"Тіркелген салық ставкалары туралы" Кентау қалалық мәслихатының 2009 жылғы 31 наурыздағы № 136 шешімінің күшін жою туралы

Жаңа

Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қалалық мәслихатының 2015 жылғы 16 шілдедегі № 245 шешімі

      Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару» Заңының 7-бабының 5-тармағына және «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-1-бабының 2-тармағына сәйкес, Кентау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      «Тіркелген салық ставкалары туралы» Кентау қалалық мәслихатының 2009 жылғы 31 наурыздағы № 136 шешімінің күші жойылсын (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылғы 29 сәуірде № 14-3-7 болып тіркелген, 2009 жылы 23 мамыр № 22 «Кентау Шұғыласы» газетінде жарияланған).

      Қалалық мәслихатының
      сессия төрағасы                            М. Күнпеисов

      Қалалық мәслихатының
      хатшысы                                    К. Сырлыбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады