Алғабас ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 29 қаңтардағы № 2 шешімнің күшін жою туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Алғабас ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 12 наурыздағы № 3 шешімі

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының "Әкімшілік рәсімдер туралы" Заңының 8 бабын, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35, 37 баптарын басшылыққа алып, ауыл округі әкімінің 2015 жылғы 29 қаңтардағы нормативтік сипатта қабылдаған № 2 шешімінің күшін жойып, карантин іс-шараларын тоқтату туралы Ақжайық ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторының 2015 жылғы 10 наурыздағы № 90 ұсынысына сәйкес Алғабас ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Ақжайық ауданы, Алғабас ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 29 қаңтардағы № 2 "Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Алғабас ауылдық округі аумағында карантин белгілеу туралы" нормативтік-құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде 09.02.2015 жылғы № 3810 санымен тіркелген, аудандық "Жайық таңы" газетінің 19.02.2015 жылғы № 8 (7075) санында жарияланған шешімнің күші жойылды деп танылсын.
      2. Алынған шешімнің көшірмесі БҚО Әділет Департаментіне және бұқаралық ақпараттар құралдарында жариялануын өзіме қалдырамын.
      Алғабас ауылдық округі әкімі Е. Есбулсинов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады