Еңбекшіқазақ аудандық мәслихаттың 2012 жылғы 19-сәуірдегі № 6-2, 2012 жылғы 6-қыркүйектегі № 10-2 шешімдерінің күшін жою туралы

Жаңа

Алматы облысы Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатының 2015 жылғы 27 мамырдағы № 47-4 шешімі

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 7-бабына, Қазақстан Республикасының "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 21-1 бабына сәйкес, Еңбекшіқазақ аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Еңбекшіқазақ аудандық мәслихаттың келесі шешімдердің күші жойылды деп танылсын:
      1) 2012 жылғы 19-сәуірдегі "Еңбекшіқазақ ауданы бойынша ауылдық елді мекендерінде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандарына жиырма бес процент жоғары айлықақы мен тарифтік ставкалар белгілеу туралы" № 6-2 шешімі (2012 жылғы 22 мамырдағы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2-8-198 нөмірімен тіркелген, 2012 жылғы 8 маусымдағы № 24 "Еңбекшіқазақ" газетінде жарияланған);
      2) 2012 жылғы 6-қыркүйектегі "Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатының 2012 жылғы 19-сәуірдегі "Еңбекшіқазақ ауданы бойынша ауылдық елді мекендерінде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандарына жиырма бес процент жоғары айлықақы мен тарифтік ставкалар белгілеу туралы" № 6-2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" № 10-2 шешімі (2012 жылғы 10 қазандағы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2143 нөмірімен тіркелген, 2012 жылғы 2 қарашадағы № 45 "Еңбекшіқазақ" газетінде жарияланған).
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың заңдылықты сақтау және бюджет жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
      Аудандық мәслихаттың
      47-сессиясының төрайымы Г.Құраметова
      Аудандық мәслихат хатшысы Ә.Талқамбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады