Осакаров ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Осакаров ауданының әкімдігінің 2015 жылғы 10 тамыздағы № 41/01 қаулысы

      Қазақстан Республикасының 1998 жылдың 24 наурыздағы № 213-І "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 40 бабы 2 тармағының 4 тармақшасы, Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 23 қаңтардағы № 148-ІІ "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңының 37 бабы 8 тармағына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Осакаров ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің аппарат басшысы В.В.Абилсеитоваға жүктелсін.
 

      Аудан әкімі

Н. Әбілдин

   


Аудан әкімдігінің қаулысына
қосымша
2015 жылғы 10 тамыздағы
№ 41/01

Осакаров ауданы әкімдігінің кейбір күші жойылған қаулыларының тізімі

      1. 2015 жылғы 12 қаңтардағы "Б" корпусындағы аудандық бюджеттен қаржыландыратын мемлекеттік органдарының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" № 03/01 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2960 болып тіркелген, 2015 жылғы 21 ақпандағы № 8 (7440) "Сельский труженик" аудандық газетінде жарияланған);
      2. 2015 жылғы 13 сәуірдегі "Аудан әкімдігінің 2015 жылғы 12 қаңтардағы "Б" корпусындағы аудандық бюджеттен қаржыландыратын мемлекеттік органдарының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" № 03/01 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" № 22/02 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3199 болып тіркелген, "Сельский труженик" аудандық газетінде 2015 жылдың 30 мамырдағы № 22 (7454) жарияланған).
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады