Нормативтік құқықтық актінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Байғанин аудандық әкімдігінің 2016 жылғы 15 қаңтардағы № 009 қаулысы

      Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Заңының 21-1 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңының 31, 37 баптарына сәйкес, Байғанин аудандық әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Байғанин аудандық әкiмдiгiнiң 2015 жылғы 03 маусымдағы № 125 "Азаматтық қызметшi болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесiн айқындау туралы" қаулысының (нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 4399 болып тiркелген, 2015 жылдың 15 шілдеде аудандық "Жем Сағыз " газетiнде және 2015 жылдың 14 шілдесінде "Әдiлет" АҚЖ-де жарияланған) күшi жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмi аппаратының басшысы Ж. Абитовке жүктелсiн.
      3. Осы қаулы қол қойылған кезiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
      Аудан әкімі М. Аққағазов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады