      1-1. Мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын монополияға қарсы органмен келісу бойынша уәкілетті орган белгілейді.
      2. Мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар қызметтің лицензияланатын түрлерін Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес берілген лицензия негізінде жүзеге асырады.
      3. Мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар ветеринариялық есеп пен есептілікті жүргізеді және оларды Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен табыс етеді.
      4. Республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары мынадай функцияларды:
      жануарлардың аса қауіпті, жұқпалы емес және энзоотиялық ауруларына қарсы ветеринариялық іс-шаралар жүргізуді;
      ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуді;
      ауыл шаруашылығы жануарларын қолдан ұрықтандыру бойынша қызметтер көрсетуді;
      жануарлардың аса қауіпті және энзоотиялық ауруларына қарсы ветеринариялық препараттарды тасымалдау (жеткізу), сақтау, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдарды (құралдарды) және атрибуттарды тасымалдау (жеткізу) бойынша қызметтер көрсетуді;
      құрылысын тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің жергілікті атқарушы органдары ұйымдастырған мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), мал сою алаңдарын (ауыл шаруашылығы жануарларын сою алаңдарын) күтіп-ұстауды;
      қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды;
      ветеринариялық анықтама беруді;
      ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорды жүргізуді және одан үзінді көшірме беруді;
      биологиялық материалдың сынамаларын алуды және оларды ветеринариялық зертханаға жеткізуді;
      ауру жануарларды санитариялық союға тасымалдау бойынша қызмет көрсетуді жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен мемлекеттiк ветеринариялық ұйымдар құрады.
      Аудандардың жергілікті атқарушы органдары құратын мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар ветеринариялық пункттерімен құрылады.
       Ескерту. 11-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.07.24 № 190-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен, өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.01.12 № 540-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 № 34-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 17.01.2014 № 165-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.05.2014 № 203-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      12-бап. Ветеринария саласындағы қызметті лицензиялау

      Ветеринария саласындағы қызметті лицензиялау Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
      Ескерту. 12-бап жаңа редакцияда - ҚР 16.05.2014 № 203-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      13-бап. Ветеринария саласындағы кәсiпкерлiк қызмет

      1. Ветеринария саласындағы кәсiпкерлiк қызметтi Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарына сәйкес жеке және заңды тұлғалар жүзеге асырады.
      1-1. Жеке және заңды тұлғалардың ветеринария саласындағы жүзеге асыратын кәсіпкерлік қызметінің түрлеріне:
      1) ветеринариялық емдеу-профилактикалық қызметі;
      2) ветеринариялық мақсаттарға арналған дәрiлiк заттарды, биологиялық препараттарды, ветеринариялық және зоогигиеналық мақсаттағы бұйымдар мен атрибуттарды өткiзу;
      3) дезинфекция, дезинсекция, дератизация, дегельминтизация жүргізу;
      4) ветеринариялық мақсаттағы препараттарды өндiру мен өткiзу;
      5) жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттарға ветеринариялық-санитариялық сараптама жасау;
      6) Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған ветеринария саласындағы өзге де қызмет түрлері кіреді.
      2. Ветеринария мамандықтары бойынша жоғары, орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі бар адамдардың ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметпен айналысуға құқығы бар.
      Ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар осы Заңның 13-1-бабында көзделген тәртіппен өз қызметінің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама жасайды.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      3-тармақты алып тастау көзделген - ҚР 29.03.2016 № 479-V Заңымен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).
      3. Ветеринария саласындағы кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарында белгiленген тәртiппен аттестатталуға тиiс.
      4. Жеке және заңды тұлғалар өзiнiң кәсiпкерлiк қызметiнiң нәтижелерi бойынша ветеринариялық есеп пен есептiлiк жүргiзедi және оларды Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарында белгiленген тәртiппен табыс етедi.
      Ескерту. 13-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2007.07.27 № 320 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.07.15 № 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгізіледі); 17.01.2014 № 165-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.05.2014 № 203-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      13-1-бапқа өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 29.03.2016 № 479-V Заңымен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).

      13-1-бап. Ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті
                 жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны
                 туралы хабарламалар

      1. Ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметтің мынадай түрлері хабарлама жасауға жатады:
      1) ветеринариялық емдеу-профилактикалық қызметі;
      2) ветеринариялық мақсаттарға арналған дәрiлiк заттарды, биологиялық препараттарды, ветеринариялық және зоогигиеналық мақсаттағы бұйымдар мен атрибуттарды өткiзу;
      3) дезинфекция, дезинсекция, дератизация, дегельминтизация жүргізу.
      2. Жеке және заңды тұлғалар ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру басталғанға немесе тоқтатылғанға дейін бұл жөнінде республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органын «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен хабардар етуге міндетті.
      3. Республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органын ветеринариялық емдеу-профилактикалық қызметтің басталғаны туралы хабардар еткен жеке және заңды тұлғалардың:
      1) қызметті жүзеге асыру үшін қажетті жабдық жиынтығын иеленуі;
      2) штатында ветеринария саласындағы тиісті мамандықтар бойынша қызметкерлерінің болуы (заңды тұлғалар);
      3) ветеринария саласындағы тиісті мамандық бойынша білімі туралы дипломының болуы (жеке тұлғалар) міндетті.
      4. Республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органын ветеринариялық емдеу-профилактикалық қызметтің басталғаны туралы хабардар еткен жеке және заңды тұлғалар хабарламаға:
      1) тегін, атын, әкесінің атын, білімін, дипломның нөмірі мен берілген күнін қамтитын, ұйымның бірінші басшысы қол қойған және мөрімен бекемделген жиынтық кестені (заңды тұлғалар);
      2) ветеринария саласындағы тиісті мамандық бойынша білімі туралы дипломның көшірмесін (жеке тұлғалар);
      3) мамандандырудан немесе біліктілігін жетілдіруден және оны арттырудың басқа да түрлерінен өткені туралы сертификатты;
      4) ветеринариялық-санитариялық қорытындының көшірмесін қоса береді.
      5. Республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органын ветеринариялық мақсаттарға арналған дәрiлiк заттарды, биологиялық препараттарды, ветеринариялық және зоогигиеналық мақсаттағы бұйымдар мен атрибуттарды өткiзу жөніндегі қызметтің басталғаны туралы хабардар еткен жеке және заңды тұлғалардың:
      1) қызметті жүзеге асыру үшін меншік құқығында немесе өзге де заңды негізде үй-жайларының және жабдық жиынтығын иеленуі;
      2) штатында ветеринария саласындағы тиісті мамандықтар бойынша қызметкерлерінің болуы (заңды тұлғалар);
      3) ветеринария саласындағы тиісті мамандық бойынша білімі туралы дипломының болуы (жеке тұлғалар) міндетті.
      Хабарламаға осы баптың 4-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген құжаттар, сондай-ақ:
      1) объектіге есептік нөмір берілгені туралы растаудың;
      2) меншік құқығында немесе өзге де заңды негізде тиісті үй-жайлардың болуын растайтын құқық белгілейтін құжаттардың көшірмелері қоса беріледі.
      6. Республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органын дезинфекция, дезинсекция, дератизация, дегельминтизация жүргізу жөніндегі қызметтің басталғаны туралы хабардар еткен жеке және заңды тұлғалардың:
      1) қызметті жүзеге асыру үшін меншік құқығында немесе өзге де заңды негізде қажетті үй-жайларының, жабдық жиынтығының және техникасын иеленуі;
      2) штатында ветеринария саласындағы тиісті мамандықтар бойынша қызметкерлерінің болуы (заңды тұлғалар);
      3) ветеринария саласындағы тиісті мамандық бойынша білімі туралы дипломының болуы (жеке тұлғалар) міндетті.
      Хабарламаға осы баптың 4-тармағының 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген құжаттар, сондай-ақ меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде тиісті үй-жайлардың болуын растайтын құқық белгілейтін құжаттардың көшірмелері қоса беріледі.
      7. Осы бапта көзделген құжаттарды ұсыну оларда қамтылған ақпаратты мемлекеттік ақпараттық жүйелерден және (немесе) мәліметтер нысанынан алу мүмкін болған кезде талап етілмейді.
      Құжаттар «электрондық үкіметтің» веб-порталы немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы берілген кезде құжаттар электрондық нысанда ұсынылады.
      Ескерту. 2-тарау 13-1-баппен толықтырылды - ҚР 16.05.2014 № 203-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 17.11.2015 № 408-V (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

3-тарау. МЕМЛЕКЕТТIК ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ-САНИТАРИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ ҚАДАҒАЛАУ

      14-бап. Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау
               және қадағалау

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      1. Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау – уәкілетті органның және жергілікті атқарушы органдардың лауазымды адамдарының Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының талаптарын жеке және заңды тұлғалардың сақтауын қамтамасыз етуге бағытталған әрекеттерінің жиынтығы.
      1-1. Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.
      1-2. Тексеру Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың және қадағалаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
      2. Уәкілетті органның лауазымды адамдары жүзеге асыратын мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау:
      1) құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының талаптарын орындау жөнiндегi қызметiн бақылауды және қадағалауды;
      2) бюджеттiк бағдарламалар бойынша сатып алынған ветеринариялық препараттарды, олардың республикалық қорын қоса алғанда, бөлудi және оларды сақтауға, тасымалдау (жеткiзу) мен пайдалануға бақылау жасауды және қадағалауды;
      3) Қазақстан Республикасының аумағын басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелiнуi мен таралуынан қорғау жөнiндегi ветеринариялық іс-шаралардың жүзеге асырылуын бақылауды және қадағалауды;
      4) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарында белгiленген тәртiппен ветеринариялық есеп пен есептiлiк жүргiзудi және оларды табыс етудi;
      5) құзыреті шегінде ветеринариялық iс-шаралардың ұйымдастырылуын және орындалуын бақылауды және қадағалауды;
      6) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілерінің қауіпсіздігін, ветеринариялық-санитариялық жағдайды бақылауды және қадағалауды; жануарлар ауруларының пайда болуы мен таралуы және жануарлардың азықтан улануы себептері мен жағдайларын ашып, анықтауды;
      6-1) құзыреті шегінде ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендірудің ұйымдастырылуын және өткізілуін, ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіру бойынша дерекқордың жүргізілуін және ондағы ақпараттың жаңартылуын бақылауды және қадағалауды;»;
      «6-2) тексерілетін субъектілердің Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын сақтауын, сондай-ақ соларға қатысты бұзушыларға заңнамада көзделген шараларды қолдана отырып, бақылауды және қадағалау жүзеге асырылатын субъектілерге кедергісіз баруды қоса алғанда, техникалық регламенттерде белгіленген талаптарды орындауын бақылауды және қадағалауды;
      7) Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауды көздейдi.
      2-1. Жергілікті атқарушы органдардың лауазымды адамдары жүзеге асыратын мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау:
      1) ветеринариялық препараттар мен жемшөп қоспаларын өндірумен, өткізілетін (тасымалданатын) объектілердің импортымен, экспортымен, транзитімен байланысты қызметті қоспағанда, жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының талаптарын орындау жөніндегі қызметін бақылауды және қадағалауды;
      2) республикалық қорды қоспағанда, бюджеттік бағдарламалар бойынша сатып алынған ветеринариялық препараттарды бөлуді, олардың сақталуын, тасымалдануын (жеткізілуін) және пайдаланылуын бақылауды және қадағалауды;
      3) ветеринарлық есепке алу мен есептілікті жүргізу және оларды Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен ұсынуды;
      4) ветеринарлық іс-шаралардың орындалуын бақылауды және қадағалауды;
      5) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілерінің қауіпсіздігін, ветеринариялық-санитариялық жағдайды бақылауды және қадағалауды; жануарлар ауруларының пайда болуы мен таралуы және жануарлардың азықтан улануы себептері мен жағдайларын айқындауды және анықтауды;
      6) ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендірудің жүргізілуін бақылауды және қадағалауды;
      7) Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауды көздейдi.
      3. Мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілетті орган белгiлеген бiлiктiлiк талаптарына сай келетiн мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлар және мемлекеттік ветеринариялық дәрігерлер жүзеге асырады.
      3-1. Алынып тасталды - ҚР 2009.07.17 № 188-IV Заңымен.
      4. Мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау туралы ереженi уәкілетті орган әзiрлейді және бекiтедi.
      Ескерту. 14-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2006.01.31 № 125 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.07.17 № 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.07.24 № 190-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.01.06 № 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.01.12 № 540-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 17.01.2014 № 165-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 29.10.2015 № 376-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      14-1-бап. Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық
                 бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру тәртібі

      1. Уәкілетті органның лауазымды адамдары жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының талаптарын сақтау тұрғысынан мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау:
      1) жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінде, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарда;
      2) ветеринариялық препараттарды өндіруді жүзеге асыратын тұлғаларда;
      3) мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарда;
      4) шекара және кеден пункттерінде (автомобиль өткізу пункттерін қоспағанда, Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде) Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдау (орнын ауыстыру) кезінде;
      5) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспорты (импорты) және транзиті кезінде оларды тасымалдау (орнын ауыстыру), тиеу, түсіру кезінде;
      6) экспорты (импорты) және транзиті кезінде жануарлар ауруларының қоздырушыларын тарататын факторлар болуы мүмкін көлік құралдарының барлық түрлерінде, ыдыстың, буып-түю материалдарының барлық түрлері бойынша;
      7) экспорт (импорт) және транзит кезінде тасымалдау (орнын ауыстыру) маршруттары өтетін, мал айдалатын жолдарда, маршруттарда, мал жайылымдары мен суаттардың аумақтарында;
      8) экспорт (импорт) және транзит кезінде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді өсіретін, сақтайтын, қайта өңдейтін, өткізетін немесе пайдаланатын, сондай-ақ құзыреті шегінде ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың аумақтарында, өндірістік үй-жайларында және қызметіне;
      9) құзыреті шегінде жүзеге асыратын мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау функциясын қоса алғанда, жергілікті атқарушы органдардың және олардың ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын бөлімшелерінің функцияларын орындауына жүзеге асырылады.
      2. Жергілікті атқарушы органдардың лауазымды адамдары жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарының талаптарын сақтау тұрғысынан мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау:
      1) ішкі сауда объектілерінде;
      2) жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінде, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарда (импортпен және экспортпен байланыстыларды қоспағанда);
      3) ветеринарлық препараттарды өндіруді қоспағанда, ветеринария саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларда;
      4) экспортын (импортын) және транзитін қоспағанда, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдау (орнын ауыстыру), тиеу, түсіру кезінде;
      5) экспортты (импортты) және транзитті қоспағанда, жануарлар ауруларының қоздырушыларын тарататын факторлар болуы мүмкін көлік құралдарының барлық түрлерінде, ыдыстың, буып-түю материалдарының барлық түрлері бойынша;
      6) тасымалдау (орнын ауыстыру) маршруттары өтетін, мал айдалатын жолдарда, маршруттарда, мал жайылымдары мен суаттардың аумақтарында;
      7) экспортты (импортты) және транзитті қоспағанда, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді өсіретін, сақтайтын, қайта өңдейтін, өткізетін немесе пайдаланатын жеке және заңды тұлғалардың аумақтарында, өндірістік үй-жайларында және қызметіне жүзеге асырылады.
      3. Осы баптың 5-тармағында көрсетілген объектілерді қоспағанда, осы баптың 1 және 2-тармақтарында көрсетілген объектілерде мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды тиісті аумақтардың мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлары, мемлекеттік ветеринариялық дәрігерлері тексеру нысанында және өзге де нысандарда, оның ішінде ветеринариялық ілеспе құжаттарды қарау жолымен жүзеге асырады.
      4. Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды автомобиль өткізу пункттеріндегі уәкілетті органның лауазымды адамдары құжаттамалық және физикалық ветеринариялық-санитариялық бақылау нысанында жүзеге асырады. Зертханалық бақылауды уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері жүзеге асырады.
      5. Ішкі сауда объектілерінде, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындау (сою), сақтау, пайдалану, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі ұйымдарда, шекаралық және кедендік пункттерде (Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде) Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауға және қадағалауға жататын жүктерді тасымалдау (орнын ауыстыру) кезінде, сондай-ақ жануарлар мен құстардың аса қауіпті аурулары бойынша карантин аймақтарында және қолайсыз пункттерде Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының жануарлардың жұқпалы ауруларының белең алуын, таралуын болғызбау, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының аумағын басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелінуі мен таралуынан қорғау жөніндегі талаптарының сақталуы тұрғысынан мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау күн сайын жүзеге асырылады.
      6. Мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау функциясының құзыреті шегінде жүзеге асырылатындарды қоса алғанда, жергілікті атқарушы органдардың және олардың ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын бөлімшелерінің функцияларын орындауына тексеру тағайындалмай, тұрақты түрде жүргізіледі.
      7. Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуын тексеру нәтижелері бойынша тексеруші мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор, мемлекеттік ветеринариялық дәрігер тексеру актісін жасайды.
      Ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілерін мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылаудың және қадағалаудың өзге де нысандарының нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының талаптарын бұзушылықтар анықталған жағдайда, тексеруші мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор, мемлекеттік ветеринариялық дәрігер Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын анықталған бұзушылықтарға қарай нұсқама жасайды, жеке кәсіпкерлік субъектісін әкімшілік жауаптылыққа тартпастан, оған бұзушылықтарды жою тәртібін міндетті түрде түсіндіре отырып, жануарлар мен адамның денсаулығына аса қауіпті жануарларды, жануарлардан алынған өнімдер мен шикізатты алып қою туралы қаулы шығарады.
      8. Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының талаптарын бұзушылықтар анықталған жағдайда, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор, мемлекеттік ветеринариялық дәрігер тексеру нәтижелері бойынша айқындалған бұзушылықтардың сипатына қарай өз құзыреті шегінде нұсқама жасайды, әкімшілік жаза қолдану туралы қаулы шығарады.
      9. Тексеру актісі Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жасалады.
      Тексеру актісі үш (Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының талаптарын бұзушылықтар анықталған жағдайда – төрт) данада жасалады және оған тексеру жүргізген тиісті аумақтың мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы, мемлекеттік ветеринариялық дәрігері қол қояды.
      Тексеру актісінің бірінші данасын тексеруші мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор, мемлекеттік ветеринариялық дәрігер құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласында өз құзыреті шегінде статистикалық қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органға және оның аумақтық органдарына тапсырады, екінші данасы тексерілетін адамға қолын қойғызып, беріледі, үшінші данасы тексеруші мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторда, мемлекеттік ветеринариялық дәрігерде қалады, ал төртіншісі сотқа талап қоюды ұсыну үшін тиісті аумақтың ветеринариялық-санитариялық инспекторына, мемлекеттік ветеринариялық дәрігеріне беріледі. Тексерілетін адам актіні қабылдаудан бас тартқан жағдайда, актінің тиісті данасы оған поштамен жіберіледі.
      10. Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау актісі нөмірленген, тігілген және уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің, ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың ветеринариялық бөлімшелерінің мөрімен бекемделген тексеру актілерін тіркейтін арнайы журналда тіркеледі.
      Ескерту. 14-1-бап жаңа редакцияда - ҚР 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); өзгеріс енгізілді - ҚР 10.11.2014 № 249-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен күнтізбелік тоқсан күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.10.2015 № 376-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      15-бап. Мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау
              және қадағалау объектiлерi

      Мыналар мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектiлерi болып табылады:
      1) жануарлар, жануарлардың жыныс және дене жасушалары;
      2) жануарлар ауруларының қоздырушылары;
      3) жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзат, ветеринариялық препараттар, жемшөп пен жемшөптiк қоспалар, патологиялық материал немесе олардан диагностика және ветеринариялық-санитариялық сараптама үшiн алынатын сынамалар, сондай-ақ судың, ауаның, топырақтың, өсiмдiктердiң сынамалары;
      4) жануарларға профилактика жасау, оларды емдеу, дауалау және бірдейлендіру, жануарлар ауруларының диагностикасы, ветеринариялық-санитариялық сараптама үшiн пайдаланылатын ветеринариялық және зоогигиеналық мақсаттағы бұйымдар мен атрибуттар;
      5) жануарлар ауруларының қоздырушыларын тарататын факторлар болуы мүмкiн көлiк құралдары, ыдыстың барлық түрлерi, буып-түю материалдары;
      6) ветеринария саласындағы жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау функциясының құзыреті шегінде жүзеге асырылатындарды қоса алғанда, жергілікті атқарушы органдардың және олардың ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын бөлімшелерінің қызметі;
      7) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді өсiретiн, дайындайтын, сақтайтын, өңдейтiн, өткiзетiн немесе пайдаланатын, сондай-ақ ветеринария саласындағы ғылыми қызметтi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың аумақтары, өндiрiстiк үй-жайлары мен қызметi;
      8) мал айдалатын жолдар, маршруттар, мал жайылымдары мен суаттардың аумақтары, оларды бiрдейлендiрудiң рәсiмдерi мен нысандары;
      9) ветеринариялық есепке алу мен есептiлiк жөнiндегi құжаттама, ветеринариялық анықтама, ветеринариялық-санитариялық қорытынды, сараптама актiсi (сынақ хаттамасы), орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді өндiру, дайындау (сою), сақтау және қайта өңдеу жөнiндегi нормативтiк-техникалық құжаттама мен ветеринария саласындағы өзге де нормативтiк құжаттама;
      9-1) мал қорымдары (биотермиялық шұңқырлар);
      10) ішкі сауда объектілері;
      11) процессингтік орталық.
       Ескерту. 15-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.07.24 № 190-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.01.10 № 383-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.01.12 № 540-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 17.01.2014 № 165-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      16-бап. Бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық
               инспекторлар мен олардың орынбасарларының
               құзыреті

      1. Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы мен оның орынбасарларының құзыретіне:
      1) Қазақстан Республикасының аумағында, сондай-ақ шекарада және көлікте мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру мақсатында орындалуға міндетті актілерді басып шығару;
      2) тиісті аумақтағы эпизоотия жағдайын бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына, импортына және транзитіне рұқсаттар беру;
      3) қызметтен шеттетуге негіз болған себептер анықталғанға дейінгі мерзімге облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы мен оның орынбасарын, сондай-ақ ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау бекеттеріндегі мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторларды қызметінен шеттету туралы шешім шығару;
      3-1) республикалық қордан ветеринариялық препараттарды бөлу туралы шешім қабылдау;
      4) автомобиль өткізу пункттерін қоспағанда, шекара және кеден пункттерінде (Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру кіреді.
      2. Облыстың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының және оның орынбасарының құзыретіне:
      1) ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау бекеттерін қоса алғанда, облыс аумағында мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
      2) ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау бекеттерін қоса алғанда, облыс аумағында мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру мақсатында орындалуға міндетті актілерді басып шығару;
      3) қызметтен шеттетуге негіз болған себептер анықталғанға дейінгі мерзімге ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторын, сондай-ақ ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау бекеттеріндегі мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторларды қызметінен шеттету туралы шешім шығару;
      4) ветеринариялық есеп пен есептілікті ұйымдастыру және жүргізу және оларды Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен табыс ету кіреді.
      3. Республикалық маңызы бар қаланың, астананың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының және оның орынбасарының құзыретіне:
      1) ветеринариялық бақылау бекеттерiн қоса алғанда, республикалық маңызы бар қала, астана аумағында мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
      2) республикалық маңызы бар қала, астана аумағында мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру мақсатында орындалуға міндетті актілерді басып шығару;
      3) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлердің экспорты кезінде ветеринариялық сертификат беруге құқығы бар мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың тізімін бекіту;
      4) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
      5) ветеринариялық есеп пен есептілікті ұйымдастыру және жүргізу және оларды Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен табыс ету;
      6) қызметтен шеттету үшін негіз болған себептер анықталғанға дейінгі мерзімге республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағындағы мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторларды қызметінен шеттету туралы шешім шығару кіреді.
      4. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының және оның орынбасарының құзыретіне:
      1) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) аумағында мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
      2) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлердің экспорты кезінде ветеринариялық сертификат беруге құқығы бар мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың тізімін бекіту;
      3) қызметтен шеттетуге негіз болған себептер анықталғанға дейінгі мерзімге ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) аумағындағы мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторларды қызметінен шеттету туралы шешім шығару;
      4) ветеринариялық есеп пен есептілікті ұйымдастыру және жүргізу және оларды Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен табыс ету кіреді.
      5) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      Ескерту. 16-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.07.24 № 190-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен, өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.03.24 № 420-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.01.12 № 540-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 17.01.2014 № 165-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 10.11.2014 № 249-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен күнтізбелік тоқсан күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      17-бап. Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық
               инспекторлар мен мемлекеттік ветеринариялық
               дәрігерлердің құқықтары

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

      1. Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың, мемлекеттік ветеринариялық дәрігерлердің:
      1) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдары нормаларының орындалуын тексеру, сондай-ақ ветеринария саласындағы жеке және заңды тұлғалардың қызметi туралы ақпарат алу мақсатында мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектiлерiне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен кедергiсiз (қызмет куәлiгiн көрсетiп) кiруiне;
      2) мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектiлерiне диагностика немесе ветеринариялық-санитариялық сараптама жасау үшiн, зерттеу жүргiзу мерзiмi туралы мүдделi тараптарға хабарлай отырып, олардың сынамаларын iрiктеп алуды жүргiзуге;
      3) мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау жүргiзуге;
      4) ветеринариялық құжаттар беруге;
      5) осы заңда берiлген өкiлеттiктер шегiнде актiлер шығаруға;
      6) ветеринариялық-санитариялық қолайлы аумақтарда, сондай-ақ қолайсыз пункттерде жануарлардың және адамның денсаулығына қауіп төндіретін орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілер анықталған жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен оларды алып қоюға және жоюға, оларды залалсыздандыруды (зарарсыздандыруды)немесе өңдеудi ұйымдастыру iсiне қатысуға, сондай-ақ аталған фактiлер туралы денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органға хабарлауға;
      7) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдары бұзылған жағдайда сотқа талап қоюға құқығы бар.
      2. Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың, мемлекеттік ветеринариялық дәрігерлердің әрекетiне (әрекетсiздiгiне) жеке және заңды тұлғалар жоғары тұрған мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау органдарына, жергілікті атқарушы органдарға және (немесе) сотқа шағым жасай алады.
       Ескерту. 17-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.07.24 № 190-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      18-бап. Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық
               инспекторлардың, мемлекеттік ветеринариялық
               дәрігерлердің актiлерi

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

      1. Мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау нәтижелерi бойынша ықпал етудiң құқықтық шараларын қолдану мақсатында, Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының талаптарын анықталған бұзушылықтарға қарай мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлар, мемлекеттік ветеринариялық дәрігерлер құзыреті шегінде мынадай актiлер:
      1) нұсқамалар:
      Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдары талаптарының бұзылуын жою туралы нұсқама;
      мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектiлерiне ветеринариялық-санитариялық сараптама мен диагностика жүргiзу туралы нұсқама;
      жануарлар ауруларының пайда болуын, таралуын болғызбау және оларды жою үшiн жануарларға профилактикалық немесе мәжбүрлi түрде вакцина егу, iндет ошақтарындағы мал шаруашылығы қора-жайларында және олардың аумақтарында, қолайсыз пункттерде, көлiкте дезинфекция, дезинсекция және дератизация жүргiзу туралы нұсқама;
      Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 48-бабында көзделген жағдайларда, сотқа әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша материалдарды үш тәулік ішінде міндетті түрде бере отырып, шаруашылық қызметке немесе қызметтің жекелеген түрлеріне сот шешімінсіз тыйым салу немесе оны тоқтата тұру туралы нұсқама шығарады. Бұл ретте, қызметке тыйым салу немесе оны тоқтата тұру туралы акт сот шешімі шығарылғанға дейін қолданыста болады;
      РҚАО-ның ескертпесі!
      1) тармақшаның алтыншы абзацын алып тастау көзделген - ҚР 29.03.2016 № 479-V Заңымен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).
      ветеринариялық нормативтердi бiрнеше рет бұзған, ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды қайта аттестаттау туралы нұсқама;
      жануарлардың және адамның денсаулығына қауiп төндiретiн жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты, ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөптiк қоспаларды залалсыздандыру (зарарсыздандыру), өңдеу туралы нұсқама;
      ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу туралы нұсқама;
      ветеринариялық паспорт беру ережелерін бұзушылық туралы нұсқама;
      ауру жануарларды санитариялық тазалау, санитариялық сою туралы нұсқама;
      1-1) эпизоотиялық зерттеу актісі;
      2) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдары бұзылған жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тәртiптiк жаза қолдану туралы немесе әкiмшiлiк жауапқа тарту туралы қаулы;
      3) жануарлар мен адамның денсаулығына ерекше қауiп төндiретiн жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты алып қою туралы қаулы шығарады.
      2. Нұсқамалардың нысандарын, оларды жасау мен беру тәртiбiн уәкілетті орган бекiтедi.
      3. Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың актiлерi жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшiн мiндеттi.
       Ескерту. 18-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.07.24 № 190-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2012.01.12 № 540-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 17.01.2014 № 165-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);05.07.2014 № 236-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 № 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      19-бап. Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық
               инспекторлардың, мемлекеттік ветеринариялық
               дәрігерлердің тәуелсiздiгi

      Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлар, мемлекеттік ветеринариялық дәрігерлер өз қызметiнде тәуелсiз болып табылады және Қазақстан Республикасының заңнамасын басшылыққа алады.
      Ескерту. 19-бап жаңа редакцияда - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

      20-бап. Қазақстан Республикасының аумағын басқа
               мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және
               экзотикалық ауруларының әкелiнуi мен таралуынан
               қорғау

      1. Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өтетiн, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілер мiндеттi мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауға және қадағалауға жатады.
      2. Уәкілетті орган белгiлейтiн ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидалар сақтала отырып, Қазақстан Республикасының аумағына эпизоотикалық тұрғыдан қолайлы басқа мемлекеттерден орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің әкелiнуiне, сондай-ақ транзитiне жол берiледi.
      3. Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің әкелiнуi, әкетiлуi және транзитi тиiстi аумақтардың iндеттілік жағдайын бағалауға сәйкес жүзеге асырылады.
      4. Қазақстан Республикасының аумағына басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелiнуi мен таралуының алдын алу мақсатында мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру үшiн уәкілетті орган шекара және кеден пункттерiнде (автомобиль өткізу пункттерін қоспағанда, Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткiзу пункттерiнде) уәкілетті орган белгiлеген тәртiппен ветеринариялық бақылау бекеттерiн ұйымдастырады.
      5. Жануарлардың аса қауiптi ауруларының шығуы тiркелген шектес мемлекеттердiң шекаралық аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына келетiн көлiк құралдары Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарында белгiленген кезең мен тәртiп бойынша мiндеттi түрде дезинфекциялануға тиiс.
      6. Ветеринариялық бақылау бекеттеріндегі мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлар қызметтік міндеттерін атқару кезінде нысанды киім (погонсыз) киіп жүреді.
      Ветеринариялық бақылау бекеттеріндегі мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторларды нысанды киіммен (погонсыз) қамтамасыз етудің заттай нормаларын бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша уәкілетті орган бекітеді.
      Нысанды киiм (погонсыз) үлгiлерiн, оны киiп жүру тәртiбiн уәкілетті орган бекітеді.
      7. Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына, импортына және транзитiне шарттар жасасудың алдында жеке немесе заңды тұлғаның уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлiмшелерiнен экспорт, импорт және транзит елiндегi iндеттiлiк жағдайы туралы, жануарлар ауруларының қоздырушыларын әкелу мен әкетудi болдырмайтын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) ережелер туралы ақпарат алуға құқығы бар. Жасырын сипаттағы ақпарат орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объекті иесiнiң жазбаша келiсiмiнсiз жария етiлмеуге тиiс.
      8. Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу кезiндегi мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру тәртiбiн уәкілетті орган бекітеді.
       Ескерту. 20-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.07.24 № 190-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.01.06 № 238-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2011.01.06 № 379-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      21-бап. Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді
               Қазақстан Республикасының аумағында тасымалдау
               (орнын ауыстыру) кезiндегi мемлекеттiк
               ветеринариялық-санитариялық бақылау және
               қадағалау

      1. Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілер Қазақстан Республикасының аумағында тасымалданған (орны ауыстырылған) кезде мiндеттi мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауға және қадағалауға жатады.
      2. Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдау (орнын ауыстыру), тиеу, түсiру кезiнде оларға мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды тиеу, түсiру жүргiзiлетiн аумақтардың, сондай-ақ тасымалдау (орнын ауыстыру) маршруты өтетiн аумақтардың мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлары жүзеге асырады.
      3. Ауыл шаруашылық жануарларын тасымалдау (орнын ауыстыру) маршруттарын (мал айдау жолдарын) тиiстi аумақтардың бас мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторларымен келiсе отырып ауданның (қаланың) жергiлiктi атқарушы органдары белгiлейдi.
      4. Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдау (орнын ауыстыру) үшiн пайдаланылатын және пайдаланылған көлiк құралдары Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарының талаптарына сәйкес мiндеттi түрде дезинфекциялануға тиiс.
      5. Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді Қазақстан Республикасының аумағында тасымалдауды (орнын ауыстыруды) жүзеге асыру тәртiбiн уәкілетті орган айқындайды.
      Ескерту. 21-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.12.20 № 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2009.07.24 № 190-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      22-бап. Ішкі сауда объектілеріндегі мемлекеттiк
               ветеринариялық-санитариялық бақылау және
               қадағалау

      1. Ішкі сауда объектілеріндегі мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау мiндеттi болып табылады.
      2. Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілер ішкі сауда объектілеріндегі мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауға және қадағалауға жатады.
      3. Ішкі сауда объектілеріндегі мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауға және қадағалауға:
      1) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің қоса жiберiлетiн ветеринариялық құжаттарға сәйкестiгiн тексеру;
      2) жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты ветеринариялық тексеріп қарау;
      3) жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының талаптарын сақтауын тексеру;
      4) жануарлардың және адамның денсаулығына ерекше қауiп төндiретiн жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес алып қою және жою;
      5) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес келмейтiн, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді залалсыздандыруды (зарарсыздандыруды), өңдеудi ұйымдастыру кiредi.
      4. Ішкі сауда объектілерінде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің ветеринариялық нормативтерге сәйкестiгiн айқындауды ветеринариялық-санитариялық сараптама зертханалары жүзеге асырады.
      5. Жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттарды ветеринариялық-санитариялық сараптамасыз сатуға тыйым салынады.
      6. Алып тасталды - ҚР 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      7. Ішкі сауда объектілерінің әкімшіліктері Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында көзделген жағдайларда, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды және ветеринариялық-санитариялық сараптаманы жүзеге асыру үшін мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторларға, мемлекеттік ветеринариялық дәрігерлерге, ветеринариялық-санитариялық сараптама зертханаларына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шарт негізінде, ветеринариялық нормативтерге сәйкес келетін қызметтік үй-жайлар береді.
       Ескерту. 22-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.07.24 № 190-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.01.12 № 540-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      23-бап. Экспорттаушыларды (импорттаушыларды) қоса
               алғанда, жануарлар өсіруді, жануарларды,
               жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты
               дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және
               өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінде
               мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау
               және қадағалау

      1. Экспорттаушыларды (импорттаушыларды) қоса алғанда, жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді, жүзеге асыратын өндіріс объектілерінде мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау жүргізілуі міндетті.
      2. Экспорттаушыларды (импорттаушыларды) қоса алғанда, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды, сақтауды және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілері ветеринариялық-санитариялық сараптамадан өткен жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты сақтайды және өткізеді.
      3. Жануарларды союды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінің әкімшіліктері жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың ветеринариялық нормативтерге сәйкестігін айқындау жөніндегі өндірістік бақылау бөлімшелерін құруға, сондай-ақ мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру үшін мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторларға, мемлекеттік ветеринариялық дәрігерлерге Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шарт негізінде қызметтік үй-жай беруге міндетті.
      4. Экспорттаушыларды (импорттаушыларды) қоса алғанда, жануарлар өсіруді, жануарларды және жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінде мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру, сондай-ақ жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың ветеринариялық нормативтерге сәйкестігін айқындау тәртібін уәкілетті орган бекітеді.
      5. Экспорттаушыларды (импорттаушыларды) қоса алғанда, жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінде, олардың аумағында жануарлардың аса қауіпті ауруларының пайда болуы және (немесе) оны қолайсыз аймаққа жатқызу жағдайларын қоспағанда, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау жылына кемінде екі рет жүзеге асырылады.
      6. Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру кезеңі тексеру басталған кезден бастап бес күннен аспауға тиіс.
       Ескерту. 23-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.07.24 № 190-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен, өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 № 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      24-бап. Ветеринариялық препараттар, жемшөп пен
               жемшөптiк қоспалар айналысын мемлекеттiк
               ветеринариялық-санитариялық бақылау және
               қадағалау

      1. Қазақстан Республикасында ветеринариялық препараттарды, жемшөп қоспаларын тiркеу сынақтарын жүргiзу үшiн қажеттi көлемде өндiру, әкелу (импорттау) жағдайларын қоспағанда, оларды мемлекеттiк тiркеуден өткiзгеннен кейiн ғана өндiруге, әкелуге (импорттауға), өткiзу мен қолдануға (пайдалануға) рұқсат етiледi.
      2. Ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөптiк қоспаларды өндiрудi, әкелудi (импорттауды), тасымалдауды (орнын ауыстыруды), өткiзудi, қолдануды (пайдалануды) қоса алғанда, олардың айналысы мiндеттi мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауға және қадағалауға жатады.
      3. Ветеринариялық препараттар, жемшөп пен жемшөп қоспалары қауіпсіздігінің мониторингі олардың уәкілетті орган белгілеген тәртіппен ветеринариялық нормативтердің талаптарына сәйкестігін айқындау мақсатында жүзеге асырылады.
      4. Ветеринариялық препараттар, жемшөп пен жемшөптiк қоспалар өндiру жөнiндегi ұйымдар ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөптiк қоспалардың ветеринариялық нормативтердiң талаптарына сәйкестiгiн анықтау жөнiндегi өндiрiстiк бақылау бөлiмшелерiн құруға мiндеттi.
      5. Ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының және (немесе) антибиотиктерi, гормондары және биологиялық стимуляторлары бар ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының серияларының (топтарының) ветеринариялық нормативтердің талаптарына сәйкестiгiн айқындау тәртiбiн уәкiлеттi орган белгiлейдi.
      Ескерту. 24-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2004.12.20 № 13, (2005.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2009.07.24 № 190-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2012.01.12 № 540-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

       3-1-тарау. Адамдар үшiн тағам ретiнде қолданылмайтын жануарларға арналған ветеринариялық препараттарға, жемшөптерге және жемшөп қоспаларына қойылатын
қауiпсiздiктiң жалпы талаптары

      Ескерту. 3-1-тараумен толықтырылды - ҚР 2006.12.06 № 209 Заңымен.

      24-1-бап. Ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен 
                 жемшөп қоспаларын өндiру және өлшеп орау
                 кезiндегi қауiпсiздiк талаптары

      1. Ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндiру және өлшеп орау кезiнде техникалық регламенттердiң талаптары сақталуға тиiс.
      2. Ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өлшеп орау сақтау, тасымалдау (орнын ауыстыру) және өткiзу кезiнде қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге тиiс.
      3. Орау материалы ветеринарлық препараттардың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының қауiпсiздiгi мен сапасына әсер етпеуге тиiс.
       Ескерту. 24-1-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2009.07.24 № 190-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      24-2-бап. Ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп
                 қоспаларын тасымалдау (орнын ауыстыру)
                 кезіндегі қауіпсіздік талаптары

      1. Қазақстан Республикасының аумағында ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын тасымалдау (орнын ауыстыру) олардың қауіпсіздігін және олардың сапалық көрсеткіштерінің сақталуын қамтамасыз ететін жағдайларда жүзеге асырылуға тиіс.
      2. Ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын тасымалдау (орнын ауыстыру) құрғақ, таза, жемдік қорлардың зиянкестерімен залалданбаған көлік құралдарымен жүзеге асырылуға тиіс.
       Ескерту. 24-2-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.07.24 № 190-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      24-3-бап. Ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен
                 жемшөп қоспаларын сақтау кезiндегi
                 қауiпсiздiк талаптары

      1. Ветеринариялық препараттар, жемшөп пен жемшөп қоспалары олардың қауiпсiздiгiн барлық сақтау мерзiмi iшiнде қамтамасыз ететiн жағдайларда арнайы қойма үй-жайларында сақталуға тиiс.
      2. Ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын сақтау шарттары ветеринария саласындағы техникалық регламенттерде көзделген талаптарды ескере отырып, дайындаушы белгiлейдi.
      3. Ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын Қазақстан Республикасының аумағына әкелу кезiнде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртiппен сақтау мерзiмдерi және (немесе) жарамдылығы, сақтау шарттары туралы ақпарат берiлуге тиiс.
       Ескерту. 24-3-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2009.07.24 № 190-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      24-4-бап. Ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен
                 жемшөп қоспаларын қолдану кезiндегi
                 қауiпсiздiк талаптары

      1. Ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын пайдалану кезiнде оларды қолдану технологиясының талаптары ескерiлуге тиiс.
      2. Жануарлардан алынған, оларға қатысты қолданылған өнiмдегi заттардың қалдықтары және ветеринариялық препараттардың құрамдас бөлiктерi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген нормативтерден аспауға тиiс.
      3. Жарамдылық мерзiмi өтiп кеткен ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын қолдануға рұқсат етiлмейдi.

      24-5-бап. Ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен
                 жемшөп қоспаларын ішкі сауда объектісіне
                 орналастыру кезiндегi қауiпсiздiк талаптары

      1. Ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын ішкі сауда объектісіне орналастыру кезiнде өндiрушiлер мен сатушылар ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының қауiпсiздiк және сапа көрсеткiштерi туралы толық және дұрыс ақпарат беруге тиiс.
      2. Мынадай:
      1) осы Заңның және ветеринария саласындағы техникалық регламенттердiң талаптарына сәйкес келмейтiн;
      2) бүлiнудiң анық белгiлерi бар;
      3) олардың шығарылу тегiн растайтын өндiрушiнiң құжаттары жоқ және оларға қатысты ветеринариялық препараттар мен жемшөп қоспаларының мемлекеттiк тiркелуi туралы ақпараты жоқ;
      4) берiлген ақпаратқа сәйкес келмейтiн және оларға қатысты олардың шығарылу тегiн растайын құжаттардың жалғандығы туралы негiзделген күмәнi бар;
      5) белгiленген жарамдылық мерзiмi жоқ немесе жарамдылық мерзiмi өтiп кеткен;
      6) ветеринария саласындағы техникалық регламенттерде көздемеген мәлiметтермен таңбаланбаған не оларға қатысты осындай ақпараттары жоқ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын ішкі сауда объектісіне шығаруға болмайды.
       Ескерту. 24-5-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2009.07.24 № 190-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2012.01.12 № 540-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      24-6-бап. Ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен
                 жемшөп қоспаларын кәдеге жарату және жою
                 кезiндегi қауiпсiздiк талаптары

      1. Зертханалық зерттеу нәтижелерi бойынша мақсатына қарай пайдалануға жарамсыз деп танылған ветеринариялық препараттарға, жемшөп пен жемшөп қоспаларына уәкілетті орган белгiлеген тәртiппен олардың бұдан әрi пайдаланылуы немесе кәдеге жаратылуы, жойылуы тұрғысынан сараптама жасалуға тиiс.
      2. Сараптама жасауға және оны бұдан әрi пайдалану немесе кәдеге жарату, жою ықтималдығы туралы шешiм қабылдауға қажеттi кезеңде ветеринариялық препараттар, жемшөп және жемшөп қоспалары партиясының көлемi көрсетiлiп және ветеринариялық препараттарға, жемшөпке және жемшөп қоспаларына қол жеткiзуге мүмкiндiк бермейтiн жағдайларды сақтай отырып жеке үй-жайларда сақталуға тиiс.
      3. Ветеринарлық препараттар, жемшөп және жемшөп қоспалары иiсi күштi шығатын заттармен (керосин, мұнай, фенол, хлорлы әк) немесе осы өнiмге тән емес рең беретiн бояғышпен жарамсыздандырылуға тиiс.
       Ескерту. 24-6-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.07.24 № 190-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

4-тарау. ЖАНУАРЛАР АУРУЛАРЫНЫҢ, ОНЫҢ IШIНДЕ ЖАНУАРЛАР МЕН АДАМҒА ОРТАҚ АУРУЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ЖОЮ

      25-бап. Жеке және заңды тұлғалардың жануарлар
               ауруларының, оның iшiнде жануарлар мен адамға
               ортақ аурулардың алдын алу жөнiндегi мiндеттерi

      Жеке және заңды тұлғалар:
      1) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарымен белгiленген жануарлар ауруларының алдын алуды және орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) ережелердi сақтай отырып, ветеринариялық және әкiмшiлiк-шаруашылық iс-шараларды жүзеге асыруға;
      2) зоопарктердегi, цирктердегi, омарталардағы, аквариумдардағы жануарларды қоса алғанда, жануарлардың ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) ережелер мен ветеринариялық нормативтерге сәйкес ұсталуын, өсiрiлуiн және пайдаланылуын жүзеге асыруға;
      3) аумақты, мал шаруашылығы қора-жайларын, сондай-ақ жемшөптi, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты сақтауға және өңдеуге арналған ғимараттарды ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) ережелер мен ветеринариялық нормативтерге сәйкес ұстауға, қоршаған ортаның ластануына жол бермеуге;
      4) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді ұстауға, өсiруге, пайдалануға, өндiруге, дайындауға (союға), сақтауға, өңдеу мен өткiзуге байланысты мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектiлерiн орналастыру, салу, қайта жаңғырту және пайдалануға беру кезiнде, сондай-ақ оларды тасымалдау (орнын ауыстыру) кезiнде зоогигиеналық және ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарды сақтауға;
      5) ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiрудi қамтамасыз етуге;
      6) жергілікті атқарушы органдардың ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын бөлімшелеріне, жергілікті атқарушы органдар құрған мемлекеттiк ветеринариялық ұйымдарға, мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау органдарына:
      жаңадан сатып алынған жануар (жануарлар), алынған төл, оның (олардың) сойылғаны мен өткізілгені;
      жануарлар қырылған, бiрнеше жануар бiр мезгiлде ауырған немесе олар әдеттен тыс мiнез көрсеткен жағдайлар туралы хабарлауға және ауру деп күдiк келтiрiлген кезде, ветеринария саласындағы мамандар, мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторлар келгенге дейiн жануарларды оқшаулап ұстау жөнінде шаралар қолдануға;
      7) ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін өз жануарларына уақтылы вакцина егуге және олардың диагностикасын қамтамасыз етуге;
      8) алып тасталды - ҚР 17.01.2014 № 165-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
      9) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторларға орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді ветеринариялық тексеру үшiн кедергiсiз беруге;
      10) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың актілерін орындауға;
      11) союдың алдында ветеринариялық тексеру жүргiзбей жануарларды өткiзу үшiн союға және сойғаннан кейiн ұшалары мен мүшелерiне ветеринариялық-санитариялық сараптама жасамай өткiзуге жол бермеуге;
      11-1) кейiннен өткiзуге арналған ауыл шаруашылығы жануарларын ет өңдейтiн кәсiпорындарда, сою пункттерiнде немесе сою алаңдарында (ауыл шаруашылығы жануарларын сою алаңдарында) союды жүзеге асыруға;
      12) ветеринария саласындағы мамандардың ветеринариялық іс-шаралар өткізу бойынша қызметтiк мiндеттерiн орындауы кезінде оларға жәрдем көрсетуге;
      12-1) жануарларды карантиндеуді жүргізуге;
      13) жаңа, жетілдірілген ветеринариялық препараттарға, тамақ өнімін, жемшөп, жемшөп қоспаларын өндіруге арналған нормативтік-техникалық құжаттаманы уәкілетті органмен келісуге міндетті.
       Ескерту. 25-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.07.24 № 190-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.01.10 № 383-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.01.12 № 540-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 17.01.2014 № 165-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      26-бап. Ветеринариялық iс-шаралар

      1. Ветеринариялық iс-шаралар:
      1) жануарлар мен адамға ортақ ауруларды қоса алғанда, жануарлар ауруларының пайда болуы мен азықтан улануының алдын алу, жануарлардың, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттың, ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөптiк қоспалардың ұсталуының Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарының талаптарына сәйкестiгiн қамтамасыз ету мақсатында ветеринариялық-санитариялық тұрғыдан қолайлы аумақта өткiзiлетiн iс-шаралар; 
      2) шектеу iс-шараларын немесе карантиндi қоса алғанда, жануарлардың аса қауiптi және энзоотиялық ауруларын жою және олардың таралуының алдын алу мақсатымен бақылау аймағын, буферлік аймақты қоса алғанда, iндет ошағында және қолайсыз пунктте жүргiзiлетiн iс-шаралар болып бөлiнедi.
      2. Ветеринариялық iс-шараларды өткізу тәртiбi ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидалармен айқындалады.
       Ескерту. 26-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.07.24 № 190-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі); 17.01.2014 № 165-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      26-1-бап. Ветеринариялық-санитариялық шараларды қолдану

      1. Қатерді талдау және бағалау кезінде адамның өмірі мен денсаулығына зиянды әсердің ықтималдығы сәйкестендірілген, бірақ қолдағы ғылыми деректер оның дәрежесін айқындау үшін жеткіліксіз болған жағдайларда, уәкілетті орган қатерді басқару жөнінде қажетті ветеринариялық-санитариялық шараларды қолдануға құқылы.
      2. Ветеринариялық-санитариялық шаралар ғылыми деректерге, ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздік саласындағы халықаралық стандарттар мен ұсынымдарды ескере отырып анықталатын жануарлар мен адамның өмірі мен денсаулығы үшін қатерді объективті бағалауға негізделуге тиіс.
      3. Қолданылатын ветеринариялық-санитариялық шаралардың ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздік саласындағы халықаралық стандарттар мен ұсынымдарға баламалылығын бағалау кезінде ғылыми деректер, зерттеулердің (оның ішінде зертханалық зерттеулердің), нақты аурулардың таралу мониторингінің нәтижелері және аймақтардың болуы ескерілуге тиіс.
      4. Басқа мемлекеттердің ветеринариялық-санитариялық шаралары мынадай шарттар болған:
      1) қолданылатын ветеринариялық-санитариялық шаралар ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздік саласындағы халықаралық стандарттар мен ұсынымдарға сәйкес келген;
      2) жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелінуі мен таралуынан Қазақстан Республикасы аумағының ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздігінің тиісті деңгейі қамтамасыз етілген кезде, баламалы деп танылады.
       Ескерту. 26-1-баппен толықтырылды - ҚР 2009.07.24 № 190-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен; өзгеріс енгізілді - ҚР 17.01.2014 № 165-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      26-2-бап. Аумақты аймақтарға бөлу

      1. Аумақты аймақтарға бөлу:
      1) басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелінуі мен таралуының алдын алу;
      2) ветеринариялық іс-шараларды жоспарлау;
      3) халықаралық сауданы жүзеге асыру үшін жүргізіледі.
      2. Жануарлардың жұқпалы ауруларының таралуына және өткізілетін ветеринариялық іс-шараларға қарай аймақтардың мынадай түрлері анықталады:
      1) қолайлы аймақ;
      2) бақылау аймағы;
      3) буферлік аймақ;
      4) қолайсыз аймақ.
      3. Аумақты аймақтарға және олардың шекараларына бөлу уәкілетті
орган белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.
       Ескерту. 26-2-баппен толықтырылды - ҚР 2009.07.24 № 190-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен; өзгеріс енгізілді - ҚР 17.01.2014 № 165-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      27-бап. Шектеу iс-шаралары және карантин

      1. Алынып тасталды - ҚР 2006.01.10 № 116 Заңымен.
      2. Жануарлардың шектеу iс-шаралары немесе карантин белгiленетiн жұқпалы ауруларының тiзбесiн уәкілетті орган бекiтедi.
      3. Алынып тасталды - ҚР 2006.01.10 № 116 Заңымен.
      4. Тиiстi аумақтардың бас мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторларының ұсынуы бойынша тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң жергiлiктi атқарушы органдарының шешiмiмен карантин тоқтатылғаннан кейiн Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарында көзделген жағдайларда, уәкілетті орган шектеу iс-шараларын белгілейді.
      Ескерту. 27-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.12.20 № 13 Заңымен (2005.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2006.01.10 № 116 (2006.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2011.01.10 № 383-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 17.01.2014 № 165-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      28-бап. Ветеринариялық препараттардың республикалық қоры

      1. Эпизоотика ошақтарын жою және уәкілетті орган бекiтетiн тiзбеге енгiзілген жануарлардың аса қауiптi ауруларының таралу қаупінің алдын алу кезiнде пайдаланылатын, үнемi жаңартылып отыратын ветеринариялық препараттардың белгiлi бiр көлемi ветеринариялық препараттардың республикалық қоры болып табылады.
      2. Ветеринариялық препараттардың республикалық қоры бюджеттiк бағдарламалар шеңберiнде сатып алынған ветеринариялық препараттар көлемiнен жасалады. Ветеринариялық препараттардың түрлерi бойынша қордың нормативiн уәкілетті орган белгiлейдi.
      3. Ветеринариялық препараттардың республикалық қорын қалыптастыру мен пайдалану тәртiбiн уәкілетті орган белгiлейдi.
      Ескерту. 28-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

      29-бап. Ветеринариялық нормативтер

      1. Ветеринариялық нормативтер (ветеринариялық, ветеринариялық-санитариялық немесе зоогигиеналық нормалар) ветеринариялық немесе ветеринариялық-санитариялық факторды жануарлардың және адамның денсаулығына, қоршаған ортаға қауiпсiздiгi тұрғысынан сипаттайтын көрсеткiштердiң жол беруге болатын сандық немесе сапалық мәнiн белгiлейдi.
      2. Ветеринариялық нормативтер Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарына сәйкес жүргiзiлетiн зерттеулер негiзiнде белгiленедi.
      3. Ветеринариялық нормативтер iндеттердiң объективтi және негізделген эпизоотиялық мониторингін жүргiзу, ветеринариялық-санитариялық қолайлы жағдайға қол жеткiзуге арналған ветеринариялық iс-шаралардың көлемi мен сипатын жоспарлау, сондай-ақ жануарлар ауруларының пайда болу, таралу және оларды жою мүмкiндiктерiн болжау үшiн негiз болып табылады.
      4. Ветеринариялық нормативтерді уәкілетті орган бекітеді және ветеринария саласындағы қызметтi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар үшiн мiндеттi болып табылады.
      Ескерту. 29-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2006.12.06 № 209, 2009.07.24 № 190-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 17.01.2014 № 165-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      30-бап. Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді
               алып қою, жою, залалсыздандыру (зарарсыздандыру)
               және өңдеу

      1. Жануарлардың және адамның денсаулығына қауiп төндiретiн жануарлар, жануарлардан алынатын өнiм мен шикiзат, олардың қауiптілік дәрежесiне қарай, уәкілетті орган бекiткен тәртiппен мiндеттi түрде алып қоюға және жойылуға не алып қоймай, мiндеттi түрде залалсыздандырылуға (зарарсыздандырылуға) және өңделуге тиіс.
      2. Жануарлардың және адамның денсаулығына қауiп төндiретiн жануарларды, жануарлардан алынатын өнiм мен шикiзатты мiндеттi түрде алып қою және жою жүргiзiлетiн жануарлардың аса қауiптi ауруларының тiзбесiн уәкілетті орган бекiтедi.
      3. Жануарлардың және адамның денсаулығына қауiп төндiретiн жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты, ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөптiк қоспаларды алып қоймай-ақ, мiндеттi түрде залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және өңдеу жүргiзiлетiн жануарлар ауруларының тiзбесiн уәкілетті орган бекiтедi.
      4. Жеке және заңды тұлғалардың уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен және жағдайларда:
      1) жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қойылатын және жойылатын ауру жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың;
      2) жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қоймай залалсыздандырылған (зарарсыздандырылған) және қайта өңделген жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын өтеттіруге құқығы бар.
       Ескерту. 30-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.07.24 № 190-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 17.01.2014 № 165-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      31-бап. Азаматтардың денсаулығын жануарлар мен адамға
               ортақ аурулардан қорғау

      Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді ұстауды, өсiрудi, пайдалануды, өндiрудi, дайындауды (союды), сақтауды, өңдеудi, тасымалдау (орнын ауыстыру) мен өткiзудi жүзеге асыратын азаматтардың денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғау тәртiбiн денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен келiсе отырып, уәкілетті орган белгiлейдi.
       Ескерту. 31-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2009.07.24 № 190-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      32-бап. Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру
               және есептік нөмірлер беру

      1. Ауыл шаруашылығы жануарлары уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жануарлар ауруларының профилактикасы мен диагностикасы жөніндегі ветеринариялық дауалаудың жүзеге асырылуын бақылау және қадағалау мақсатында әрбір жануарға қадағалау жүргізуге мүмкіндік беретін міндетті сәйкестендіруге жатады.
      1-1. Процессингтік орталық:
      1) жеке нөмірлердің эмиссиясын;
      2) лазерлік станцияларды, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін бұйымдар (құралдар) мен атрибуттарды оларды өндірушілерді эмиссия жөніндегі дерекқорда тіркеуді;
      3) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін бұйымдар (құралдар) мен атрибуттардың Қазақстан Республикасының ветеринария туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігін айқындауды;
      4) жеке нөмірлердің эмиссиясы жөнінде дерекқор жүргізуді;
      4-1) мемлекеттік сатып алуды, оның нәтижелері бойынша өнім берушілермен өнім беру жөнінде шарт жасасуды, сондай-ақ тапсырыс берушілерге ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдарды (құралдарды) және атрибуттарды сақтау мен тасымалдау (жеткізу) жөніндегі қызметтерді қамтамасыз етуді, ұсынуды;
      5) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін бұйымдар (құралдар) мен атрибуттарды Қазақстан Республикасының ветеринария туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігін анықтау үшін оларды беру процесінде ішінара алуды;
      6) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған құралдардың (бұйымдардың) және атрибуттардың республикалық қорын қалыптастыруды;
      7) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру мониторингін жүзеге асырады.
      2. Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкестікті бақылау және қадағалау мақсатында есептік нөмірлер беруге жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілері, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдар жатады.
       Ескерту. 32-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.07.24 № 190-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), өзгерістер енгізілді - 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.01.12 № 540-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 17.01.2014 № 165-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

5-тарау. ВЕТЕРИНАРИЯ САЛАСЫНДАҒЫ ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУЛЕР ЖӘНЕ
ВЕТЕРИНАРИЯ САЛАСЫНДАҒЫ МАМАНДАРДЫ, ВЕТЕРИНАРИЯ САЛАСЫНДАҒЫ
КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТТІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРАТЫН ЖЕКЕ ЖӘНЕ ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРДЫ
ДАЯРЛАУ МЕН ОЛАРДЫҢ БIЛIКТIЛIГIН АРТТЫРУ ЖӨНIНДЕГI ҚЫЗМЕТ

      Ескерту. 5-тараудың тақырыбына өзгеріс енгізілді - ҚР 17.01.2014 № 165-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      33-бап. Ветеринария саласындағы ғылыми зерттеулер

      1. Жануарларды пайдалану рәсiмдерiн, сондай-ақ ветеринария саласындағы ғылыми зерттеулер жүргiзiлетiн үй-жайлар мен аумақтарды қоса алғанда, ветеринария саласындағы ғылыми зерттеулер Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарының талаптарына сай болуға тиiс.
      2. Ғылыми зерттеулер нәтижесiнде әзiрленген немесе жетiлдiрiлген ветеринариялық препараттардың және жемшөп қоспаларының ветеринариялық нормативтерге сәйкестiгiн анықтау мақсатымен олар байқаудан өткiзiлуге тиiс.
      3. Микроорганизмдердiң Қазақстан Республикасында бар, сондай-ақ ғылыми зерттеулер нәтижесiнде, жануарлар ауруларының диагностикасы кезiнде алынған штаммдары ветеринарияда пайдаланылатын сақтаулы микроорганизмдер штаммдарының Ұлттық коллекциясында сақталуға тиiс.
      Ескерту. 33-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 17.01.2014 № 165-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      34-бап. Ветеринария саласындағы мамандарды, ветеринария
               саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын
               жеке және заңды тұлғаларды даярлау мен олардың
               бiлiктiлiгiн арттыру

      Ветеринария саласындағы мамандарды, ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды даярлау мен олардың бiлiктiлiгiн арттыру жөнiндегi бағдарламалар мiндеттi түрде уәкiлеттi органмен келiсiлуге жатады.
      Ескерту. 34-бап жаңа редакцияда - ҚР 17.01.2014 № 165-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      34-1-бап. Әлеуметтік қолдау

      1. Ауылдық жерлерде жұмыс істейтін ветеринария саласындағы мамандарға, оның ішінде ветеринариялық пункттердің мамандарына әлеуметтік қолдаудың мынадай қосымша шаралары:
      1) жергілікті өкілді органдар айқындаған мөлшерде лауазымдық айлықақыға қосымша ақы;
      2) жергiлiктi өкiлдi органдар белгілеген мөлшерде бюджет қаражаты есебінен коммуналдық қызметтер мен отынға арналған шығыстарды өтеу;
      3) малы барларды жергілікті өкілді және атқарушы органдардың шешімі бойынша жемшөппен және мал жаюға және шөп шабуға арналған жер учаскелерімен қамтамасыз ету ұсынылады.
      2. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жеңілдіктерден басқа, ветеринария қызметкерлеріне жергілікті өкілді органдар жергілікті бюджет қаражаты есебінен қосымша жеңілдіктер белгілей алады.
      Ескерту. Заң 34-1-баппен толықтырылды - ҚР 2012.01.12 № 540-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгеріс енгізілді - ҚР 17.01.2014 № 165-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

6-тарау. ВЕТЕРИНАРИЯНЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ВЕТЕРИНАРИЯ САЛАСЫНДАҒЫ ЗАҢНАМАСЫН БҰЗҒАНЫ YШIН ЖАУАПТЫЛЫҚ

       Ескерту. 6-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 2009.07.24 № 190-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      35-бап. Ветеринарияны қаржыландыру көздерi

      1. Мыналарды қаржыландыру бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады:
      1) уәкілетті органды ұстауға арналған шығыстар;
      2) мемлекеттiк ветеринариялық мекемелердi ұстауға арналған шығыстар;
      3) ветеринария саласындағы қызметтi жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар бөлiмшелерiн ұстауға арналған шығыстар;
      3-1) осы Заңның 11-бабына сәйкес мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарға бекітіп берілген функцияларды орындауға арналған шығыстар;
      4) ветеринариялық бақылау бекеттерiнде көлiк құралдарын дезинфекциялауды және ветеринариялық препараттардың республикалық қорын сақтауды қоса алғанда, уәкілетті орган бекiткен тiзбе бойынша жануарлардың аса қауiптi ауруларының профилактикасы, диагностикасы және оларды жою, сондай-ақ жануарлардың энзоотиялық ауруларының профилактикасы мен диагностикасы;
      5) жануарлардың және адамның денсаулығына ерекше қауiп төндiретiн алып қойылған жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты жою;
      6) мыналардың:
      жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қойылатын және жойылатын ауру жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың;
      жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қоймай залалсыздандырылған (зарарсыздандырылған) және қайта өңделген жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын иелеріне өтеу;
      7) ветеринарияда пайдаланылатын сақтаулы микроорганизмдер штаммдарының Ұлттық коллекцияларын сақтауға арналған шығыстар.
      8) <*>
      9) ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiрудi жүргiзуге арналған бұйымдарды (құралдарды) және атрибуттарды, ветеринариялық паспортты сатып алуға арналған шығыстар.
      2. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгілеген тәртіппен мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілері иелерінің есебінен мыналар орындалады:
      1) ветеринариялық препараттарды, жемшөп қоспаларын байқаудан өткiзу, серияларын бақылау және оларға тiркеу сынағын жүргiзу;
      2) жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға есептік нөмірлер беру;
      3) ветеринариялық-санитариялық сараптама;
      4) дегельминтизация, дезинсекция, деразитация, дезинфекция (ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау бекеттерiндегi дезинфекцияны қоспағанда);
      5) уәкілетті орган бекiтетiн тiзбеге енгiзiлген жануарлардың аса қауiптi ауруларын және жануарлардың энзоотиялық ауруларын қоспағанда, инвазиялық ауруларды қоса алғанда, жануарлар ауруларын емдеу, олардың профилактикасы, диагностикасы және оларды жою;
      6) түсетін қаражатты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бюджет кірісі есебіне жатқыза отырып, ветеринариялық-санитариялық қорытындының, ветеринариялық сертификаттың бланкілерін, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруге арналған чиптерді беру;
      6-1) тиісті қаржы жылына арналған бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын, осы баптың 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген көлемінен тыс іс-шаралар өткізу (өтініш жасалған жағдайда);
      7) жануарларды карантиндеу кезінде диагностикалық зерттеулерді және ветеринариялық дауалауды жүргізу.
      Ескерту. 35-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.12.20 № 13 (2005.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2008.12.29 № 116-IV (2009.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2009.07.24 № 190-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2012.01.12 № 540-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 17.01.2014 № 165-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      36-бап. Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы
               заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық

      Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.
       Ескерту. 36-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.07.24 № 190-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      37-бап. Осы заңды қолданысқа енгiзу тәртiбi

      1. Осы Заң ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
      2. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Мал дәрiгерлiгi туралы" 1995 жылғы 25 шiлдедегi N 2376 заң күшi бар Жарлығының (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 14, 94-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., N 17-18, 225-құжат; N 24, 443-құжат; N 23, 931-құжат) күші жойылды деп танылсын.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады