"Тамақ дайындауға және шаруашылық-тұрмыстық қажеттілік үшін су жылытуға табиғи газды тұтыну мөлшері туралы" Жамбыл облысы әкімінің 2002 жылғы 24 желтоқсандағы №220 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Жамбыл облысының әкімі 2015 жылғы 23 қазандағы № 2 шешімі

       РҚАО-ның ескертпесі.
       Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
       "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңына сәйкес Жамбыл облысының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. "Тамақ дайындауға және шаруашылық-тұрмыстық қажеттілік үшін су жылытуға табиғи газды тұтыну мөлшері туралы" Жамбыл облысы әкімінің 2002 жылғы 24 желтоқсандағы №220 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде №851 болып тіркелген, 2003 жылғы 6 наурыздағы "Ақ Жол" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      2. "Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен және мерзімдерде осы шешімнің 1-тармағында көрсетілген нормативтiк құқықтық актінің күшi жойылды деп танылғаны жөнінде әдiлет органдарына және ресми жариялау көздеріне хабарлауды қамтамасыз етсін.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Б.Орынбековке жүктелсін.
      Облыс әкімі К. Көкрекбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады