Теміртау қаласы әкімінің 2015 жылғы 13 сәуірдегі № 3 "Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы" шешімінің күшін жою туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Теміртау қаласының әкімінің 2015 жылғы 18 мамырдағы № 4 шешімі

      Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы "Әкімшілік рәсімдер туралы" Заңының 8-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31, 37-баптарына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі "Азаматтық қорғаныс туралы" Заңына сәйкес Теміртау қаласының әкімі ШЕШТІ:
      1. Теміртау қаласы әкімінің 2015 жылғы 13 сәуірдегі № 3 "Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3156 болып тіркелген, 2015 жылғы 24 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 16 "Құрыш қала kz" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы шешімнің орындалуын өзім бақылаймын.
      Қала әкімінің
      міндетін атқарушы А. Есмұрзаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады