"Шымкент қаласы әкімі аппаратының, аудан әкімі аппараттары және қалалық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілерінің қызмет этикасының қағидаларын бекіту туралы" Шымкент қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 26 қарашадағы № 1028 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 632 қаулысы

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37 бабының 8-тармағына және «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-1 бабының 2-тармағына сәйкес, Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Шымкент қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 26 қарашадағы № 1028 «Шымкент қаласы әкімі аппаратының, аудан әкімі аппараттары және қалалық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілерінің қызмет этикасының қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2461 тіркелген, 2014 жылы 17 қаңтарда «Шымкент келбеті» газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау қала әкімінің аппарат басшысы Р.Аюповқа жүктелсін.

      Қала әкімі                                 Ғ.Әбдірахымов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады