Әйтеке би ауданының әкімдігінің 2016 жылғы 15 ақпандағы № 22 қаулысының күшін жою туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданының әкімдігінің 2016 жылғы 29 маусымдағы № 122 қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы" Заңының 31, 37 баптарына сәйкес, Әйтеке би ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Әйтеке би ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 15 ақпандағы № 22 "Әйтеке би ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесін құру және ережесін бекіту туралы" қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4814 болып тіркелген, "Жаңалық жаршысы" газетінде 2016 жылғы 8 сәуірде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Т.Рахметовке жүктелсін.
      Аудан әкімі: А.Бердалин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады